Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
02.02.2020
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Қара қылды қақ жарған-Халифа!

Әмауилік халифа Омар ибн Абдулазиз ел басқарып отырған тұста әділеттілік пен кісі ақысын жемеу мәселесіне аса бір үлкен жауапкершілікпен қараған. Түндік жұмыстарына екі бөлек май шам пайдаланатын. Біреуі-мемлекеттік іс-қағаздарға, екіншісі-өз жұмыстарына жарайтын. Өзі мемлекет басшысы Халифа бола тұра бір-ақ көйлекті қанағат тұтатын. Өйткені дүниелік байлық-ол үшін қолдың кірі еді.

Бірде жақындарының бірі Омар ибн Абдулазизға бір алма беріп жіберген болатын. Алмасын қолға алып жай ғана бір иіскегеннен кейін Омар ибн Абдулазиз оны өзіне қайтарып берді. Сөйтті де алма әкелген адамға:

- Беріп жіберген кісіге алмасын ала алмағанымды айтарсың,- деді.

Таңырқаған әлгі кісі:

- Бұл қалай? Пайғамбарымыз да өзіне жіберілген сыйлықтарды алмаушы ма еді?- деп сұрағанда Халифа оған былай деп жауап берді:

Пайғамбарымызға (с.а.с.) жіберілген нәрселер таза сыйлық есебінде болатын, ал бізге келетін нәрселер пара есебінде беріледі...

Әкімдердің айлықтарын кең- молынан төлейтін. Оның себебін былай деп түсіндіретін:

- Әкімдердің айлық табысы неғұрлым жоғары болғаны дұрыс. Бұл- олардың ештеңеден алаңсыз халықпен қоян- қолтық жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Бір күні түнде Халифаның қасында қонағы бар болатын. Бір уақытта май шамның майы таусылды. Екеуара мынадай бір әңгіме болды. Қонақ:

- Қызметшіңізді оятайық, шамның майын құйсын,- деді.

- Жоқ, қажет емес, оған екі жұмыс істеткім келмейді.

- Онда, мен барып шамға май құяйын?

- Жоға, қонақты жұмсау кісілікке жатпайды.

Сөйтті де өзі тұрып май шамды жақты. Қайтып келген күйі:

- Мен- барып май шамды жаққанда да Омар едім, қайтып кеп отырғанда да сол баяғы Омармын ғой, - деді күлімсіреп.

... Екі жарым жыл ел басқарған уақтында Ислам әлемінде әділдікті ерекше үстем етті. Үлкен атасы Хазіреті Омар секілді қара қылды қақ жарған өте әділ кісі болды. Алайда қырық жас шамасында көре алмаған бақталастар тарапынан қызметшісін мың динарлық алтынмен жалдап, уланып өлтірілген болатын. Қызметшісі өз кінәсін мойындаған кезде Омар ибн Абдулазиз ақшаны алып мемлекет қазынасына салып, өзін босатып қоя берген еді. Тіпті ел біліп қойса байғұсты өлтірер деп, оның қашып кетуі үшін өзі жағдай жасаған екен...

Жалғыз көйлек

Омар ибн Абдулазиз ел басқарған халифалығы тұсында бір күні мінбеге шығып халыққа арнап сөз сөйледі. Халифаға жақынырақ отырған ел оның қайта-қайта үстіндегі көйлегін сілкіңкіреп отырғандығын байқаған-ды. Оның бұл әрекетіне көзі шалғандардың қай-қайсысы болсын таңданбай қалмады. Сөйткенше болмай ел ішінде күбір-күбір әңгіме басталып, бәрі де халифаның неліктен ара-кідік бұндай қимыл жасап отырғандығын білмек боп өзара сұрастыра бастады.

Әлден уақытта жиналыс та біткен болатын. Мәселе анықталғанда ел мынаған көз жеткізген еді. «Бәйтул-малға» яғни халық қазынасына көзінің қарашығындай қараған халифа мұсылмандар мүлкін ысырап етіп бас пайдасына жаратпас үшін маңдайына бұйырған жалғыз көйлегін әлі құрғап үлгермесе де киіп алған көрінеді. Өйткені оның халифа бола тұрса да үстіне ілер басқа көйлегі жоқ еді. Ел алдында тұрып дымқыл көйлекті тезірек кептірмек үшін желпіңкіреп отырғаны сол екен...