Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Имам ағзамның маскүнем көршісі

Хазіреті Имам ағзамға бір жас жігіт көрші болып тұратын.

Жас жігіт күн сайын үйіне арақ ішіп келетіндіктен бейбастық дауыстардан имамның мазасы қашатын. Алайда имам қанша мазасызданса да шыдамдылық жасап, ешкімге шағымданып көрмеген еді.

Бір күні басқа біреулер шағымданса керек, әлгі жігіт абақтыға түсіп қалады.

Ертесі күні жас жігіттің күнделікті даусы естілмегенге имам Әбу Ханифа таңғалып:

- Көрші жақтан дауыстар естілмей қалды ғой. Жайшылық па?-деп сұрағанда:

- Ой, ол маскүнемді әкім абақтыға жапқызыпты,- деген жайсыз жауапты естиді.

Сол сәтте-ақ имам бірден әкімнің сарайына тартты. Имамның шәкірттері болса, ұстазымыз маскүнем көршісін абақтыға жауып құлаққа тыныштық бергені үшін сірә әкімге рақмет айтар деп күткен болатын.

Елге қадірлі үлкен имамның өзін іздеп келгенін көргенде әкім де жік-жапар болып ізет көрсетіп:

- Иә, қандай бұйымтаймен келдіңіз?- деп сұрады.

Имам болса бірден абақтыға қаматып тастаған маскүнем көршісін шығаруын өтінеді.

Әкім:

- Ойбай-ау, соған бола өзіңіз келмей-ақ, хабар айтсаңыз да бірден орындар едік қой, несіне сонша әуре болдыңыз?- деді.

Сөйтті де қызметкерлеріне айтып абақтыда жатқан жігітті дереу бостандыққа шығартты.

Жігіт имаммен кездескенде ұяттан қызарып кетті. Өйткені үйіне талай рет түн ортасында келіп оның тынышын алып, мазалаған кездері көп еді.

Әбу Ханифа болса:

- Көрдің бе, біз сені ұмытпаймыз,- деп үлкен ілтипат көрсетті.

Жігіт көп уақыт өтпей-ақ тәубаға келіп, имамның шәкірттерінің қатарына қосылды...

Иә, олар кінәсіне бола ешкімді де өзегіне теуіп, ешкімді де шеттетпейтін. Тек жамандыққа салынғандықтары үшін ғана оларға жанашырлықпен қарап, қолдан келгенше қол ұшын беруге тырысатын.

Әулие болу оңай ма?

Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойында тақуалығы мен қоса әулиелігі де бар екен. Олардың біреуі «Мынадай заманда күнаға белшеден батқан қалада өмір сүргенше күнә атаулыдан ада далалы жерге барып өмір сүргенім артық» деп тауға кетіп, мал жайып сонда өмір сүре бастапты. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар харам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын да уақтымен жасапты.

Екіншісі болса, қаланың қақ ортасынан етік жамайтын дүңгіршек ашып, етікшілікпен айналыса бастапты.

Бір күні таудағы інісі ағасының хал- жағдайын біліп қайтпақ болып қалаға келіпті. Әрине, бір торсық қойдың сүтінен ала келуді де ұмытпапты.

Сұрай-сұрай қаладағы ағасының жұмыс орнын да тауыпты. Торсықтағы сүтін қабырғаға іле салып, екеуара әңгімеге кірісіпті. Дәл сол мезет бір әйел келіп етігін жөндетпекке келіпті. Әйел етігін шешкенде, ашық балтыры көрініп қалады. Ағасы болса ештеңеге де мән берместен аяқкиімнің жөндеуге келетінін айтып, іске кірісіп кетіпті. Әйел аяқкиімін шешкен күйі біраз отырып, жұмысы біткен соң өз жөнімен кете барыпты.

Тауда жүргенде өңі түгіл түсіне де кірмейтін бұндай нәрсені көргенде қонақ боп келген інісінің ойы бұзыла бастаса керек. Дәл сол мезет оның әкелген дорбадағы сүті де тамшылап қоя беріпті. Бұның бәрін сезіп- біліп отырған ағасы сонда інісіне сынай қараған күйі сөз бастапты:- Елден қашып, тау басында әулиелік қуу- әрине, оңай іс. Алайда қайнаған халықтың тап ортасында отырып өзіңді күнә атаулыдан қорғай білу- ол үлкен сын. Міне, гәптің бәрі- осында. Екеуінің айырмашылығын енді ұққан боларсың?

Бірақ інісі бұған илана қоймастан өзіне қарсы дау айтыпты:- Бәлкім, сен күналарды сезінуден қалған шығарсың?

- Егер мен күнаны сезінуден қалып, бұзылған болсам онда сен қара,- депті де ағасы орнынан тұрған күйі әлі тамшылап тұрған дорбадағы сүттің тесігін саусағымен сәл ғана сипағанда сүт тамшылауын сап тыйған екен.

Сонда ғана ағасының айтқанын сөзсіз мойындаған інісі:

- Айтқаныңыздың бәрі рас,- депті,- нағыз әулиелік- тауға қашып өзіңді харам мен күналардан қорғау емес, нағыз әулиелік- өзіңіз айтқандай қайнаған халықтың арасында жүріп соны ұстана білуде екен...

Ал сіз қалай ойлайсыз көзі қарақты оқырман? Тауға кеткен дұрыс па, жоқ әлде, қалада қалған дұрыс па?..