Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Күнә іздеуші де кінәлі

Бір күні түнде ел басқаратын Халифа хазіреті Омар мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауыстар естіген болатын. Үйге таяп келген Халифа:

- Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін білесің бе?- деп сұрады.

Абдуррахман:

- Білмеймін,- деп жауап берді.

Халифа өзі:

- Бұл-Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс арақ ішкенге ұқсайды. Мастықпен айғайласып отыр. Бұларды мықтап тұрып жазаласақ қалай қарайсың?

Абдуррахман ибн Ауф болса:

- Маған салсаңыз, жазаға олар емес, біз лайықты секілдіміз!- деді именбестен.

Тосын жауапқа Халифа іркіліп қалды. Сөйтті де:

- Неге?- деп сұрады артынша таңданысын жасыра алмай.

Сонда қасындағы саңлақ сахаба оның себебін былай деп түсіндірген еді:

- Өйткені Аллаһ Тағаланың «Адамдардың жасырын күналарын іздестірмеңдер!» деген бұйрығы бар. Біз болсақ түннің бір уағында елдің үйіне келіп тіміскіленіп олардан қателік іздеп жүрміз. Негізі, жазаны біз тартуымыз керек!..

Абдуррахманның көкейге қонымды сөзіне ойланып қалған Халифа оған дереу қолын ұсынған бойы:

- Ендеше, қолымнан ұста! Кеттік бұл жерден! Әйтпесе, расында да жазаны олар емес біз тартуымыз мүмкін,- деген еді асыға.

Былай шыға бере Халифа өз- өзінен күбірлеп бара жатты. «Ойы да жөні де түзу осындай достардан Аллаһ Тағала бізді мақұрым етпегей! Менікі ғана дұрыс деп, кеудемсоқтыққа салынудан сақтасын! Білмегеніңді білгеннен сұрап, соның айтқанына көне білген қандай жақсы!»

Расында да қарғыстың ең жаманы «Өзің білме, білгеннің тілін алма» емес пе?

Асыра мақтау жөн бе?

Хазіреті Омар (р.а.) тағайындаған басшылардың бірі Жұма хұтбасы кезінде Хз. Омарды жерге-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, сахабалардың біреуі шыдай алмай орнынан атып тұрып әлгі кісімен шарт-шұрт сөзге келіп қалған болатын.

Намаз біткенде мешітте болған жайт хз. Омардың құлағына да жеткен еді. Халифа Омардың әмірімен әлгі сахаба дереу тұтқындалып алдына әкелінеді. Сахаба кірген бойда Халифаға сәлем береді. Алайда өзі ашуланып отырған Халифа оның сәлемін алмастан тіпті жекіп те жібереді. Сол кезде сахаба:

  • Ей, Омар,- дейді жұлып алғандай басын көтерген күйі,- мен бір кінә жасасам, сен екі кінә жасап отырсың!

Бұны естігенде бағанадан бері Омардың алқымына тығылған бар ашуы сап тыйылып:

  • Менің екі кінәм не болды сонда?- деп сұрады таңырқап.

Сахаба тағы да тайсалмастан:

  • Аллаһтың бер деген сәлемін беріп ем, ашумен сәлемімді алмадың. Яғни уәжіпті елемедің, бұл- бір. Кінәлі адамға құлақ түрмей жатып бір жақты ғана үкім айттың, бұл- екі,- деді.

Бұны естіп сабасына түскен хазіреті Омар (р.а.) болған жайды айтып беруін өтінгенде, ол былай деп түсіндірді:

  • Сен тағайындаған басшы хұтбада сені жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, ел сені Әбу Бәкірден де артық па деген ойға қалды. Алайда сенің Әбу Бәкірге жете алмасың айдан анық жайт. Мен осыған келіспеушілік білдірдім.

Хазіреті Омардың таңғалысы тіпті арта түсіп:

  • Иә, неліктен мен Хз. әбу Бәкірге жете алмайды екем?- деп сұрады.

Сонда әлгі сахаба:

  • Сол да сөз болып па,- деді өз сөзін дәлелдемек болып,- «жасаққа қол ұшын беріңдер» деп Пайғамбарымыз бұйырғанда сен қолыңдағы малдың жартысын ғана әкелдің де, ал хазіреті Әбу Бәкір болса өзіне тышқақ лақ та қалдырмай түгел әкеліп елді бір жылатпап па еді?!

Бұны естігенде хз. Омар (р.а.) әлгі сахабадан кешірім сұрап, оны еркіне қоя берді. Артынша жағымпаздық жасаған әлгі басшыны жұмыстан босатты.