
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Періштелермен пәктелу
Сахабалардың бірі Ханзаланың жаңа үйленген ең алғашқы түні еді. Дәл сол түні таңға жуық сүйікті Пайғамбарымыз сахабаларын жинап үлкен дайындықпен исламға тұтқиылдан тап берген дұшпанға қарсы соғысқа жиналуды шұғыл түрде бұйырған болатын. Хабаршыдан соғыс хабарын естігенде Ханзала да дереу киіне сала ғұсыл дәретін алуға да мұршасы келмей, апыл-ғұпыл соғыс майданы Ұхыдқа қарай құстай ұшты.
Соғыс бітіп мұсылмандар Мәдинаға қайта бастады. Әркім-ақ аман қайтқан жақындарын іздеп жол бойына тізілді. Бұлардың арасында үйленгеніне бір-ақ күн болған, Пайғамбарымыздың бұйрығына мойынсұнып ертемен соғысқа аттанып дұшпан қолынан шейіттік шәрбатын ішкен Ханзаланың жесірі де бар болатын. Елдің бәрі жапа тармағай аман қайтқан өз жақындарын сұрастырғанымен, ешкім де ешкімге тіл қатпастан жай ғана пайғамбарымызды мегзеген болатын. Сұралған сұрақтардың бәріне де пайғамбарымыз өзі жауап беріп келе жатты. Ең соңынан Ханзаланың әйеліне кезек келгенде, ол да пайғамбарымызға жақындаған күйі:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Ханзала қайда?- деп сұрады.
- «Ханзала шейіт болды»,- деп жауап берді Ол.
Сол кезде Ханзаланың әйелі:
- Я, Расулаллаһ! Менің сізге айтпағым, бәлкім, отбасылық сыр болар. Кеше ғана үйленгенімізді өздеріңіз де білесіздер. Түннен шыққандықтан күйеуім таң ата ғұсыл дәретін алып үлгірместен соғысқа аттанып кете барды. Соғыста шейіт болғаны да мәлім болды. Енді рұқсат етсеңіз, сол жуынуға мүмкіншілігі болмаған күйеуімді жуғызып арулап көмсек деген тілек айтпақпын,- дегенде пайғамбарымыз оған:
- Сен Ханзаланы уайымдама! Мен періштелердің оны рақым суымен жуып шайып жатқанын көрдім,- деп үлкен сүйінші хабар айтты.
Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхыдқа бет түзеп, Ханзаланы іздестірген-ді. Бір таңғаларлығы, сахабалар Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында тауып алды. Сүйікті Пайғамбарымыздың бұл жолғы айтқанының да рас шыққанына елдің тағы бір рет көзі жетті. Сондықтан Ханзаланы ел «Ғасилул-мәлаика» («Періштелер жуған Ханзала») деп еске алатын болды.
Кейіннен Ханзаланың артта қалған әйелінен үлкен сахабалардың бірі Абдуллаһ дүниеге келген еді.
«Ат тұяғын тай басар» деген ізгі сөз осындай шәйіт кеткендердің ұрпағына арналса керек.
Қонақ пен рызық
Сахабалардың біреуі тым қонақжай болатын. Әйелі болса күйеуінің күнде қонақтар ертіп келетіндігін жақтырмай оңашада:
- Сен күн сайын бірнеше қонақты ертіп келесің. Қонақ ертіп келіп бала-шағаның несібесінен соларға жырып бермесең қайтеді,- деп реніш білдіретін.
Күйеуі болса оған онша көп мән берместен күніге бірнеше қонақ ерте келетін әдетін тастамайды. Әйелі бір күні шыдай алмай үйдегі жағдайды айтып пайғамбарға шағымдануға дейін барады:
- Я, Расулаллаһ! Күйеуім күн сайын кеш болса болды үйге бір топ қонақты топырлатып ертіп келеді. Бар тапқанын қонақтардың аузына жайып салады. Құдай бетін ары қылсын, бір күні өзі ауыра қалса, қалғанымыз аштан өлерміз деп қорқамын- дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлгі әйелдің күйеуін де шақыртады. Әлгі сахаба:
- Мен үйімде қонақсыз отыра алмаймын. Дастарханымнан қонақтың дәм татқаны мен үшін үлкен қуаныш,- деп әйелінің дегеніне көнбей тұрып алады.
Пайғамбарымыз әйелге қарап бұдан кейінгі уақытта бір-ақ қонақтың келгеніне қалай қарайтындығын сұрайды. Алайда әйел оған да разы еместігін сездіріп:
- Мен балаларымның несібесін кім-көрінгеннің бөле жеуіне қарсымын,- деген еді.
Күйеуі бір қонаққа келіскен соң әйелі де лажсыздан күйеуімен бірге күн сайын бір қонақтың келуіне разы болады.
Бірақ сол күні кешке күйеуінің үйге тағы да екі адамды ертіп келгенін көргенде әйелі тағы ашуға мінеді. Тамақ әзірлеу үшін ас үйге кірді, іштен тынып жүріп үш адамдық тамақ әзірлеп күйеуіне берді. Аздан кейін қонақтардың біреуінің сытылып үйден шығып кеткені байқалды. Әзірленген тамақтың біреуі желінбей қалды.
Әйел күйеуінен:
- Қонақтың біреуі неліктен тамақ ішпестен шығып кетті?- деп сұрады.
Алайда күйеуі екінші қонақтың келгенінен бейхабар болатын. Ол таңдана:
- Сен қай қонақты айтып тұрсың? Мен іште отырған бір-ақ қонақты ертіп келгем жоқ па?- деді.
Бірақ әйелі анық көрген болатын. Келген екі қонақтың біреуі тамақ ішпестен шығып кеткен еді. Бір-бірімен сөзге келіп қалған әйелі мен күйеуі мәселенің төркінін пайғамбарымыздан ұқпақ болды да дереу солай қарай бет бұрды.
Екеуін жақсылап тыңдаған пайғамбарымыз болған жайды оларға былай деп түсіндірген екен:
- Иә, негізі үйге екі кісі келген еді. Алайда бұлардың біреуі адам емес адам бейнесінде келген рызық болатын. Аллаһ Тағала әйелге үйге келетін әрбір қонақтың өз рызығымен келетінін көрсету үшін жаңағы көріністі оған әдейі көрсеткен-ді. Әйелің қонақтарға жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол рызық бәрібір ортаймаған болатын...
«Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз рызығын ала келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің рызық-несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі» деді пайғамбарымыз.
Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп, ниетін түзепті.