
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Пайғамбарымыздың мәрттігі
Мәрттік пен жомарттық Пайғамбарымызға тән қасиет еді. Әсіресе, Рамазан айларында оның жомарттығы мен мәрттігінде тіпті шек болмайтын.
Бір күні бір адам өрістегі ешкілерін санап жүрген Ардақты Елшіге (с.а.с.) келіп бірнеше ешкі сұрағанда, ол бірнешеуін ғана емес сол жайылып жүрген ешкілердің барлығын да алдына салып берген еді.
Бір отар ешкісін ауылға айдап келген әлгі кісі сонда өз қаумына былай деп жар салған екен:
- Уа, халайық! Бәрің де мұсылман болыңдар! Мұхаммедтің (с.а.с.) жомарттығы сонша кедейленем деп те қорықпайды...
Аллаһтың ардақты Елшісі (с.а.с.) кейде біреуден бір нәрсе сатып алып, оны қайта сол адамның өзіне сыйлайтын. Ал өзіне біреу сый жіберсе, дереу қасындағыларға сол сыйды таратып беретін. Ондай сый бір күндей уақыт қолында тұрып қалса реніш білдіретін.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары Үммі Сәләмә (Аллаһ Тағала одан разы болсын) былай дейді:
ір күні Пайғамбарымыздың жүзінен бір торығуды сездім. Себебін сұрағанымда:
«Кеше алған жеті динарды әлі ешкімге үлестіріп үлгермедім. Менде қалып қойыпты» деп мұңайған еді...
Бұл пәни
Абдуллаһ ибни Масғұттың әңгімелеуі бойынша:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірде жалаң шиден жасалған төсенішке жатып көз ілген болатын. Тұрған кезде мүбәрак тәніне түскен шидің іздері байқалды. Оны көріп, жаны ашығандар: - Ей, Аллаһ Тағаланың құрметті елшісі! Біз сізге бір жұмсағырақ төсеніш алайық та?- деп сұрады. Сонда ардақты Расулаллаһ:- Е-е, бұл жалған дүниені қайтейін?! Мен бұл дүниеде ағаш көлеңкесіне сәл ғана аялдап, жолын қайта жалғастырған жолаушы іспеттімін,- деп жауап берген болатын. (Таж: 5/177)
Иә, адам баласы бұл өмірге қонақ әрі жолаушы ретінде келеді. Бұ дүниедегі бар дүние-мүлік оның ұзақ сапарына жолшыбай қажетті керек-жарақ қана болмақ.
Олай болса «қонақтың» үй иесінің ісіне араласпасы белгілі.
Қонақүйді де өз мүлкіндей иемдене алмасы, ешқандай да үкім жүргізе алмасы да анық жайт.
Өзіне көрсетілген сый- құрмет пен бұйырған дәмге де ләм-мим дей алмасы, үй иесіне қарсы шығып, надандыққа баса алмасы тіпті алдына сонша дәмді жайып сап отырғанда үй иесін сынап- мінеуі де дұрыс емес екендігі кімге де болса аян.
Сондай-ақ, қонақ өзі ала келмеген нәрсесі мен өзімен бірге ала кетпейтін нәрселерге де көңіл аудармасы, оған құлықсыз болары даусыз.
Расулаллаһ (саллиаллаһу алейхи уә сәллам) бір күні Ибни Омардың иығына қол салып былай деді:
«Бұл пәниде өзіңді жат жұрттық секілді сезініп өт! Ылғи да өзіңді жолаушымын деп біл, әрі өзіңді қабірде жатқандардың қатарында сана!»
Ибни Омар (р.а.) да оның айтқандарын сол күйі бұлжытпай орындап, өзі де артқыға былай деп өсиет қалдырған екен:
«Түнге қалсаң таңды күтпе, таңды атырсаң кешті күтпе. Денсаулығың болса ауырмауға әрекет жаса, өміріңді өлімге дайындық деп есепте».
Иә, біздегі жағдай құдды мына өлеңдегідей:
Ана жатырынан шықтық базарға,
Бір кебін алып қайттық мазарға...
Расында да, бұл дүниенің о дүниеге қарағанда құнсыз әрі көзді ашып-жұмғандай өтпелі екендігін кімде кім түсінсе өкінбес еді. «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» деуі тегін бе?!