
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Харун Рашит пен қария
Харун Рашит уәзірі екеуі халыққа білдірмей жай киімдерін киіп, ел ішін аралап жүріп құрма ағаштарының көшетін отырғызып жатқан бір қарияға жолығыпты. Амандасқаннан кейін араларында мынадай әңгіме өрбіпті.
- Қолыңыз қуатты болсын, қария, мына істеп жатқаныңыз не?
- Құрма ағашының көшеттерін отырғызып жатырмын.
- Ал бұл егіп жатқан құрма ағаштарыңыз қашан гүлдеп, қашан жеміс бере бастайды?
- Е, кім білсін енді оны, мүмкін жиырма жылдан кейін үлкейіп жеміс бере бастайтын шығар..
- Ол кезге өміріңіз жетіп, жемісін көре алар ма екенсіз?
- Мына қартайған қалпымда көре алмайтын шығармын. Бірақ бізге дейінгілердің жемісін біз жедік қой, біз де бізден кейінгілердің қажетіне жарасын деп құрма көшеттерін отырғызып жатырмыз ғой.
Қарияның бұл жауабына тәнті болған Харун Рашит қалтасынан бір кесе алтын алып қарияға ұсынады. Қария болса Аллаһқа шүкір етіп былай дейді:
- Отырғызбай жатып ағаштарымның жеміс бергені қызық болды-ау..
Бұл сөзді естігенде Харун Рашит оған тағы да бір кесе алтын береді.
Әуелдеп Аллаһқа шүкір еткен қарт бұл жолы да күлімсіреп былай дейді:
- Елдің отырғызған көшеттері жылына бір-ақ рет жеміс берсе, менікі әу дегеннен екі рет жеміс берді...
Хз. Зұлқарнайн мен басшы
Зұлқарнайн (а.с.) бір күні әлдеқандай елге тап болыпты. Олардың бар іс-әрекеті нәпсісін жеңу мен өлім қорқынышын сейілтуге бағытталған екен. Қолдарында бұ дүниелік еш байлық жоқ еді. Тек қана көкөніспен күн көретін. Көкөністерін күтіп- сақтауға барынша көңіл аударатын. Сонымен қатар, бұл елде әркім өз қабірін өзі қазып, күн сайын тазалық жасап, сол қабірде ғибадаттарын өтейтін.
Зұлқарнайн (а.с.) бұлардың басшысын шақыртты. Басшысы болса:
- Маған ешкім керек емес. Мені керек еткен адамның өзі келсін,- деді.
Бұны естіген Зұлқарнайн (а.с.) оған өзі барып:
- Мен сені шақыртқанда неге келмедің?- деп сұрады.
Басшы:
- Сізге менің ісім түсіп тұрған жоқ, әйтпесе, келер едім,- деп жауап қатты.
Зұлқарнайн:
- Ал бұрын-соңды мен көрмеген сіздердегі мына жағдай қалай? – дегенде, ол:
- Иә, біз алтын- күміске еш көңіл аудармаймыз. Өйткені қарап тұрсақ, бұларға қол жеткізген адам тағы да көбірек алғанын қалай береді екен де тоғышарлық пен тойымсыздық дертіне ұшырап, өмір бойы дүниеліктің соңына түседі екен. Сондықтан дүниелік ештеңені де қумайтын болдық,- деп жауап беріпті.
Зұлқарнайн (а.с.):
- Ал мына қабірлеріңізді қалай түсінуге болады? Оны неге өздеріңіз қазып, құлшылықтарыңызды неғып сонда жасайсыздар?- деп сұрапты.
Басшы:
- Бұны да дүние қуып кетпеу үшін әдейі істедік. Қабірді көргенде өлім есімізге түседі де дүниелік не нәрсе болсын бірден бас тартамыз.
Зұлқарнайн (с.а.) соңғы сұрағын қойыпты:
- Неге көкөніспен ғана қоректенесіздер? Мал асырап, еті мен сүтін пайдалансаңыздар болмай ма?
Басшы:
- Асқазанымыз тірі малға мазар болмасын дедік. Сондықтан көкөністермен тіршілік етеміз. Өңештен өткен соң қайсысының болсын нәрі бір емес пе?- деп жауап берген еді...
Иә, халқымыздың «Байлық алақандағы мұз жұмсаң еріп кетеді» деуі тегін бе?!