Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Уәдеге беріктік

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен қараған. Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша асығатын.

Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл ерте барған Пайғамбарымыз (с.а.с.) өткен-кеткеннен уақыт сұрап досын күтіп тұрды. Өкінішке орай досы көп кешікті. Қас қарайғанша күтті, келмеді...

...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға соққан досы өзін уәделескен жерде әлі күтіп тұрған Пайғамбарымызды (с.а.с.) көріп қатты таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кеткен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да, ұмытып кеткен болатын. Ал Пайғамбарымыз болса оны екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп тұр еді. Досы өзінің қай іске болсын бей-жай қарайтын салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз ісіне барынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы анық көз жеткізген еді.

Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз Мұхаммед (а.с.а.) жай ғана: - Мені неге күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой,- дегеннен басқа ештеңе айтпаған болатын...

Бұл әңгіменің астарынан Пайғамбарымыздың бір ғана сөзге беріктігімен үлкен өнеге көрсетіп тұрғанын көреміз. «Уәде-Құдай сөзі» деп халқымыз да бекер айтпаған ғой.

Тас сараң

Жабир (р.а.) әңгімелеуде:

Пайғамбарымыз Расулаллаһқа (с.а.с.) бір кісі келіп:

- Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған деген жаманшылығын тыяр емес,- деді.

Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып:

- Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат,- деп сұрады.

Әлгі кісі бірден:- Болмайды,- деп жауап берді.

- Онда маған сыйлашы, - деп өтінді.

Әлгі кісі тағы да:

- Болмайды,- деді.

- Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, - деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да әлгі кісі сазарған қалпы:

- Болмайды,- деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейіген күйі:

- Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін,- деген еді тұнжырап1..

«Нағыз сараң өзінен де аяйды» деген нақыл бекер ме?!

Кедейдің кемеңгерлігі

Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) бір топ кісілер қаумалай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отырған болатын. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау көзімен бір шолып, бостау тұрған бір орынға жайғаса кетті. Алайда бір қызығы- ол тұс бай біреу отырған жер болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен қатар отыруға намыстанған әлгі бай қымбат шапанының етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ барып басқа орынға отырды. Оның бұл қылығын жақтырмаған Пайғамбарымыз (с.а.с.)і:

  • Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың ба?- деді байға қарап.

Ол болса:

  • Жоқ,- деді.

Пайғамбарымыз тағы да:

  • Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба?- деді.

Ол болса:

  • Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ,- деп ақталғансыды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

  • Онда неге аулағырақ барып отырдың?- деп сұрағанда, ол өзінің үлкен қателік жасағанын аңғарып:

  • Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындаймын. Осы қателігімді жуып-шаюды ниет етіп, бар байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты алып қалған шығар. Мені кешірсін,- деп жаңағы кедей мұсылманнан кешірім сұрамақ болды.

Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден:

  • Я, Расулаллаһ! Маған оның байлығы керек емес,- деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен екендігін сұрағанда, ол:

  • Өйткені мен де байлықтың буына мастанып, мына отырған бай секілді күндердің бір күні жағдайы өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне кірбің түсіріп алам ба, деп қорқамын,- деп, өзінің нағыз мұсылман екендігіне жұртты тәнті ете мағыналы жауап қайырған екен2.

Сөз бен іс

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады.

Біреуі:- Қойды мен сояйын,- деді.

Екіншісі:- Терісін мен сыпырайын,- деді.

Үшіншісі:- Ет пісіру менің мойнымда болсын,- деді.

Сол кезде Пайғамбарымыз да:- Шөлден отын жинауға мен барайын,- деген болатын. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп:- Уа, Аллаһтың құрметті Елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз- ақ бәрін қуана-қуана істейміз,- десті.

Сонда Пайғамбарымыз: - Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алайда Аллаһ Тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос- жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды,- деп жауап берген еді.

Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді...

Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым бір көрінісі.