
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Әулиенің кішіпейілділігі
Үлкен әулиелердің бірі хазіреті Ибраһим Әдхам әңгімелеуде:
Әкем Хорасан Белһ басшыларының бірі болатын. Бір күні атқа мініп аң аулауға шықтым. Алдымнан шыққан түлкі ме, қоян ба, әйтеуір, бір аңды қуып бара жатқанмын. Бір уақытта ту сыртымнан: «Әй, Ибраһим! Саған әмір етілген іс бұл емес. Сен бұндай тірлік үшін жаратылмадың!» деген дауыс естілді. Жан- жағыма қанша қарағаныммен ешкімді көре алмадым. Кейіннен дәл осы дауысты алыстан және жақыннан екі рет тағы естідім. Сол сәт ойландым да іштей былай деп түйдім: «Бұл маған білдірген аян болар, мүмкін Аллаһ Тағаланың ескертпесі шығар. Не дегенмен бұдан былай бұл теріс жүрісті қойып, Аллаһтың айтқанымен ғана жүрейін.»
Атыма мініп әкемнің малшыларының біреуіне келдім. Өзім сол малшының киімін киіп, малшыға өзімнің бағалы киімдерімді кигіздім. Күн- түн демей жүріп, тау- тасты басып өтіп Иракқа келдім. Иракта бірталай күн қара табан жұмысшы болдым. Алайда астың адалын ғана ойлағандықтан ол жерде де әбден мазам кетті.
Кейбір есті кісілер табысты адалымен ғана табам десең Шам мен Тарсус қалалары жаққа бар деген ақыл айтты. Мен сол жаққа тарттым. Тарсуста көп күн бойы біреудің бақшасын күзеттім.
Бір күні бақша қожайынының достары келді. Қожайын маған:- Ей, бақша күзетшісі! Бар да, анардың ең жақсысынан біраз алып келші?- деді. Мен барып біраз анар әкелдім. Әлгі кісі анардың дәмін көргенде қышқыл екенін байқады. Сөйтті де маған қарап ожырайған күйі:- Сен осынша уақыт бақшаға қарауыл болып жүрсің. Бақшадағы жеміс- жидектерден, анарлардан жейсің. Сонда осылардың қайсысының тәтті, қайсысының қышқыл екендігін әлі күнге ажырата алмағаның ба?- деді. Мен оған: -Аллаһ атымен ант етейін! Мен жемістеріңізден бір түйір де жеген емеспін. Тәттісі мен қышқылын да бір-бірінен ажырата алмаймын,-дедім. Ол маған таңғалған күйі:- Ой, тамаша! Бұндай да болады екен-ау? Сен Ибраһим Әдхам болсаң да бұдан артық бола алмассың,- деген еді.
Бұл оқиға ертесі күні- ақ халық арасына тарап кетті. Таңғалған кісілер топ-тобымен бақшаға ағыла бастады. Келген жұрттың көптігін көріп, мен бір жерге барып тығылып қалдым. Бәрі бақшаны аралап мені іздей бастағанда ақырын ғана білдірмей араларынан сытылып шықтым да қашып кеттім29...
Пілден құтылған әулие
Аллаһқа бір табан жақын жүрген құлдардың бірі Абдуллаһ Қаланиси бір жолы кемемен жолаушылап бара жатып қатты бір дауылға тап болған еді. «Кемедегінің жаны бір» демекші, жолаушылардың бәрі естері шыға осыдан аман-есен құтылар болса бір-бір мал атап соятындықтарын айтып Құдайға уәде берісті. Олар өз кезегінде Абдуллаһ Қаланисидың үндемей қалғанын жөн көрмей оған да бір мал құрбандық шалғанның жөн болатындығын білдірісті. Абдуллаһ Қаланиси оларға: - Мен бұл өмірмен қатысымды біржолата үзгенмін,- деп қанша түсіндірмек болса да, олар қояр да қоймаған соң:- Мейлі, ендеше мен осыдан аман-есен жағаға шығар болсам, піл етін тегі ауызға алмайын,- деп әлгілер үшін түсініксіздеу өз уәдесін айтты. Абдуллаһтың бұндай құрбандығын естіген жанның ешқайсысы да түсінбеген болатын. «Піл етін жемеймін деген несі? Елдің бәрі жанымен қайғы болып құрбандыққа мал атап жатқанда оның бұлай деп Құдайға уәде еткеніне жол болсын?! Сірә, ақыл-есі кемістеу болар» десіп үндемеген болатын. Олардың өзара күбірлесін өзін ақыл-есі кеміске жорығандарына іштей ренжіген ол жай ғана:
-Дәл қазір менің ойыма келгені осы болды. Сондықтан да Аллаһқа осылай деп уәде бердім,- дегеннен артық ештеңе айтпаған болатын.
Аллаһ Тағала оларды әлгі дауылдан аман-есен құтқарып, жағаға шығарды. Алайда кемедегі бүкіл жолаушылар дін аман жағаға шыққанымен бірнеше күн бойы тіске басар ештеңе таппай қатты қиналды. Аштықтан қатты бұратылған бір сәтте алдарынан бір пілдің баласы шыға келген еді. Бәрі бас салып, оны бірден өлтіріп етін пісіріп жей бастады. Абдуллаһ ибн Қаланиси болса кемеде берген уәдесіне беріктік танытып, піл етіне еш қол созбады.
Қасындағылар:
- Аштан өлмес үшін піл етін лажсыздан жеп отырған жайымыз бар. Кел сен де же!- десті.
Алайда Абдуллаһ Қаланси олардың сөзін тыңдамады. Қанша аш болса да піл етін жемеді.
Сәлден кейін-ақ пілдің етін жегендердің бәрі тегіс ұйықтап кетті. Артынша пілдің өзі келді. Баласының сүйектерін көрген кезде ұйықтап жатқандардың бәрін алдымен иіскеп көрді. Сөйтті де баласының исі шыққандардың бәрін тегіс таптап өлтірді. Сөйтті де Абдуллаһ Қаланисиге келді. Оның бойынан иіс таппаған соң сыртын тосып арқама мін дегендей қимыл көрсетті. Абдуллаһ барып пілге мінді. Піл оны белгісіз бір жер апарып түсірді.
Абдуллах Қаланиси таң ата бір елге жолықты, олар оны барынша қонақ қылып күтті. Осылайша әулие кісі елден ерек Құдайға берген уәдесімен әрі сол уәдесінде табанды тұра алғанымен бір ажалдан аман қалған болатын.
«Судың да сұрауы бар» дегенді әркез ұмытпаған абзал.