
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Алтынға баланған ақырет
Зулқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып жасағына:
- Аяқтарыңа тиген нәрселерді жинаңдар!- деп бұйырады.
Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір тобы:
- Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір уағында аяқ астындағы тастарды жинап өзімізге жүк қып қайтеміз. Ештеңе де жинамай-ақ қояйық,- деп бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді.
Екінші топ болса:
- Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан болса да жинайық. Оның әмірін тыңдамағанымыз жөн болмас,- деп азырақтан болса да жинайды.
Ал үшінші топ болса:
- Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір бермеген болар. Не болса да бір білгені бар шығар,- деп бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады.
Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің алтыны көп жер болғандығын байқайды. Кешегі аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-сом алтын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп алмаған бірінші топ:
- Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдамағанымыз-ай. Шіркін, ең құрығанда біреу болса да алғанымызда ғой,- деп өкінішпен сан соғып қала береді.
Азырақ алған екінші топ болса:
- Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы, қойны-қонышымыздың бәрін де толтырып алатын жөніміз бар еді,- деседі мұңайып.
Ал көп алған үшінші топ болса:
- Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін тастап, ат-көліктің бәріне көтергенінше бұдан да көп тиегенімізде ғой,- деп, онсыз да көп алғандарына қарамастан іштей көңіл толмайтындықтарын білдіреді.
Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай Ақыретте де адамдар арасында осы секілді көріністер жиі кездеспек.
Кәпірлер:
- Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік Тозақ отынан құтылып, түптің түбінде Жұмаққа бара алғанымызда ғой,- десіп таусылмас өкінішпен сан соғады.
Мүмин алайда сауаптары азырақ болғандар:
- Шіркін, тіршілігімде тағы да сауап ала түсуім керек еді,- деседі.
Ал сауабы көп мүмин болса:
- Шіркін, қазіргі дәрежеме тағы да дәреже қосатын тағы да намаз оқып, ораза ұстап, тағы да көбірек сауап іс жасағанымда ғой,- деп ол да тамсанады.
Аллаһ Тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алуды нәсіп етсін!
Қызыр екеніңді айта салам..
Рамазан айы. Жұма күні. Мешіт маңына бірді-екілі жұрт аяңдап жинала бастады. Имам күрсіде уағызын оқымақ болып тамағын кенеді. Осы жолы мешітке жас жігіт бейнесінде Қызыр (а.с.) да келген еді. Мешіт іші адамдарға лық тола бастаған. Бір жерге қонжиып отыра кеткен Қызыр (а.с.) қасына қырық жастар шамасындағы бір кісі келіп қатарласа отырды. Әлден уақытта жаңағы кісі отырған күйінде әрі-бері теңселіңкіреп қалғи бастады. Ұйықтап кетер ме екен деп алаңдаған Қызыр (а.с.) оны бүйірінен түртіп:
- Ұйықтап кетесің ғой,- деді. Ана кісі болса:
- Ұйықтамаймын, менің мазамды алма,- деді.
Қызыр алайхи-с-сәлам үндеместен отыра берді. Алайда сәлден кейін азан оқылған болатын. Әлгі кісі ұйықтап кетердей болып тағы да қалғи бастады. Қызыр алайхи-с-сәлам тағы да шыдамай кетіп оны жеңінен тартты:
- Әй, айттым ғой ұйықтап кетесің деп,- деді.
Ана кісі де бұның қылығына ашуланып қалды. Бірден қарсы дау айтып:
- Мен де саған ұйықтамаймын деп айттым ғой,- деді әр сөзін нығарлай сөйлеп,- мені мазалай берме дедім. Егер мені мазалай берер болсаң Қызыр екеніңді мына отырған дүйім жұртқа айта салам. Ал содан кейін мына мешіттен оңайлықпен шығып көр. Иін тірескен мына халық сенің бір тал сақалыңды да қоймай тәбарак қып таратып әкетер,- деді.
Қызыр (а.с.) тілін тістеп ләм-мим демеген күйі шарасыз қалған адамша Аллаһқа қол жайған болатын:
- Уа, Раббым! Мына таң-тамаша істі қалай түсінуге болады?! Мына құлың менің кім екенімді жазбай танып отыр. Алайда менің таңғалғаным - қалайша мендегі тізімде бұл кісінің аты кездеспейді?- деп сұрап үлгіргенше жауап та естілді:
- Сендегі тізім - Мені жақсы көретін пенделерімнің тізімі, ал ол болса керісінше Менің жақсы көретін құлдарымның қатарында...
Иә, Аллаһ бізді өзі жақсы көретін құлдарының қатарына жазсын! Аллаһтың жақсы көретін құлы болу қандай бақыт десеңші?!
Тіл мен жүрек
Хазіреті Лұқпан хакім Аллаһтың әулие құлдарының бірі болумен қатар әдеппен сөйлейтін, парасат-пайымы жоғары кісі болған. Тіпті Құранда да оның мадақталған тұсы кездеседі. Дәуіт пайғамбардың тұсында өмір сүрген ол терісі қара түсті құл болған екен. Алайда әдемі сөздерімен, ерекше білімдарлығымен басқалардан ерекшеленетін еді.
Осыны аңғарған біреу оған бір жолы:
- Осы сен мал баққан қойшы болсаң да ел неліктен сөзіңе құмар?- деп сұрағанда, ол:
- Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне жібермей тілімді тістедім, аз тамақтандым, уәдемде тұрдым, маған қатысы жоқ нәрселерге көңіл аудармадым,- деп жауап берген.
Хазіреті Лұқпанның қожайыны бір қой сойып соның ең жақсы жерінен кесіп әкелуін тапсырғанда ол ойланып жатпастан сойған қойының тілі мен жүрегін кесіп әкелген екен. Қожайыны оған артынша тағы бір қой сойып бұл жолы ең жаман екі жерін кесіп алып таста дегенде ол тағы да ойланып жатпастан қойдың тілі мен жүрегін кесіп алып тастаған екен.
Бұған таңғалған қожайыны оның мәнісін сұрағанда, ол:
- Таза болса, тіл мен жүректен асқан жақсы нәрсе жоқ, ал арам болса, тағы да тіл мен жүректен асқан жаман нәрсе болмайды,- деп түсіндірген екен.
Одан бір күні:
- Адамдардың қайсысы көбірек білімді?-деп сұрағанда, ол:
- Басқалардың білімінен көбірек пайдалана отырып өз білімін арттыра түскендер,- деп жауап берген.
Мына даналық сөздерді де сол айтқан:
- Төрт жерде: төрт нәрсені сақтау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені керісінше тез ұмыту керек. Сақталатын нәрселер: намазда көңіл, халық арасында тіл, ас келгенде өңешті, қонақта отырғанда көзді сақтау керек. Ұмытпайтын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы мен өлім. Тез ұмыту керек нәрсе - біреуге жасаған жақсылығың мен саған жасаған басқаның жамандығы.
Хазіреті Лұқпан хакім бір күні Дәуітпен (а.с.) кездескенде оның темірден бір нәрсе тоқып жатқанын көреді. Бұның не нәрсе екеніне таңырқаса да үндемегенді жөн көріп сабыр сақтайды.
Біраздан кейін Дәуіт (а.с.) темір сауытын үстіне кигенде барып істің мән-жайы түсінеді.
Хазіреті Дәуіт (а.с.) оған қараған күйі:
- Бұл киім соғыста адам денесін жарақаттан сақтайды,- деген кезде өз ісіне іштей масаттанған Хазіреті Лұқпан:
- Сабыр сақтаған қандай жақсы, артынша-ақ жаның жадырап сала береді,-деген болатын27.
«Сабыр түбі-сары алтын» деген нақыл осындай мінезге жатса керек.