
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Пайғамбар қойған астау
Хз. Омар бір күні Жұма намазына бара жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен алып тастады, сөйтті де үйіне қайта қайтып, үстіндегі киімін таза киімдерге ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере жиналған халыққа қаратып: «Әй, жамағат, мүьминдерге қиыншылық жасап отырған жайларыңыз бар,- деп бастап,- мен сол қан тамшылаған астауды орнынан алып тастадым»,- деп сөзін аяқтайды. Хз. Омар сөзін бітірместен мешіт ішінен біреудің «Әй, Омар! Сен не бүлдірдің?» деп айғайлаған дауыс шықты. Бұны айтқан адам Хз. Омардың ең қатты жақсы көретін досы Хз. Аббас еді. Кезінде бір қуаңшылықтан қатты қысылғанда «Аллаһым, бұл - пайғамбардың көкесінің қолы, бізге сол қолдың құрметі үшін жаңбыр жаудыра гөр!» деген тілек те осы Аббасқа қатысты айтылған-ды.
Аббас түрегелген күйі: «Ей, Омар! Ол там менің тамым болатын. Ал жаңағы астауды Хз. Мұхаммед (с.а.с.) өз қолдарыммен сол жерге қойған еді ғой, сенің мына істегенің не?»- деді.
Хазіреті Омар «пайғамбарымыз өз қолдарымен қойып еді» деген сөзді естігенде-ақ бойдағы бар әл-дәрменінен айрылып, жер сүзе құлағандай халге түсті.
Хз. Омар өз ісіне қатты өкініш білдіре:- Уа, Аббас!-дейді,- мен қазір сол тамның түбіне барып басымды жерге қоям, ал сен болсаң менің басымды аяғыңмен басып тұрып жаңағы астауды орнына қоясың. Сен ол астауды орнына қоймайынша мен басымды ол жерден көтермек емеспін,-дейді.
Сөйтіп, соңында ескі астау өз орнына қайта қойылған болатын.
Иә, сахабалар хазіреті Мұхаммедті (с.а.с.) осыншалықты жақсы көретін, тіпті оның әрбір іс-әрекеті олар үшін бұлжымайтын қағидаға айналған еді. Ирандықтар мен Византияны тізе бүктірген Хз. Омар пайғамбарымыздың өз қолымен қойған астауына келгенде қаншалықты кішіпейілділік танытып, майдай еріді десеңізші?! Шіркін, біз де сүйікті пайғамбарымыздың қандай да бір ісінің ұмытылмауында сахабалар көрсеткен қырағылықтың сәл-пәлін болса да көрсете алғанымызда екі дүниеміз де жұмаққа айналған болар еді...
Адамды тану
Хазіреті Омардың қасында бір кісі әлдебір дауға қатысты куәгер болған еді. Омар ибну-л- Хаттаб оған:
- Мен сені танымаймын, сені танитын біреу келсін,- деді.
Жанында тұрғандардың біреуі:
- Мен оны танимын,- деді.
Хазіреті Омар одан:
- Иә, танысаң айтшы, бұл қандай адам?- деп сұрады. Ол кісі:
- Жөні түзу, әділ кісі,- деп жауап берді.
Хазіреті Омар (р.а.) қайта сұрады:
- Күндіз-түні не істеп, не қойғанын жақсы білетіндей жақын көршің бе еді?
- Жоқ,- деп жауап берді әлгі кісі.
Хазіреті Омар (р.а.):
- Кісінің қаншалықты Құдайдан қорқатын тақуа екендігі оның ел арасындағы іс- әркеті мен қылықтарынан белгілі. Бұл кісі сауда-саттықпен айналысушы ма еді?- деп қайта сұрады.
Әлгі кісі бұған да:
- Жоқ,- деп жауап берді.
Бұл жолы Хазіреті Омар (р.а.):
- Бұл кісінің мінез- құлқының жақсы-жаман екендігіне көз жеткізетіндей бірге сапарға шығып көріп пе едің?- деп тағы сұрады.
Әлгі кісі бұл сұраққа да «Жоқ» деп жауап бергенде Хазіреті Омар:
- Онда сен бұл кісіні танымайды екенсің,- деді де куәгерлік айтқан адамға қарап:- Бар да, сені танитын басқа біреуді ертіп кел,- деді17.
Демек, бір адамды жақыннан тану үшін 3 шартқа аса мән берген жөн. Не қоян-қолтық араласатын көрші болып тұрасың, не саудаласып көресің, не бірге сапарға шығасың. Ал, осы үш шарт жүзеге аспаған болса- ол адамды танимын деу ағаттық.