
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Өз басын қатерге тігу
Хазіреті Мұғауияның ел басқарған (49/669 жылдары) тұсында Ислам әскерлері Ыстанбұлды тұңғыш рет қоршауға алған болатын. Хз. Мұғауия Суфиян ибн Ауф (р.а.) басқарған үлкен бір жасақты Византияға бағыттап, өз баласы Язидтің де дәл сол жасақта болғанын қалап еді. Алайда Язид болса әр нәрсені бір сылтауратып жантәттілікке салынған соң әкесі де оны көп қолқалай қоймады.
Соғысқа шыққан әскерлердің жолда аштық, ауру секілді небір қиындықтарға душар болғандығын естігенде Язид:
- «Мен қайтейін әскердің қиналғанын,
Гүлсім жатса қасымда қыздай жаным»,- деп өлеңдеткен күйі бармай қалып қойғандығы үшін өзіне риза кейіпте еді. (Үммү Гүлсім Язидтің әйелі болатын.)
Баласының бұндай ұнамсыз өлеңі Хазіреті Мұғауияның (р.а.) да құлағына жеткенде тез арада оған адам шаптырып, Византия жеріндегі мұсылман әскерлеріне қосылып, солар көрген ауыртпалықтар мен қиындықтарды бірге бөлісуін қадап айтып қатал бұйрық берген еді.
Жиырма төрт жасар Язид лажсыз қатал үкімге бас иіп әкесі дайындатқан жаңа бір жасақты ерткен күйі екінші жасаққа барып қосылды. Бұл жасақта үлкен сахабалар: Ибни Аббас, Ибни Зүбейр, Әбу Әйюб әл Әнсарилер (Аллаһ Тағала бәрінен разы болсын!) бар болатын. Византия жерінде ұзақ сапарда болған Ислам жасағы Ыстанбұлға дейін келіп, бірнеше күн бойы гректермен шайқасты.
Осы қақтығыстар кезінде мұсылман әскерлерінің бірі Абдулазиз ибн Зүрара ерекше көзге түсті. Ол дұшпан әскеріне жалғыз өзі бірнеше рет жойқын соққы берген күйі соңында шейіт болған еді. Бір сәт оның жалғыздан жалғыз шапқан күйі дұшпан әскерінің арасына қойып кеткенін көргендер:
- Сүбханаллаһ! Мынаның өзін-өзі отқа тастағаны несі?!- деп даурығысқан болатын. Хазіреті Әба Әйюб (р.а.) болса оларға істің жай-жапсарын түсіндіре былай деді:
- Уа, халайық! Сіздер Құрандағы «Өз-өздеріңді қауіпке итермелемеңдер» деген аятты мегзеген боларсыздар. Ол аят Әнсарлар жайында түскен болатын. Аллаһ Тағала дінін күшейтіп, Исламға жанашыр жандарды көбейткен тұста біз өзарамызда Аллаһтың Елшісінен жасыра «Енді біздің керегіміз шамалы секілді. Ендігі жерде өз мал-жанымызға қарасақ та жетер» деген едік. Алайда құдыреті күшті Жаратушы біздің ол пікіріміздің қате екендігін ұқтыра іле-шала «Аллаһ жолында жұмсаңдар! Өздеріңді қауіпке итермелемеңдер» деген аятын түсірген еді. (Бақара сүресі-195) Яғни Құрандағы адамның өзін қауіпке итермелеуі - Аллаһ жолындағы табанды күрестен бас тартып, өзінің мал-жанымен қайғы болып кету деген сөз...
Хазіреті «Әйюб сұлтан» сол сапарда көз жұмып, қазіргі мекеніне жерленген болатын23.
Қос уыс құрма
Сахабалардан Бәшир ибн Саадтың қызы мен Нұғман ибн Бәширдің қарындасы әңгімелеуде:
Анам Амра бинту Рәуаха (р.а.) мені өзіне шақыртты. Етегіме екі уыс құрма салып беріп:
- Қызым, бұл әкең мен нағашы ағаң Абдуллаһ ибн Рәуаханың тамағы, апарып бере ғой,- деді.
Жолда кетіп бара жатып Пайғамбарымызды (с.а.с.) кездестірдім. Одан әкем мен нағашы ағамның қайда екендіктерін сұрадым. Ол маған:
- Қызым, бері келе ғой, қолыңдағы не нәрсе?- деп сұрады.
Мен:
- Уа, Расулаллаһ! Бұл құрма ғой. Әкем Бәшир ибн Саад пен нағашы ағам Абдуллаһ ибн Рауахаға шешем беріп жіберді,- дедім.
Пайғамбарымыз(с.а.с.):
- Онда бері әкеле ғой,- деді.
Мен етегімдегі құрмаларды Расулаллаһтың уысына төктім. Құрмаларым қос уысына толмай қалды. Пайғамбарымыз бір орамал алдырып, құрмаларды сол орамалдың үстіне шашырата төкті. Сөйтті де жанындағыларға айтып, қаланы айналдыра ор қазып жатқан мұсылман сарбаздардың бәрін тегіс құрма жеуге шақыртты. («Хәндақ» соғысы қарсаңы болатын.)
Пайғамбар шақыртуымен Хәндақ сарбаздарының бәрі тегіс жиылып келіп құрмаға қол созды. Алайда, бір таңғаларлығы, келген әскерлердің барлығы қанша жесе де орамалда үйіліп тұрған құрмаларды тауыса алмаған болатын. Тіпті тауыспақ түгілі құрмалар өз-өзінен көбейіп орамалға сыймай кеткен еді.
Иә, бұл сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.с.) тиесілі көп мұғжизалардың бірі ғана ғой.