Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Нілдің тасуы

Мысыр елі Хазіреті Омардың (р.а.) ел басқарған халифалығы тұсында мұсылмандардың қолына өтті. Мысырды мұсылмандардың қол астына қаратқан даңқтты қолбасшы Амр ибн Ас болатын.

Мысыр халқы Амр ибн Асқа өздеріндегі әдет-ғұрыптарды таныстыра келіп:

- Ей, қолбасшы! Біздің салт-санамыз бойынша Маусым айының он екінші түні үйлене қоймаған жас қызды барынша сәндеп, әдемі киіндіреміз. Сөйтеміз де Ніл өзеніне тастаймыз. Біз бұны Ніл өзені арнасынан тасып, маңайындағы егіндіктерді суғару үшін жасаймыз,- деп түсіндірді.

Амр ибн Ас болса мысырлықтарға:

- Бұл Исламға мүлдем жат нәрсе. Ислам діні бұрынғы барлық жаман әдеттерді жойды,- деді.

Алайда сол жылғы маусым, шілде, тамыз айларында Ніл өзенінің суы тасымай Ніл жағалай күн көретін халық құрғақшылыққа ұшырап қатты қиналған болатын. Халық жапа-тармағай көшуді жөн көрді.

Амр ибн Ас болса жағдайды баяндап Халифаға хат жіберді. Хатты алған хазіреті Омар іле-шала былай деп жауап жазды:

«Сен өте орынды істепсің. Исламның бұрыңғы жаман әдеттерді жойғаны да рас. Саған хатпен бірге тілдей қағазға өзінше бөлек жазу жіберіп отырмын. Сол бір жапырақ қағазды Ніл өзеніне тастарсың».

Амр ибн Ас әлгі айтылған тілдей қағазға көз тастағанда онда былай деп жазулы тұр еді:

«Аллаһтың құлы әрі мүминдердің басшысы Омардан Мысырдың Ніл өзеніне!

Ей, Ніл! Егер сен осы уақытқа дейін өз күшіңмен ағып келсең, онда бұдан былай ақпай-ақ қой. Алайда құдыреті күшті бір Аллаһтың бұйрығымен ағып келсең, онда Аллаһ Тағаладан бұдан кейін де сені толассыз ағызып, арнаңнан тасытуын тілейміз».

Хз. Амр халифаның дегенін істеп қағазды Ніл өзеніне ағызды. Таңертең Ніл суының жеті-сегіз метр көтерілгені сонша, арнасынан сыймай тасыған болатын.

Сол күннен бері Ніл заңы әлі күнге өзгерген емес18.

Судың ағуы да Аллаһтың құдыретімен екенін пенде білер ме?!

Елден ерек елбасы

Грек елшісі Мәдина қаласына саяси бір кездесу мақсатында келген болатын. Келген бойда мұсылман елінің басшысы Халифа хазіреті Омардың сарайын сұрайды. Кімнен сұраса да бәрі:- Біздің халифаның барша жанды сыйдырған көңіл сарайынан басқа ел қабылдайтын арнайы салынған ешқандай сәнді сарайы жоқ. Тек қана кедей-кепшіктіктердікі тәрізді кішкене ғана күркесі бар,- десті.

Бұны естігенде грек елшісінің таңданысында шек болмады. Қанша тиелген жүктері мен сыйлықтарын, түйелерін-бәрін бос қоя беріп Хазіреті Омар Фаруқты іздей бастайды. Қала ішінен түк қалдырмай халифаны іздеп жүріп өз-өзіне: «Мәссаған, демек адамдардың назарына көп түсе бермейтін ел басшысы да болады екен-ау» деп күбірлеген күйі іздеуін жалғастыра береді.

Бір араб әйел:

- Сен іздеп жүрген Халифа Омар әне, ана құрма ағашының көлеңкесіндегі кісі. Елдің бәрі төсекте жатқанда ол керісінше жерде құм үстінде жатыр. Бар да көлеңкеде жатқан зылл-ы- иләхиге (Хақтың көлеңкесіне) көз сал!..- деген еді.

Ұйықтап жатқан Хз. Омардың сұсты кейпі грек елшісіне қатты әсер еткен болатын. Қорқыныш пен ұнамдылық екеуі екі бөлек жайт болғанымен екеуінің бірдей бойын баурап алғанына таңданған елші өз-өзіне «Мен қаншама императорларды көріп, солардың мақтауын естіген жанмын. Алайда сол патшалардың қасында ұяламаған қорқыныш пен сүйіспеншіліктің дәл осы бір кісінің қасына келгенде бойымды тебіренткені тегін болмаса керек. Халифа ешбір қарусыз жерде жатса да, менің бүкіл денеммен сонша дірілдеп қорыққаныма жол болсын?! Бұл не өзі сонда?! Сірә, бұл сұсты кейіп мына шапанға оранып жатқан кісіге Хақтан берілсе керек» деген болатын.

Грек елшісі осылайша өз ойымен өзі арпалысып жатқанда Хз. Омар да ұйқысынан оянған еді. Грек елшісі Хз. Омарға иіліп құрметпен сәлем береді. Халифа да ерекше бір ілтипатпен сәлемін қабыл алып, демде-ақ оны өзінің жан сарайымен баурап, небір шуақты тәтті сөздерін сыйлап, жанын жадырата түсті.

Елші мынадай ел басшысы дәрежесіндегі адамның соншалықты кішіпейілдігіне таң тамаша болған еді. Тіпті бөтен елден келген елші сәлден кейін-ақ Хз. Омарға өз елінің адамынша бауыр басып, әдемі әңгімеге елтіп, ерігені сонша, не жұмыспен келгені де есінен тарс шықты.

«Жақсы сөзге жан семірер» деген осы болар.