
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Шайтан мен мақтан
Қызметші болып көрінген шайтан жиырма жылдай діндар әулие хазіреті Жүнәйді Бағдадидың қасында жүріпті. Алайда қанша тырысқанымен Құдайдан қатты қорыққан тақуа әрі әулие құлдың құлағына сыбырлап арам ойын іске асыра алмаса керек. Дымы құрып шарасыз кейіпке түскен ол бір күні:
- Әй, ұстаз! Жоқ, әлде, сіз менің кім екенімді білесіз бе?- деп сұрапты.
Хазіреті Жүнәйді:
- Сен- лағынет атқыр Ібіліссің. Мен сені алғашқы күні-ақ танығанмын,- деп жауап беріпті.
Шайтан:
- Уа, ақиқат сұлтаны! Дәл сіздей ұлы, биік дәрежеге қол жеткізген ешкімді көрген емеспін. Жиырма жыл көз алдыңызда жүріп сізге ешбір қалауымды істеткізе алмадым,-депті.
Ашуға мінген рухани алып сонда:
- Жоғал, кәне, көзіме көрінбей!- деп айғайға басыпты,- Ендігі ойың- қолтығыма су бүркіп көтере мақтау арқылы мені құртпақсың ғой! Жиырма жыл істей алмағаныңды жиырма секундта істеймін деп ойлап па ең?! Кет! Қараңды батыр!
Адамның ең бір осал тұсы да осы- мақтан. Көкке көтере өтіріктен мақтағаннан небір надандар өздерін ғалым сезініп, көпірген құрғақ сөздің жетегімен тура жолдан тайып, көрсоқырлыққа салынған. «Мақтан-мақтамен бауыздағанмен тең» деген сөзді де ұмытпаған жөн.
Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастарымен жолда кетіп бара жатып елге танымал жоғарғы шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып-кернейлетіп кетіп бара жатса керек.
Хасан Басри жол ортасында тұрып аз-кем жөн сұрасқаннан кейін балаға қарап: - Ей, бай-манаптың баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің жүрегі дауалай қоймас. Саған бір- екі ауыз сөз сатайын, соған келісесің бе?- депті.
Төре баласы:- Мейлі, алайын, қаншаға сатпақсыз?- депті. Хасан Басри екі сөзін екі күміске бағалайтындығын айтыпты да:- Өзіңнің жеке басыңда үйің бар ма?- деп сұрапты. Бала:- Иә, бар,- деп жауап беріпті. Хасан Басри:
- Мирас қалып па еді, әлде, өзің салғыздың ба?- деп қайта сұрапты. Бала:- Өзім салғыздым,- деп жауап беріпті. Хасан Басри:- Қанша уақытта салғыздың?- деп сұрапты. Бала:- Оған уақыт көп кетті,- депті. Хасан Басри:- Күш- қуатың бола тұра неге тезірек салғызбадың?- деп сұрапты. Бала:- Үйдің ғимаратының ауыр ағаштары мен тастарын тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға аз- аздап тасытып, көп жүк артқызбадым,- деп жауап беріпті. Хасан Басри бұл жолы:- Ей, елге сыйлы басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда неге өз-өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап жүрсің? Одан да өзіңе жаның ашыса шы?!- депті.
Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан атынан түсіп Хасан Басри хазіреттің қолын алыпты. Сөйтіпті де сабырсыздана:- Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма- қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз,- депті жалынып.
Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып:- Қайда бара жатыр едің?- деп сұрапты. Бала:- Мемлекет басшысына барып жауапты қызмет алмақ едім,- деп жауап беріпті. Хасан Басри:- Қарашы, мемлекет басшысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп, үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемлекет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына барғанда ұялып жерге қарамас үшін. Алайда олар да жұмыр басты пенде. Сені мен менен артықшылығы жоқ. Ал енді сенен сұрайын, о дүниеге барғаныңда осыншама күналарыңмен, осыншама кінәларыңмен пайғамбарлар мен небір әулиелердің жанында Аллаһ Тағаланың алдына шығып есеп беруге ұялмайсың ба?..
Әулиенің сөзі сүйегінен өткен төре баласы ат тізгінін бірден қызметшісіне ұстатып өзі бұдан былайғы өмірін бұ дүниелік өткінші ләззаттарға алданбай, әулиенің етегінен ұстап тақуалық жолмен өткізуге табан астында уәде берген екен.
Ұлы Жаратушы бәрімізді де айтылған ақиқатқа мойынсұнатын жақсылық сүйгіш иманды құлдарынан қылғай! Әумин!