
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш - Хижреттің он жетінші жылы болатын. Ел басқарып отырған Халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан Пайғамбар мешітін кеңейтпек болды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді егелерімен келісе отырып мешітке қосу керек еді. Көп өтпей-ақ мешіт қасындағы жерлердің егелеріне қолқа салды:
- Үйлеріңіз бен жерлеріңізді Расулаллаһтың мешітін кеңейту үшін сатып алсам деймін. Ешкім де өз мүлкін арзанға бағаланады деп ойламасын. Әркім өз жерінің бағасын өзі шамалап айтсын. Мен біреудің жерін қолынан күштеп алып, Пайғамбар мешітін кеңейтуден аулақпын.
Елдің бәрі жерлері мен үйлерінің бағасын өздері айтып, мешіт маңындағы жерлер сатылып алына бастады. Мешітті кеңейтуге едәуір жер де табылды. Алайда күтпеген жерден бір кілтипан кездескен болатын. Ол- Хазіреті Аббастың келіспеуі еді. Хз. Аббас басын алып-қашқан күйі жерін сатпаймын деп тұрып алды. Тіпті мешіт үшін дегенге де көнбеді. Халифа өз ұсынысын тағы қайталады:
- Ей, Аббас! Жеріңді сатқаннан сен ұтылмайсың, арзанға алмаймыз. Біреудің көзінен жасын ағызып Пайғамбар мешітіне жер алып қосар жайымыз жоқ. Егер жердің ақшасын азырқансаң онда екі-үш есе ғып төлейік. Әйтеуір сен разы болып жеріңді сат. Осымен бұл жұмысты тәмамдайық. Пайғамбар мешіті кеңейіп халық игілігіне жарасын.
Бірақ, қайдан! Аббас бұған да көнбеді:
- Жоқ! Мүлік менікі болғандықтан қанша ақша берсеңдер де сатқым келмейді. Тартып алмақ болсаңдар, онда басқаша!
Мәселе шешілер болмаған соң Халифа Сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Қазылық қызметін атақты құқықшы Ұбейд бин Қааб атқарады.
Екі жақ та сот алдында отыр. Мемлекет басшысы:
- Біз басшылық ретінде Аббасқа жер құнын еселеп беруді ұсынған едік. Оның бұған келіспейтін жөні жоқ. Жерін берсін, Пайғамбар мешітін кеңейтуіміз керек.
Аббастың жауабы:
- Жер менікі болса, мүлік иесі мен болсам, құнын қанша еселеп берсе де бергім келмейді. Ақшамен қыстаса да, мешітке қосамыз десе де қолымнан күштеп ала алмайды.
Сот үкімі:
- Ислам құқығы бойынша ешкім ешкімнің жері мен мүлкін ақшалай болса да тартып алуға хақысы жоқ. Мешіт үшін болса да мүлік иесін күштей алмайды. Аббастың мүлкі Аббастың өз қолында қалады. Үкіметтің оны күштеуіне жол берілмейді.
Соттың бұлжымайтын шешімі шығып, екі жақ та сот үкіміне көніп есікке бет алғанда, аяқ астынан бір дауыс естілген болатын. Міне, қызық! Ол дауыс Аббастыкі еді:
- Ей, Ұбей! Сот үкімі осымен бітті ме? Нақ осы шешімге тоқталдық па?
- Иә, Соттың нақты үкімі шықты, ешкім сенің жеріңді құнын көп төлесе де күштеп ала алмайды.
- Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар! Сот алдында мен өз шешімімді айтайын: Жерімді дәл қазірден бастап Расулаллаһтың мешітіне қосуға тегін-ақ бағыштадым. Маған бір тиын да пайданың керегі жоқ. Бәрің де куәгер болыңдар, құнын қанша еселеп төлесе де бермеген жерімді су тегін-ақ Пайғамбар мешітін кеңейту үшін Халифаға бердім. Бұдан былай мүлік иесі- мен емес, мына тұрған Халифа.
Ұбей бин Қааб сұрады:
- Ей, Аббас! Бұныңды қалай түсінуге болады? Басында еселеп төлеген ақшаға бермеген жеріңді қалайша тегін-ақ бере салдың?
Аббастың берген жауабы, шынында да, таңғаларлық болатын:
- Исламның адам құқықтарына деген зор құрметін айдай әлемге паш ету үшін!..
Ислам діні адам құқықтарына зор құрметпен қараған. Тіпті бір жанұяның өзінде ата-ана, бала, отағасының, жұбайының құқықтары деп жеке-жеке тоқталуы да соның айғағы.