
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Өзің қандай болсаң, басшың сондай
Хазіреті Омар (р.а.) қай жолмен жүрсе де сол жол бойында жатқан ірілеу тастарды аяғының ұшымен жолдың шетіне ысырып, өзінен кейін сол жолмен жүретіндерге кедергі келтірмеуіне көңіл бөлетін.
Бір күні тағы да жолмен кетіп бара жатып, жол үстінде жатқан бір тасты аяғымен жол шетіне қарай ысыра теуіп қалған. Алайда жол шетіне шығарып тастамақ болған тас қарсы келе жатқан бір сахабаның аяғына барып тиген еді. Бұл жайтқа Хз. Омар іштей өкініш білдіре үндемеген қалпы кете барды.
Арада бір жыл өткен еді. Хз. Омар сол баяғы жолмен кетіп бара жатып тағы да кездесіп қалып жатқан жол бойындағы тастарды жол шетіне ысырып бара жатқан еді. Дәл сол мезет өткен жылы аяғына тас тиген сахаба да сол жолмен өтіп бара жатыр екен.
Халифа еш ойланбастан қалтасына қолын салып жіберіп бір уыс ақша алған күйі әлгі сахабаға:
- Мә, мына ақшаны ал да қажетіңе жұмса,- деді.
Сахаба таңырқаған күйі:
- Әй, мүьминдердің басшысы! Жұмсайтын ақшам менің өзімде де бар ғой,- деді.
- Жұмсайтын ақшаң да бар шығар білем, бірақ сонда да алғаныңды қалап тұрмын!
- Жоқ, маған қажет емес.
- Әй, сен осы жылы қажылыққа бармаушы ма едің?
- Иә, барам.
- Онда мә, жолыңа жұмсарсың!
- Жолыма да ақшам жеткілікті.
- Иә, жолыңа да ақшаң бар екендігін білемін, алайда мені кешірсін деп осы ақшаны берсем деп едім. Есіңде болса өткен жылы дәл осы жермен кетіп бара жатып бір тасты жол шетіне теуіп жібергенім сол еді, ол тас барып байқаусызда сенің аяғыңа тиген болатын. Мен басшы бола тұра халықтан бір адамды болсын аяғын ауыртып, ренжіткенім үшін іштей өзімді қатты кінәлап едім. Енді міне, соның мүмкіндігі болып тұрғандай. Сен мына ақшаны ал да менің сол жолғы абайсызда болған қылығымды кешір, мен де іштей мазасыздықтан құтылайын. Сен бұны алсаң мен қуанып, өзімді жақсы сезінер едім. Кісі ақысының салмағын өзің білесің ғой!..
Бұл сол кезгі мемлекет басшысының жағдайы еді. Ал енді сол күнгі жай қарапайым халықтың жайынан мысал беріп көрейік.
Өзі тоқ бола тұра көршісі аш бұратылып жатса, ондай адамның мұсылманға жатпайтындығын Әбу Зәрр жиі айтатын. Ол сондай-ақ қолында мүмкіндік бола тұра кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға қараспаған адамның о дүниеде Тозақтың азабын тартатындығын да жиі ескертетін.
Оны осы қылығын жақсы білетін жақын таныстарының бірі оның өзін қатырып тұрып сынап көру үшін оған сыйлық ретінде бір кесе алтын беріп жіберген болатын.
Әбу Зәрр болса ол алтынды ала алмайтындығын, одан да сол алтынды өзінен де жағдайы төмен кедей-кембағалдарға тапсыруы керектігін қанша қадап айтса да алтынды әкелген құл азар да безер болып «егер сіз осыны алсаңыз менің құлдықтан құтылатындығымды айтты» деп тұрып алған соң Әбу Зәрр лажсыздан ол алтындарды алуға мәжбүр еді.
Ертесі күні таңертең қайта келіп тұрған кешегі құл:
- Кешіріңіз, кешегі алтындарды қайтып өзіме берсеңіз, мен оны қателесіп сізге әкеліп берген екенмін,- деп, кешегі берген алтындарды қайтарып беруін сұраған болатын.
Сонда оған берген Әбу зәррдің жауабы мынау болды:
- Көршім қарызға белшеден батып отырғанда уыс-уыс ақшаның буына мас болып отыратын адам мен емеспін, сондықтан кеше қолыма түскен ақшаны мен кешке дейін-ақ қарызынан құтыла алмай отырған жарлы-жақыбайлардың бәріне таратып бергенмін. Дәл қазір саған бере қоятындай менде ешқандай ақша жоқ!..
Иә, бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай кезден, бақытты ғасырдан бір көрініс болатын.
Ал енді біраз Хижреттің жетпісінші жылдарына қарай келейік.
Тарихта зұлымдығымен аты шыққан Хажжаж көптеген сахабалардың басын шапқан, тас лақтырып Қағбаны қиратпақ болған, аз қалған сахабалардың өзін улатып өлтірген қатыгез адам еді.
Бірде осы кісіге ел жиылып келіп:
- Әй, басшы! Сен ана Хазіреті Омар секілді болсаңшы. Ол әділдікті сүйетін, халықпен қалай жақсы шығысатын еді. Ол халықтың басын шапқызбақ түгілі абайсызда біреудің аяғына тас тиіп кеткені үшін бір жыл өтіп кетсе де ұмытпай кешірім сұрай білетін еді. Сен де соған кішкене ұқсасаңшы?!- деген екен.
Бұл сөзге Хажжаждың берген мағыналы жауабы мынау еді:
- Дұрыс айтасыңдар! Алайда Омардың басшылығы заманында Әбу Зәрр секілді халқы бар еді. Сендер Әбу Зәрр секілді діндас бауырларының қамын жейтін шынайы, жылы жүректі мұсылман болсаңдар, мен де Омар секілді халықты ойлайтын әділ басшы болар едім. Өздерің Әбу Зәррдай бола алмай тұрып, менен Омар болуды күтпеңдер! Өйткені сендердің мына кейіптеріңе қазіргі мен ғана лайықпын!
Мұндайды дана халқымыз «Әпкеме жездем сай» деп құптап та, «Тырнадан басшы қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес» деп сынап та айта білген.