
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Таңғажайып құс
Расулаллаһ (с.а.с.) пен Әбу Бәкір (р.а.) Меккеден көшкенде жолай соққан үңгірде үш күн үш түн қонады. Әбу Бәкір (р.а.) сол үңгірдің аузынан бір құс көрді. Алайда ол құстың орнынан қозғалмағаны былай тұрсын екі-үш күн бойына бірдеңе шоқып ауқат та қылмаған еді.
Бұл жайтты байқап таң тамаша болған Әбу Бәкір (р.а.):
- Я, Расулаллаһ! Мына құсқа қайранмын. Қайран болатын себебім - ол біз келгелі үш күн үш түн бойы әлі нәр татпады. Тіпті орнынан қозғалмады да. Құранда «Аллаһ Тағала ризығын бермейтін жер бетінде ештеңе жоқ» деді емес пе, бұл қалай болғаны?- деп сұрады.
Ол сондай ой үстінде тұрғанда Пайғамбарымызға Жәбірейіл періште келіп:
- Уа, Мұхаммед! Саған Жаратушының сәлемі бар. Және былай деп бұйырды: «Әбу Бәкірдің ойына келген нәрсені білемін. Ол құсқа тіл бітірдім. Әбу Бәкір барып құспен сөйлессін»,- дегенді жеткізді.
Пайғамбарымыз Хз. Жәбрайылдың сөзін Әбу Бәкірге жеткізді. Әбу Бәкір (р.а.) бұл хабарға қуанған күйі құсқа беттеді. Ол құсқа қарап:
- Әй, пәк құс! Аллаһ Тағаланың әмірімен маған айтшы, сен азықтанбай қалай өмір сүріп келесің?- деп сұрады.
Құс жылап жасын тыя алмаған күйі есінен танып қалды. Бір уақытта есін жиғанда өзін күтіп тұрған Әбу Бәкірге қарап:
- Уа, Әбу Бәкір! Менен оны сұраушы болма! Ол мен үшін құпия сыр еді. Аллаһ Тағаламен арамдағы сырды ешкімнің білгенін қаламаймын,- деді.
Әбу Бәкір (р.а.):
- Әй, құс! Егер Аллаһ Тағала саған айт десе айтқаның жөн ғой,- деді.
Сонда құс былай деп тіл қатты:
- Аллаһ Тағала мені Хазіреті Адамнан (а.с.а.) екі мың жыл бұрын жаратқан екен. Менің ішіп-жеуімді екі-ақ ауыз сөзге байланысты етіпті. Аш кезде сол екі сөзің біреуін айтамын да тоямын, шөлдеген кезде екіншісін айтамын да шөлім қанады...
Әбу Бәкір (р.а.) ол сөздің қандай сөз екендігін сұрады. Құс сонда:
- Ол екі сөздің біреуі мынау: аш кезімде сені қаралаған адамға лағынет айтамын да тойынамын, ал шөл қысқан кезде сені мадақтаған адамға Аллаһ Тағаладан кешірім тілеймін де шөлімді қандырамын,- деп жауап берді.
Бұны естігенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылады. Үмметінің ішінен кейіндеп хазіреті Әбу Бәкірді тілдейтін кейбіреулердің шығатындығына күйінді16.
Келін таңдау
Хазіреті Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған Халифа кезі болатын. Бүгін де ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауыстырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін аралап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кезде бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жатыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі үйдегі дауысқа құлақ түрді. Байқаса шешесі мен қызы әңгімелесіп жатыр екен. Шешесі:
Қызым, ертеңгі сатылатын сүтке су қосуды ұмытпа!- деді.
Алайда қызы:
Шеше, біздің Халифа сүтке су қоспаңдар деп елдің бәріне тыйым салмап па еді?- деп қарсылық білдірді.
Шешесі:
Е-е, түннің бір уағында сенің не істеп не қойып жатқаныңды Халифа қайдан білсін? Ол қазір жылы төсегінде ұйықтап жатқан болар..,-деді қызына өз айтқанын қалайда істеткізбек болып.
Бірақ қызы бұған да көнбей былай деді:
Шеше-ау, мейлі Халифа ұйқыда болсын-ақ, бірақ бәрімізді қас қақпай бағып тұрған Аллаһ Тағаланы қайтеміз? Сүтке су қосып елді алдамақ болғанымызды Халифадан жасырсақ та Хақ Тағаладан қалай жасырамыз? Ол бәрін де көріп-біліп тұрған жоқ па?!
Хазіреті Омар бұны естігенде қыздың адалдығы мен діндарлығына қайран қалып, іштей қатты сүйсінді. Сөйтті де бұл көргенін барып әйеліне айтты. Екеуі құда түсіп, әлгі қызды ұлдары Асыммен үйлендірді. Осылайша ақылды қыз Хазіреті Омарға келін болып түскен болатын.
Иә, Омарға келін болу аса қиын емес, ол үшін тек қана бәрін көріп-біліп тұрған Аллаһ Тағаладан ештеңені де жасыра алмайтындығыңды тереңнен сезіне білсең жеткілікті. Қыздың өне-бойы тәлім-тәрбиеге тұнып тұрса, оған қайыната болуға Омар секілді жаны жайсаң кісілердің әркезде де табылатындығы шындық..