- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Ақысын даулаған сахаба
Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған соңғы күндері болатын. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді.
Осы ниетпен бір күні Біләлге азан айтқызып, жұртты мешітке жинауын өтінді. Пайғамбар сөзін екі етіп көрмеген Хазіреті Біләл дереу мұнараға шығып, зор даусымен азан шақырды. Әуезді азан даусын естір-естімес Мәдиналығы бар, Меккеден көшіп келгені бар - барлық мұсылмандар мешітке аяңдап жинала бастады. Сәлден кейін-ақ мешіт іші лық толған болатын.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға екі рәкат намаз оқытқанан кейін мінберге шығып сөз бастады. Алдымен Аллаһ Тағалаға шүкір етіп мақтау айтты. Артынша бүкіл елдің ет жүрегін езілтіп, жан- жүрегін тебіренткен, еріксіз көздеріне жас алғызып, тұла бойын шымырлатқан хұтбасын оқыды. Хұтба соңы анық-анық айтылған мына сөздерге ұласты:
«Ей, мүьминдер! Мен сендердің Пайғамбарларыңмын. Өмір бойы ізгілікке үгіттеп, тынбастан бәріңді де Аллаһтың ақ жолына шақырумен келдім. Жақсылықты насихаттауда бір ғана Жаратқанның жәрдеміне арқа сүйеумен болдым. Сендерді қызғыштай қорғадым. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқтырмауға тырыстым. Сендерге қолымнан келгенше бір әкедей-ақ мейірімділік таныттым. Мұң-қайғыларыңды да бірге арқаладым...
Ал енді сендерден сұрарым: Осынша жыл бірге жүріп-тұрғанда менде ақысы кеткен жан араларыңда бар ма? Ақысы кеткенің бар болса, Құдай үшін, Қиямет күніндегі есепке қаратпастан дәл қазір менен ақысын алсын!»
Пайғамбар сөзін тыңдағанда көңілдері өрекпіп, көздеріне жас үйірілген сахабалардың ешқайсысы да тікелей Пайғамбарға барып «Менің сенде ақым кеткен» демеді. Ардақты Пайғамбарымыз дәл осы сұрақты екі-үш рет қайталағанда ғана сахабалардан Үккаша орнынан тұрып Пайғамбарымыздың қасына барды. Сөйтті де сөз бастады: - Уа, Аллаһ Тағаланың сүйікті Елшісі! Сіз үшін әке-шешемнің де жаны пида! Құдай үшін деп бірнеше мәрте қайталағандықтан айтпасқа лажым жоқ, менің сізде ақым кеткен еді, - деді де болған оқиғаны былайша баяндады:
- Я, Расулаллаһ! Бір күні сізбен бірге соғыста болатынмын. Шайқастың қызған кезі еді. Бір уақытта қалай екенін қайдам мінген түйелеріміз бүйірлесіп қатар келіп қалыпты. Бұным ұят болды ма, қой кешірім сұрайын деп түйемнен түсіп жақындай бергенім сол еді, арқама сіздің тиген қамшыңыз осып түскен болатын. Я, Расулаллаһ, сол жолы сіз әдейі-ақ мені қамшымен тартып жібердіңіз бе, жоқ әлде, байқамастан болды ма сол жағын әлі күнге ажырата алмай келемін...
Бұны естігенде Пайғамбарымыз:
- Ей, Үккаша! Пайғамбар саған әдейі қайтып ұрсын! Байқамастан болған ғой,- деп кешірім сұрайды да артынша хз. Біләлді қызы Фатиманың үйіне барып дәл сол жолғы қамшыны әкелуге жіберді.
Біләл (р.а.) мешіттен шыққан бойы бірден Фатиманың үйіне бет түзеді. Бір жағынан Пайғамбардың қалай өз-өзіне жұрт көзінше жаза бермек болғандығына да таңғалған болатын.
Келе сала есікті қақты. Іштен Фатиманың:- Ол кім?-деген даусы естілді. Біләл (р.а.) өзінің атын айтып Пайғамбардың қамшы сұратқанын жеткізді. Фатима: - Ей, Біләл! Әкем қамшыны не істемек?- деп сұрады.
Біләл: -Өз-өзін жазаландырмақшы,-деп жауап берді.
Фатима:- Ей, Біләл! Қамшымен ұрып әкемнен ақысын алмақ болған кім?- деп сұрады.
Біләл: - Үккаша,-деп жауап қатқаннан кейін қамшыны алған бойы мешітке зулады. Қамшыны апарып хз. Пайғамбарға (с.а.с.) ұстатты. Пайғамбар болса қамшыны Үккашаға берді.
Дәл осы арада орындарынан атып тұрған Хз. Әбу Бәкір мен Хз. Омар қосарлана: - Ей, Үккаша! Қамшымен Пайғамбарды ұрғанша бізді ұр, міне арқамыз,-деп жалыныш білдіре арқаларын тосты.
Хазіреті Пайғамбар болса:
- Уа, Әбу Бәкір, ей, Омар! Аллаһ Тағала сендердің бұл тілектерің үшін сый-құрметке бөлейтіндігі күмәнсіз,- деді.
Бұл жолы Үккашаға хз. Али жалына бастаған болатын: - Ей, Үккаша! Пайғамбарды қамшымен ұруыңа риза емеспін. Оны ұрғанша мені ұр! Міне, арқам, міне, кеудем, қай жерімнен қанша ұрғың келсе де ұр!
Оған да Хз. Пайғамбар басу айтты:- Уа, Али! Орныңа отыр! Ұлы Аллаһ сенің бұл жақсылығыңды да елеусіз тастамайды.
Үккашаға енді Хасан мен Хұсейін жалына бастады.
- Ей, Үккаша! Біздің Пайғамбар немерелері екендігімізді білесің, одан алмақ болған өшіңді бізден алғаның жарасады. Өтінеміз, одан да бізді ұр!- десті.
-Уа, менің көзайым немерелерім! Орындарыңа отырыңдар!- деді Пайғамбар оларға да, сөйтті де Үккашаға бұрылып: - Әй, Үккаша! Мені шындап ұрғың келсе, кәне ұр!- деді. Үккаша болса:- Я, Расулаллаһ!-деді тайсалмастан: - Сіз ұрғанда мен жалаңаш болатынмын. Мен де сізді ұрарда денеңіздің жалаңаш болғанын қалаймын,- деді.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) екі сөзге келместен бірден жейдесін шешті. Сөйтті де:- Кәне, ұр!-деді,-қалағаныңша ұр!
Бұны көрген мешіттегі бар сахабалар көңілдері босап жылаған болатын. Жейдесін шешкенде Пайғамбар денесінің сүттей аппақтығына отырған жұрт таңғалысты. Арқасында тумысынан Аллаһ Тағаланың берген сыйы, елші екендігінің хақ дәлелі- қал тәрізді Пайғамбарлық мөрі де көзге оттай басылған болатын. Қамшымен ұрады деп күткен Үккаша барған бойы Пайғамбар арқасындағы сол мөрге ерін тигізіп, сүйіп-сүйіп алған болатын.
Сөйтті де:- Уа, Аллаһ Тағаланың құрметті Елшісі!- деді:- Сіздей адамға кім қол көтерсін?! Бар арманым-сіздің арқаңыздағы Пайғамбарлық қалыңызды қанғанымша бір сүю болатын. Сол арманыма бүгін жеттім. Мен бақыттымын! Аллаһ Тағала енді сіздің құрметіңізге бола мен бейбақты Тозақ отына қия қоймас!
Отырған жұрт тебірене теңселіп кетті. Пайғамбарымыз да қатты толқыған болатын. Қуанышты жүзбен көпшілікке көз тастаған Пайғамбарымыз:
- Жұмақтық адам көргілерің келсе, мына Үккашаға қараңдар!- деді.
Бұны естіген бүкіл мұсылмандар Үккашаны құттықтап, оны маңдайынан сүйгіштеді.
