
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Кемшілік кімде?
Хазіреті Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен:
- Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын,- деп өтініпті.
Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан:- Ұлы ұстаз, сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар,- депті.
Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте кішіпейіл ұстаз шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпастан сол кемшілігін түзетпек ниетпен:
- Иә, айта ғой,-дейді жай ғана,- ол қандай кемшілігім?
Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда:
- Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт болуы,- дейді.
Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты. Хазіреті Ахмет Рафи да көз жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған күйі:- Мен-сендердің қызметшілерің ғанамын, мен бәріңнен де төменмін,- деген екен.
Иә, мұншалықты кішіпейілділікке ие болу оңай емес.
Шіркін, адамдар өзіне бағыныштыларға қараған сайын «Бұлар маған бағынышты» деген ойдан аулақ болса...
Нағыз қажы
Табииіндік парасатты ғалым, сопы әрі хадисші Абдуллаһ ибн Мүбарак қажылық бітіп Қағбаның түбінде отырғанда көзі ілініп кетіпті. Сол сол-ақ екен Аллаһ Тағаланың әмірімен көктен екі періште түсіпті. Біреуі екіншісіне:
- Осы жылы 600 мың кісі қажылық жасады. Алайда бұлардың бәрінің жасаған қажылығы Шам қаласындағы Али ибн Муаффақ есімді етікшінің құрметі үшін ғана қабыл болды. Ал, ол кісі болса қанша жыл талаптанғанмен бәрібір қажылық міндетін өтей алмаған болатын. Бірақ, бір ғана ісінің Жаратқанға ұнағаны соншалық, осыншама адамның құлшылығы соның құрметі үшін ғана қабыл болды,- дейді.
Абдуллаһ ибн Мүбарак ұйқылы- ояу тұра сала таңданып таңдай қаққан күйі бірден керуенге ілесіп Шамға тартады. Шамға келе сала жаңағы кісіні тауып алып жабыса кетеді:- Айналайын, қажылыққа бара алмапсың, сонда сен не істедің?- деп сұрайды.
Али ибн Муаффақ өзін Абдуллаһ ибн Мүбарак сынды жұртқа танымал кісінің іздеп келгенін көріп өз көзіне өзі сенбеген күйі есінен танарлық халге түседі. Есін жиғанда тілі сөйлеуге келіп өз жайын былай деп баяндайды:
- Отыз жыл қажылыққа барсам деп армандадым. Елдің аяқ киімін жамап 300 дирхәм ақша жинадым. Қажылыққа жол тартпақшы болдым. Енді жүрмек болғанымда, етке жерік аяғы ауыр әйелім: «Көршінің үйінен ет иісі шығады. Маған сол еттен бір жапырақ кесіп әкеліп берші?»- деп өтінді. Көңілін қимадым. Көршіге бардым. Мән-жайды түсіндірдім. Көршім болса еңкілдеп жылаған күйі: «Жеті күн болды. Балаларым аш. Тіске басар ештеңе жоқ. Жолдың шетінде өліп жатқан бір өлексе малды көрдім. Соның қоң етінен кесіп алдым. Сол етті қазанға салып қайнатып, балаларды жұбатып отырған жайым бар. Егер адал ештеңе таппасам осы арам еттен бермеске басқа лажым жоқ. Қаласаңыз сізге де берейін. Бірақ аштықтан өліп бара жатқандарға ғана болмаса, бұл сіздерге харам ғой»,- деген еді.
Али ибн Муаффақ сөзін жалғастырды:- Бұны естігенде жүрегімді біреу тіліп жібергендей қатты жаным ашыды. Әрең жинаған 300 дирхәмымды қолма- қол соған ұстаттым да «Я, Аллаһ Тағала! Өтей алмасам да менің қажылық ниетімді қабыл ала гөр!» деп дұға еттім,- депті.
Бұны естіген Абдуллаһ ибн Мүбарак:
- Аллаһ Тағала түсімде маған рас білдірген екен,- деген екен.
Бұл оқиға арқылы мейірім- шуағы мол Аллаһ Тағала бізге үлкен сабақ ұқтырғандай. Адам тек құлшылық қылып қана қоймай, айналасындағыларға жанашырлық пен мейірім таныта білсе, Жаратқан да оған ерекше бір ықылас- пейілмен қарап, сауабын да еселеп бермек.