
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Тағдырдан тағдырға қашу
Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмауас тауну» деп аталатын оба ауруы кең тараған болатын. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмауас аймағы болғандықтан осылай аталған еді. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен еді .
Сол жылы Хазіреті Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға шығып, оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алған болатын. Алайда Шамда оба ауруының тарағанын естіген халифа Шамға келуін келгенімен қасындағы сахабалармен ақылдаса келе Шамға кірместен кері қайтуды мақұл көрген-ді. Оны естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап:
- Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай?- дегенде, Хз. Омар оған қарап:
- Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және соның тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Аллаһтың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба?- дейді.
Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан Хз. Омар оба ауруының тез жайылып бара жатқандығына алаңдағандықтан тым болмаса Әбу Үбәйданы құтқарып қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды:
«Сәлем! Бір мәселе жайлы ақылдасу үшін сен маған аса қажет болып тұрсың. Хатты ала сала дереу жолға шық!»
Хз. Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу Үбәйда іле-шала мынадай жауап жазады:
«Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен қажетсініп тұрғаныңды білемін. Алайда мен мұсылман әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген. Мен де пешенеге жазылғанды көріп алдым. Маған оларды таста да кел дегеніңе келісе алмаймын.»
Хазіреті Омар (р.а.) хатты оқығанда көзінен жас парлап қоя берді. Маңайындағылар болса:
- Әй, мүминдердің әміршісі! Неге жылайсыз, әлде Әбу Үбәйда да аурудан көз жұмып па?- деп сұрады.
Хз. Омар (р.а.) оларға:
- Жоқ, олай емес, бірақ, әй қанша қалды дейсің,- деді тұнжырап.
Көп өтпей-ақ Шамда обадан тіл тартпай кеткен Әбу Үбәйданың орнына Муаз ибн Жәбал барды. Бірақ ол да артынша көз жұмып орнына Амр ибн Ас тағайындалған болатын. Амр ибн Ас дендеп бара жатқан аурудан халықты аман сақтап қалу мақсатында елді тау басына жинап, ойдан гөрі тауды паналаған болатын. Сол тұстары аурудың да беті қайтып, Хазіреті Омар болса кейіннен Амрдың бұл тапқырлығына ризашылығын білдірген екен20.
Мәрттік
Хазіреті Али құрма бақшасында кешке дейін жұмыс істеп, кешкісін түйесіне бір қап жеміс теңдеген күйі үйіне қайтқан еді. Түйенің тізгіні көмекшісі Қамбардың қолында, ал өзі болса алда келе жатқан болатын.
Мәдинаға кіре берісте жол шетінен жалынышты дауыс естілді. «Аллаһ ризалығы үшін» деп өткен-кеткенге алақан жайған қайыршының күйі аянышты-ақ еді.
Дәл осы сәт хазіреті Али мен түйе жетектеп келе жатқан Қамбардың арасында мынадай бір әңгіме болды.
Хазіреті Али:
- Әй, Қамбар! Мына байғұс не сұрап тұр?
- Құрма сұрап тұр.
- Берсеңші, ендеше!
- Құрма қапта ғой..
- Қабымен бер, ендеше!
- Қап түйенің үстінде ғой..
- Түйесімен бер, ендеше!
Хазіреті Алидың айтқанын бұлжытпай орындаған Қамбар:
«Түйенің тізгіні менің қолымда деуге қорықтым,-дейді,- әйтпесе мені де қоса ойланбастан әлгі қайыршыға беріп жібергендей еді...»
Қазақ халқының да «Пышақ берсең қынымен бер» дегені де осы емес пе?!