
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Өлімнің себебі
Жабир сахаба (р.а.) әңгімелеуде:
Жолдастарымызбен бірге сапарға шыққан болатынбыз. Арамыздағы біреудің басына тас тиіп қатты жараланды, тіпті бас сүйегіне зақым келді. Артынша әлгі кісі ұйқыда жатып ихтилам* болғандықтан:
- Жайым болса мынау, менің таза топыраққа тәйаммум соққаным дұрыс шығар?- деп сұрады.
Жолдастары болса:
- Жоқ, су бар жерде тәйаммум соғуға болмайды,- деп рұқсат етпеді.
Сонда әлгі жігіт сумен ғұсыл құйынамын деп басындағы жарадан ішке су кетіп сол мезет тіл тартпай қайтыс болды.
Пайғамбарымыздың қасына келгенімізде оған бар жайды баяндадық.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
- Қарап отырып кісіні өлтіргені несі, Аллаһ та оларды өлтірсін!- деді де сөзін жалғастырды,- Білмесе сұрамай ма екен? Надандықтың бірден бір емі- сұрап білу. Әлгі кісіге жай ғана топыраққа тәйаммум соға салғаны жеткілікті еді. Жарасын таңып үстін ғана сипап өтіп, қалған денесін сумен жуса да болатын еді24...
«Білмеген у ішеді» деген осындайда айтқан болар.
Аллаһ бергенін алады
Хазіреті Үммү Сүләйм - ары таза, тәрбиелі, иманы берік әйел болатын. Құшағындағы баласы қайтыс болғанда асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жуып, өзі кебіндеген соң үйдің бір тұсына апарып қойған күйі көршілерге қарап:- Әзірге әкесіне хабар айтпаңдар!- деп қатаң табыстады.
Әкесі Әбу Талха сахаба болса ол кезде маңайда жоқ болатын. Кеш бата үйге келгенде баласының жағдайын сұрады, әйелі:- Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір,- деп жауап берді.
Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда Хазіреті Үммү Сүләйм күйеуінен сұрады:- Ей, Талха!- деді көзіне көзін қадаған күйі,- Қарызға алған нәрсені қайтарған жөн бе, жөн емес пе?
- Ол не дегенің? Қарызға алынған нәрсе, әрине, қайтарылуы керек.
- Олай болса, Аллаһ Тағала саған аманаттаған ұлын өзі қайтып алды!
Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы:
- Е,е, біз бәріміз де Аллаһ Тағала үшін жаратылдық. Ерте ме кеш пе, түбінде соған қайтамыз ғой,- деп Жаратушының ісіне ризашылықпен мойынсұнып көнгеннен басқа артық қылық жасамаған болатын...
Таң атқанда мән- жайды Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып баяндады. Пайғамбарымыз болса қолын жайып:- Я, Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі ісін оған екі есе ғып қайтара гөр!- деп дұға етті.
Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Талха үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тапты. Атын «Абдуллаһ» деп қойысты.
Пайғамбарымыздың қорғауында өскен Абдуллаһ кейіннен Исламға аянбай қызмет еткен ұлы тұлғалардың бірі болды.
«Е, Аллаһ, бергеніңді алсаң да береріңді алма» деген осындайда айтылса керек.
Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
Амр ибн Астың өзі әңгімелеуде:
«Хәндек» соғысынан Меккеге орала сала өзіммен ойы бір жерден шығатын Құрайыш тайпасының біраз кісілерінің басын қостым. Олар бастан-аяқ мені тыңдады. Сөз соңы:
- Бәріңіз онсыз да біліп-көріп жүрсіздер, Мұхаммед барған сайын дес бермей күшейіп бара жатыр. Осы орайда менде тамаша бір пікір бар,- дедім.
Олар:
- Ол қандай пікір?- деп сұрады.
Мен:
- Бәріміз бір кісідей барып Хабаштық (Эфиопиялық) патша Нәжашиді паналайық. Мұхаммед біздің тайпамызды жеңіп кетсе, онда соны паналап тұра берерміз. Мұхаммедтің қол астына кіргеннен гөрі Нәжашидің қол астына кірген әлдеқайда артық. Ал егер біздікілер жеңіп кетіп жатса, онда бізге жақсылық болмаса жамандық келмесі анық,- дедім.
Бәрі бірауыздан пікіріме қолдау білдірді. Мен:
- Ендеше, Нәжашиға апаратын сыйлықтарды әзірлеңдер!- дедім.
Нәжашиға апаратын сыйлықтардың біразына келісті иленген бағалы терілер таңдалған еді. Артынша-ақ Меккеден шығып Нәжашиге бардық.
Біз сол жақта болғанда Амр ибн Үмейя да келді. Хазіреті Пайғамбар Жафер мен жолдастары үшін Амрды Нәжашиге жіберген болатын.
Амр Нәжашидің құзырына кіріп шықты.
Мен достарыма қарап:
- Амр ибн Үмейя деген-осы. Мұхаммедтің адамы. Нәжашиға кіріп бұны маған тапсыр деп өтініш білдірсем, Нәжаши оны маған берсе, мен оның басын кесіп алсам! Менің Мұхаммедтің елшісін өлтіруім- Құрайыштар үшін үлкен бір сый болар еді,-дедім.
Сөйттім де Нәжашидің құзырына кірдім. Әдет бойынша патша алдында барынша басымды жерге тигізіп, сәждаға жығылдым. Ол маған:
- Амр, достым, сәлем!- деді,- Маған қандай сый-сияпатпен келдің?
- Әй, патша! Саған иленген теріден мол ғып әкелдім,-дедім.
Сөйттім де әкелген терілерімді жалма-жан Нәжаши патшаның алдына жайып салдым. Тарту- таралғым оған қатты ұнады. Артынша:
- Әй, патша! Мен жаңа ғана сіздің қасыңыздан шыққан бір кісіні көрдім. Ол- менің дұшпанымның елшісі. Соны маған берсеңіз, мен оны өз қолыммен өлтірсем. Өйткені ол біздің алдыңғы қатарлы бірнеше жастарымызды қыршынынан қиған болатын,- деп көкейімдегі көксеген ойымды айттым.
Алайда Нәжаши патша бұған қатты ашуланды. Сөйтті де мен еш күтпеген оқыс қылық жасады. Әй-шайға қаратпай жұдырығымен мұрнымнан қойып қалды. Көзімнің оты жарқ ете қалды. Сірә, мұрным сынып кеткен болар деп ойладым. Қатты қорыққаным сонша не істерімді білмей қалшиып тұрдым да қалдым.
Сәлден кейін есімді жиып:
- Әй, патша! Бұл өтінішімді ұнатпайтындығыңды білгенде оны сұрамас едім,- дедім әлгіндегі айтқандарыма іштей өкініп.
Нәжаши болса:
- Мұса пайғамбарға келген Жәбрайыл періште Мұхаммедке де келеді екен. Мен ондай ардақты адамның елшісін саған қалай ұстап бермекпін?!- деді қатуланған күйі.
- Әй, патша! Айтқаныңыз рас па?
- Ей, азапқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұрған неме! Білмесең мені жақсылап тыңда! Одан да сен сол адамның етегінен ұстап, айтқанына көн! Өйткені ол- Аллаһқа ант етейін, ақиқат жолындағы адам, рас пайғамбар. Мұса қалайша өзіне қарсы келген Перғауындықтарды жеңсе, оның да дәл солай түбінде өз дұшпандарын тұқыртары сөзсіз.
- Олай болса, сіздің қолыңызды алып көз алдыңызда иманға келетіндігіме уәде берсем бола ма?- деп сұрадым. Нәжаши болатындығын айтты. Мен Нәжашиге уәде бердім.
Нәжашиден шығып, жолдастарымның қасына бардым. Мұсылмандықты қабылдағанымды іштей жасыра тұрғанды жөн көрдім. Артынша Пайғамбарға баруға жолға жиналдым. Жолда Халид ибн Уәлидті жолықтырдым. Бұл оқиға Мекке қаласын алардың сәл-ақ алдында болған еді. Ол да Меккеден келе жатыр екен. Одан:
- Әй, Сүлейменнің әкесі! Қайда жол тарттың?- деп сұрадым.
- Ақ пен қараны, ақиқат пен надандықты ажырата алмай не көрініпті? Мен Мұхаммедтің хақ пайғамбар екендігіне анық сендім. Соның тікелей өзіне барып мұсылмандықты қабылдамақпын. Сен де қашанғы тісіңді қайрамақсың, одан да иманға келсеңші?- деді.
Мен де оған:
- Растығына ант етейін, негізі мен де мұсылман болуға кетіп бара жатқан болатынмын,- дедім.
Халид екеуміз Мәдинаға бірге бардық. Пайғамбарымызға (с.а.с.) қатар келдік. Халид менен бұрын мұсылманшылықты қабылдады. Артынша мен де:
- Уа, жалғыз Жаратқаннан басқадан жебеу күтпеген ардақты Пайғамбар! Мен өткен күнәларыма зор өкініш білдіре отырып Ислам дінін шын ынта- ниетіммен қабылдамақпын,- дедім.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.с.):
- Ей, Амр! Ислам бұрынғы кемшілік-күналарыңның бәрін жуып- шаяды. Хижрат етіп Меккеден Мәдинаға көшкендер де күналарынан дәл осылай құлан- таза арылған болатын,- деді.
Расулаллаһ алдында мұсылманшылықты қабылдап кері қайттым...
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген осы.
Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы
Әбу Хүрайра (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мына бір хадисті жеткізеді:
«Бір жолаушы жолда кетіп бара жатып қаталап шөлдепті. Сөйткенше болмай алдынан бір құдық кездесе кетіп, су алып ішіпті. Су ішіп шыққаннан кейін қараса, шөлдегені сонша тілі аузына сыймай салақтап кеткен сонадай жерде жатқан итті көріпті. Ит өзінің шөлін қайтіп басарын білмей топырақ жалап жатса керек. Мына ит те бағанағы мен құсап қатты шөлдеген екен ғой деп ойлаған жолаушы дереу қайта құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып әкеліп иттің шөлін қандырыпты. Жолаушының бұл жақсылығының Аллаһ Тағалаға ұнағаны соншалық әлгі кісінің жасаған барлық күнәларын сол мезетте-ақ кешірген екен.»
Бұны естіген сахабалар:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Сонда мал-жануарларға жасаған жақсылық үшін де бізге сауап жазыла ма?- деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
- Көкірегінде жаны бар қандай жан-жануарға болсын жасалған жақсылықтың сауабы болады,- деп жауап берді25.