
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
Хазіреті Әлидің (а.с.) ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында шапаны жоғалған болатын. Аз уақыт өтер өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылған еді. Хз. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді.
Қазы:
- Мына халифаның айтқанына не дейсің?- деп христианға қарады. Ол болса халифа хз. Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айтты.
Қазы бұл жолы хз. Әлиге бұрылып:
- Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма?- деп сұрады.
Хз. Әли күлген қалпы:
- Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ,- деді.
Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хз. Әлиді христианға жығып берген болатын.
Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәл кейін-ақ қайта бұрылып келіп былай деген еді:
- Бұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей қатысты болса керек. Негізі мына шапан Әлидікі еді,- деп шапанды хз. Әлиге ұстатты.
Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен хз.Әли бастаған «Нехриван» шайқасында оның жан аямай соғысқаны шындық21.
Сірә, христиан болып жүрген пенденің осы адалдығы үшін Аллаһ оның көкірек көзін ашқан болар.
Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) Исламнан бұрын да Мәдинаның алдыңғы қатарлы сыйлы кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф» атты бір пұтқа қатты құрмет көрсететін. Өзі пұтқа табынғанмен, бір қызығы, үш ұлының үшеуі де мұсылмандықты қабылдаған болатын.
Бір түні Амр ибну-л- Жамухтың балалары жиналып келіп әлгі Мәнаф деген пұтты орнынан алып сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып тастайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады.
Ертеңгісін пұтқа табынбақ болып барған Амр оны күнделікті орнынан таба алмай қалған болатын. Сөйтті де:
- Әй, оңбай кеткірлер! Түнделетіп кеп Тәңірімізді ұрлап кеткен кім?-деп айналасындағыларға ызғар шаша айғайлаған күйі пұтын іздестіре бастады. Ең соңында іздеп жүріп бір шұңқырда етбетінен жатқан күйінде тауып алды. Жақсылап тазалап, жуып, жақсы иістер септі де бұрынғы орнына қайта қойып жатып:
- Осыны істеген адамды таба алсам, әкесін танытар едім,- деді ызалана.
Алайда балалары ертесі күні де дәл сол істі айна-қатесіз қайталаған болатын. Ертеңгісін әкелері оны іздеп жүріп тағы да күл-қоқыстың арасынан тапты. Еш ойланып жатпастан бірден тез жуып-шайып, жақсы әтірлерінен сеуіп, орнына апарып қойды.
Балалары үшінші күні де сол тірліктерін қайталады. Алайда әкелері бұл жолы қатты ашуланды. Жатар алдында қылышын қолына ұстаған күйі пұтқа барып:- Әй, Мәнаф!- деді,- Саған бұны кімнің істеп жүргенін біле алмай шаршадым. Енді мына қылышты ал да бұдан кейінгі уақытта өзіңді өзің қорға!- деп қылышты әлгі пұттың қолына қыстырған күйі үйіне қайтты.
Амр кеш бата ұйқыға кіріскенде балалары пұттың қолына қыстырылған қылышты алып тастап, бұл жолы әлдеқашан өлген иттің өлексесіне қосып үй сыртына апарып шұңқырға тастай салған болатын.
Амр күндегі әдетінше ояна сала пұтын іздеді. Тағы да орнынан таппай безектеген күйі шұңқырда иттің өлексесіне бастырылып жатқан күйінде көріп күйініп кетіп былай деді:
- Әй, осы сенің тәңірлігіңе болайын! Егер сен сен шынымен тәңір болсаң бүйтіп ит құстың өлексесімен бірге шұңқырда жатпас едің ғой...
Амр артынша мұсылмандықты қабылдады. Малын да, жанын да аямастан балаларымен қоса өмір бойы Расулаллаһқа (с.а.с.) қызмет етті22.