
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Үңгірдегі жылан
Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) Аллаһ Тағаланың әмірімен Меккеден Мәдинаға көшпек болып:
- Жолдың бар ауыртпалығына шыдап, тіпті малын да жанын аямастан жаныма серік болып менімен көшетінің бар ма?- деп сұрағанда, елден бұрын хазіреті Әбу Бәкір (р.а.):
- Сенің жолыңда мал - жан ғана емес әкем мен шешем де құрбан болсын, уа, Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы! Бұндай абыройлы іске мені ерте гөр!- деп тілегін білдіріп, Аллаһтың Елшісі (с.а.с.) оны қасына ертті.
Екеуі көп өтпей-ақ ай жарығымен жұлдызды түні жол түзеп жүріп кетті. Әбу Бәкір сыддық жаны қалмай Пайғамбарымызды қорғаштап, біресе оңына, біресе солына шығып, дұшпан көзіне түсірмей қалқалап келе жатты.
Бұны байқаған Пайғамбарымыз Әбу Бәкірге сынай көз тастап:
- Ей, Әбу Бәкір! Мұншалық неге ақ тер көк терге түстің? Жоқ әлде қорқып келемісің?- дегенде, ол:
- Жоқ, Расулаллаһ! Сіздің қасыңызда мен ешқашан қорыққан емеспін. Сіздің бір тал шашыңызға болсын біреудің жамандығы тигенше мен секілді мыңдаған бейбақтың мойны қиылмай ма одан да, уа, діннің сәулетшісі,- деп өзінің сүйікті пайғамбарымызға деген адалдығын тағы бір дәлелдеген болатын.
Пайғамбарымыз болса оған:
- Уайымдай берме, Аллаһ Тағала бізбен бірге ғой,- деді.
Екеуі біраз жол жүріп жолшыбай бір таудағы межелеген үңгірге де келіп жетті.
Үңгірге кірмес бұрын Әбу Бәкір (р.а.):
- Я, Расулаллаһ! Сәл аялдасаңыз, әуелі үңгірге мен кіріп көрейін. Жылан-шаяны болса зияны сізге тиіп кетіп жүрмесін!-деп қиыла өтініш білдірді.
Пайғамбарымыз келіскендігін білдірді. Әбу Бәкір (р.а.) үңгірге бас сұққанда іштегі бар жәндік атаулы індеріне тарасты. Ол болса дереу үстіндегі жейдесін шешіп, әлгі жылан-шаяндардың тесіктерін нығап бекітті. Бірақ бір оймақтай тесікті бекітуге шүберек қалмаған болатын. Көп ойланып жатпастан оны дереу табанымен тіреді. Сөйтті де Екі әлемнің шуағы Пайғамбарымызды (с.а.с.) «келіңіз» деп аса бір ілтипатпен ішке кіруге шақырды. Қос әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыз болса «бисмиллаһ» деп Аллаһтың атын ауызға алған күйі ішке бас сұқты.
Таңды сонда атырды. Қызарып таң атқанда Хазіреті Әбу Бәкірдің үстінде көйлегінің жоқ екендігін байқаған Пайғамбарымыз одан оның себебін сұрады. Хазіреті Әбу Бәкір оған:
- Уа, Аллаһтың Елшісі! Сенің жолыңда көйлегімді жыртып, сізге зияны тиіп кетпесін деп үңгірдегі жылан мен шаяндардың тесіктерін бекіттім,- деп жауап бергенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
- Уа, Жаратқан! Қиямет күні Әбу Бәкірді де менің дәрежеме шығарып менімен бірге болғыз!- деп дұға етті.
Дәл осы сәт Әбу Бәкірдің түрінің солғын тартқанын байқаған Пайғамбарымыз оның себебін сұрады. Әбу Бәкір (р.а.) болған мына бір оқиғаны баяндады:
- Сізден рұқсат алып үңгірге кіріп тесік тесіктің бәріне киімімді жыртып бекіткеніммен бір тесік сол күйі ашық қалған болатын. Ол тесікті қайтерімді білмей аяғыммен жаппақ болдым. Сол сәт ар жақтан бір жыланның аяғымды бірнеше рет шаққанын сездім. Алайда аяғымды тартып алсам жылан шығып кетіп сізге бір зиянын тигізіп жүре ме деп, сол күйі аяғымды ала алмадым…
Бұны естігенде Пайғамбарымыз:
- Аяғыңды ал, бері шықсын,- деді.
Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) аяғын тартып алғанда іштен түрі тым сұсты улы жылан шықты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жыланға:
- Ей, ұятсыз жылан! Аллаһ Тағаладан қорықпай, менен де ұялмай үңгірлес әрі сырлас досымды қалай дәтің барып шақтың?- деп ұрысқанда, жыланға тіл бітіп ол былай деп жауап берді:
- Әй, Рахман Құдайдың сүйікті құлы! Әй, Әнсарлар мен жындардың Пайғамбары! Саған ғашық әрі ынтызар тек адамдар ғана емес. Сенің жамалыңды бір көруге жан-жануарлар да, ұшқан құс та, жер бауырлаған жылан да, тіпті жер астында күн кешкен құрт құмырсқалар да аса құмар. Мен де сенің баға жетпес асыл қасиеттеріңді естіген сәттен бастап өзімді ұмытып есім кете сені бір көруге ғашық болдым. Содан бері көзімнен сағыныш жасы кетпей сенің осы үңгірге бір соғарыңды естіп зарыға күткен едім. Нұр жамалыңды бір көруге құмартып сарыла күткенім сонша, күн-түн демей үңгірдің аузын бағып, аш-сусыз қалған жайсыздықтарды да елемедім. Сізді бір көріп барып мауқымды бассам дедім. Сіз үңгірге келгенде менің қуанышымда шек жоқ еді. Өзімді әлемдегі ең бақытты жандай сезінгенім сонша, төбем көкке бір елі жетпей қалған болатын. Алайда менің қуанышымды мына досыңыз су сепкендей басты да тастады. Ең болмаса бір тесік те қалдырмастан табанымен тіремек болды. Досыңның араға жол бермеген қылығына ашуланғандықтан ұят та, қорқу да жайын қалып, өз-өзіме ие бола алмай әлгіндей жайсыз әрекетке бой алдырдым,- деп ағынан жарыла кешірім тілегенде, екі әлемнің шапағатшысы Пайғамбарымыз жыланды кешірді.
Пайғамбарымыз хазіреті Әбу Бәкірдің аяғына мүбарак түкірігінен жағып еді ол сол сәтте-ақ жазылып шыға келді15.