Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Әбу Бәкірдің достығы

Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті:

- Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы Әміршісі Хақ Тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екен, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алады екен соны білгім келеді...

...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (АллаһТағала одан разы болсын) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілген болатын.

Жәбірәйіл (а.с.) соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден: - Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін маған садақа тастаған адамның Аллаһ Тағала бар күнәсін кешірсін!- деп естірте дауыстай бастады.

Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген болатын. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:- Қане, тағы бір рет қайталашы?- деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда Әбу Бәкірде әбүйірін жапқан лыпадан басқа ештеңе қалмаған болатын.

Үстіндегі киімі атаулыдан жұрдай болғанда Әбу Бәкір Сыддық Біләлді шақыртып:- Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бірдеңе әкел,- деді.

Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызды (с.а.с.) кездестірді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

- Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың ба?- деді.

Біләл (р.а.) әдеп сақтап: - Сіз айтыңыз,- деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған былай деді: - Жол шетінде отырған соқыр, ол- Жәбірәйіл періште. Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ Тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген.

Бұл кезде хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрған болатын. Хазіреті Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Хазіреті Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді.

Хазіреті Жәбірәйіл (а.с.) Расулаллаһтың (с.а.с.) алдына келіп:

- Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді,- деп, бағана Әбу Бәкір берген қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірәйіл періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне әкелді.

Әбу Бәкір (р.а.) болса:- Сіздің жолыңызға арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңліңіз соқса, соған берерсіз,- деген болатын11...

ұл әңгіме доспын деп сөз байласқандардың көкейінде жүрер асыл аманат.

Әбу Бәкірден озу қайда!

Хазіреті Омар (р.а.) әңгімелеуде:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге әскерлерді қамтамасыз ету үшін өзара жылу жинауды бұйырды. Менің ең бір байыған кезім болатын. Ылғи менен озып кете беретін Әбу Бәкірдің (р.а.) осы жолы бір алдын орап, шаң қаптырмасам ба деген тұтқиылдан бір ой келді. Өйткені ол қашан болсын жақсылық жасауда алдына жан салмайтын. Арамыздағы ең көп садақа беретін де сол еді. Осы жолы одан да көп жылу берейінші деген оймен бар малымды теңдей екіге бөліп жартысын садақа ретінде апардым.

Мені көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.):

- Ей, Омар! Үй- ішіңе де бірдеңе қалдырдың ба?- деп сұрады.

Мен:

- Я, Расулаллаһ!,- дедім,- Үй-ішіме малымның тең жартысын қалдырдым,- дедім өз ісіме масаттанып.

Дәл осы сәт қолындағы малын алдына салып айдаған күйі Әбу Бәкір де келген болатын.

Пайғамбарымыз одан да:

- Ей, Әбу Бәкір! Өз үй-ішіңе сен не қалдырдың?- деп сұрады.

Әбу Бәкір болса:

- Я, Расулаллаһ!- деді,- Үй-ішіме Аллаһ Тағала мен Пайғамбарына деген сүйіспеншілікті ғана қалдырдым,- деді.

Дәл осы сәт екеумізге көз тастаған Пайғамбарымыз:

- Екеуіңнің араларыңдағы айырмашылық- дәл жауаптарыңдағы айырмашылықтай,- деген болатын.

Осыдан бастап Әбу Бәкірден озсам-ау деген көкейді тескен ой-қиялдан біржолата арылдым12...