
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Әулие мен мәжуси
Әулие Жүнәйд и Бағдади қыс күні мәжуси (отқа табынушы) бір адамның жанашырлықпен құстарға жем шашып жүргенін байқайды.
Әулие мен мәжусидің арасында мынандай әңгіме өрбиді:
- Сен құстарға жақсылық жасап жүрмін деп өзіңді алдап жүрсің. Аллаһ Тағала әуелде иманға келуді парыз қылған. Ал жасалған басқа жақсылықтар болса екінші кезекте қалып қоятындықтан иманның орнын ешқашан да толтыра алмайды. Иманға келмей тұрып істеген сенің бұл жақсылығыңды Аллаһ Тағала да қабыл алмайды.
- Мен де білем Аллаһ Тағаланың қабыл алмайтынын. Бірақ Аллаһ Тағала менің бұл жақсылығымды көреді, біледі, ескереді емес пе?
- Әрине, білетіндігі де, көретіндігі де, ескеретіндігі де шындық.
- Олай болса, соның өзі маған жетеді,- дейді де мәжуси өз жолымен кете барады.
Арада біраз уақыт өтеді. Хазіреті Жүнәйд и Бағдади қажылығын өтемек ниетімен Қағбаны тауап етіп жүріп, қос қолын көкке көтеріп егіле жылап, Аллаһқа жалбарынып жатқан бір адамды көреді. Әлгі адамға үңіле қарағаны сол екен оның қыс күні құстарға жем шашып жүрген мәжуси болғандығын жазбай таниды. Мәжуси де оны танып:
- Аллаһтың көрді әрі білді дегені - міне осы,- дейді де сол жерде тілін кәлимаға келтіріп жан тәсілім етеді.
Сол сәтте Аллаһ Тағала тарапынан Жүнәйд и Бағдадиға мынадай дауыс естіледі:
- Әй, Жүнәйд! Сен менің үйімді тауап етуді қалап едің, оның орындалды. Ал мәжуси Мені қалап келіп еді Маған қауышты!
«Не тілесең де жүрегіңнен табасың» деген осы-ау!
Байлыққа қол жеткізген адалдық
Бір кісі Қағбаның қасында отырып дауыстаған күйі мына бір жол дұғаны ғана қайталай берсе керек:
«- Уа, турашылдарға қол ұшын беріп, харамнан сақтанғанды сақтаушы Аллаһ Тағала!...»
Бұған таңғалған қасындағылар «Басқа дұға білмейсің бе? Бұл қалай?» деп оның мәнін сұрапты. Сонда ол өз басынан өткен мына бір ғибратты жайтты баяндап берген екен:
...Бір күні Қағбаны тауап етіп жүріп аяқ астынан бір кесе алтын тауып алдым. Санасам дәл мың алтын екен. Жүрегім өрекпіп бірден иманым мен шайтаным арпалысқа түсіп айқаса кетті. Шайтаным «Дереу жымқырып ал, әйтпесе, мың алтынды саған кім береді?! Ештеңеден қыжалат көрмейсің» десе, иманым «Иесіне қайтармасаң бұл адалдыққа жатпайды. Одан да иесін тап та, бер» деді. Мен осылай екіұшты ойда тұрғанымда «Осы маңда бір кесе алтынымды жоғалтып алдым. Тауып алған адамға сүйінші ретінде отыз алтын беремін» деп жоғын іздеп жүрген алтынның иесін көрдім. Мың харам алтыннан гөрі отыз адал алтын артық қой деген оймен қолымдағы алтынды иесіне қайтардым. Ол маған айтқанындай сүйіншіге отыз алтын берді. Ақшамды қолыма ұстап базар аралап келе жатқанымда тұп-тура отыз алтынға сатылмақ боп тұрған бір араб құлды көріп жаным ашып сатып алдым.
Бір күні бұл құлдың қасына араб біреулер келіп өзара жасырын күбірлесіп сөйлесе бастады. Құлдан олардың не айтып жатқандықтарын сұрадым. Құл да еш жасырмастан:
- Мен Марокка сұлтанының баласы едім. Әкем Эфиопиялық бір патшамен соғыста жеңіліске ұшырағандықтан мен соларға тұтқынға түстім. Олар мені осы жаққа әкеліп құл есебінде саған сатты. Енді, міне, әкем мені іздетіп жатқан көрінеді. Сатып болса да тауып әкелсін деп бұлардың қолдарына елу мың алтын ұстатыпты. Сен маған көп жақсылық жасадың. Саған қарыздармын. Сондықтан мені сатсаң елу мың алтыннан кемге сатушы болма,- деді.
Айтқанындай әлгі құлды елу мың алтынға саттым. Байығандықтан Бағдатқа барып дүкен ашып, әртүрлі заттар сатумен айналыса бастадым. Бір күні бір танысым келіп «Атақты бір саудагер досым қайтыс болды. Үріп ауызға салғандай әдемі қызы жетім боп қалды. Қаласаң сол қызбен таныстырып екеуіңді үйлендірейін» деді. Мен келістім. Екеуміз үйлендік. Қыздың артынан келген төсек-орынға көз салғанымда табақ атаулы алтынға лық толы болатын. Бәрінің бүйірінде «Мың алтын» деген жазуы бар екен. Бірақ бір табақтың ғана бүйіріндегі «Тоғыз жүз жетпіс алтын» деген жазуға көзім түсті. Оның мәнісін сұрағанымда қыз: - Әкем Қағбаға тауап етіп жүріп мың алтыны бар бір кесесін жоғалтып алған екен. Соны тауып берген жаны жомарт кісіге сүйінші ретінде отыз алтынын ұстатыпты. Бұл табақтағы алтынның тоғыз жүз жетпіс болып тұрған кемдігі сол,- деп түсіндірген еді. Бұны естіген сәтте мен қатты толқып Аллаһ Тағалаға көп шүкіршілік айттым. Өзімнің басымнан өткен адалдық турасындағы оқиғаны оған да баяндағанымда екеуміздің қуанышымызда тіптен шек болмаған еді.