
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
Расулаллаһ (с.а.с.) бір күні шын ықыласпен айтылған кәлима-и шәһадаттың ақыретте мүмин таразысының оң жақ басын қалай ауыр басатынын былай деп түсіндіріп берген:
«Аллаһ Тағала Қиямет күні үмметімнің ішінен бір адамды сықаса жиналған халықтың арасынан шығарып алып, оған қатталған тоқсан тоғыз дәптерді көрсетеді. Әр дәптердің үлкендігіне кім де болса бас шайқап таңырқай қарайды.
Аллаһ Тағала әлгі адамнан:
- Мына дәптерде жазылғандарға не айтасың? Менің жазушы періштелерім саған еш қиянат жасамап па?- деп сұрайды.
Құл:
- Уа, Раббым! Жоқ, әрине. Бәрі де дұрыс,- дейді.
Аллаһ Тағала одан қайта сұрайды:
- Осыларды жасағандығың рас болса маған айтар дауың бар ма?
Құл:
- Я, Аллаһ Тағала! Айтар дауым жоқ,- деген жауапты естігенде, Жаратушы:
- Бұдан тыс сенің үлкен жақсылық-сауабың да бар. Біз бүгін сені ешқандай жамандыққа ұшыратпаймыз,- дейді.
Бірден тілдей бір қағаз көрсетіледі. Қағаздың ерекшелігі сол - онда «Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадун Расулаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі Елшісі) деген жазу көрінеді.
Аллаһ Тағала:
- Ал енді жасаған амалдарын дайындаңдар,- дейді.
Құл:
- Уа, Аллаһ Тағала, мына қағаз қандай қағаз?- деп сұрайды.
Аллаһ Тағала оған:
- Бүгін сен жамандыққа ұшырамайсың,- деп бұйырады.
Бірден дәптерлер таразының бір басына, әлгіндегі бір жапырақ қағаз болса таразының екінші басына қойылады. Таразы тартылғанда дәптерлер жеңіл тартып, қағаз ауыр басады».
Негізінде, Аллаһ Тағаланың атымен не салыстырылса да онымен бәрібір тең келе алмасы анық.
Пайғамбар екеніңді дәлелде!
Хазіреті Әбу Бәкір Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын. Көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылған болатын. Әбу Бәкір болса айды қос қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі болып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты танымал монахқа барып түсін жорытты. Монах әуелі:
Қай жақтан боласың?-деп сұрады.
Әбу Бәкір:
Хижаз аймағынан,- деп жауап берді.
Монах:
Немен шұғылданасың?- деп қайта сұрады.
Әбу Бәкір:
Саудагермін,- деп жауап қатты.
Бұны естігенде монах:
Ей, арабстандық жан, мына түс тегін түс емес екен. Шынын айтсам, үлкен сүйінші түсіп тұрған жайы бар. Ақымды берсең, дәл қазір жорып берейін,-деді.
Әбу Бәкір (р.а.) оған сол мезет он екі динар ұстатты.
Монах сөзін жалғап, түсті былай деп жорыды:
Көктегі айдың саған түсуі – ақырзаман пайғамбарының келетіндігі. Таяу уақыттарда ол өзінің «Пайғамбарлығын» жұртқа жариялап айтады. Сен сол Пайғамбардың қасында жүретін уәзірі, кейіннен Халифасы боласың. Уа, арабстандық жан, егер Ол менің тірі кезімде келсе, онда маған хабар сал. Барып жолығып, оны өз көзіммен көрейін. Ал Ол келген кезде мен о дүниелік болып кетсем, онда менің дұғай-дұғай сәлемімді жеткіз. Оның әкелген жаңа дініне менің кіргенімді, Оның үмметі болғандығымды айт. Ақыретте маған шапағат етуді ұмытпасын!
Әбу Бәкір бұны естігенде:
Олай болса маған хат жазып қалдыр,- деді.
Монах он екі сөйлеммен жазылған хатты Әбу Бәкірге ұсынды. Хаттың төркіні мынадай болатын: «Ассалаумағаләйкум, уа, Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл- Мәкки әл- Мәдәни әл-техами! Сен - расында да ақырзаман Пайғамбары, он сегіз мың ғаламның Иесі Хақ Тағаланың Елшісісің! Мына үшбу хатты Әбу Бәкір ибн Әбу Күхафа арқылы өзіңе жолдап отырмын. Осы арқылы саған иланып, иманға келгенімді, саған үммет болып ергенімді жеткізгім келеді. Әбу Бәкір келіп, түсін жорытты. Сол түс бойынша Әбу Бәкір сенің уәзірің кейіннен халифаң болады. Егер мен тірі тұрсам, сенімен бірге Аллаһ жолында әл-дәрменімнің жеткенінше күресуден тартынбаймын. Ал егер оған өмірім жетпесе, онда маған да ақыретте шапағат етуді ұмытпағайсың!»
Хазіреті Әбу Бәкір түсін жорып берген кісіге қарап:
Егер түсім дәл осы жорығаныңдай болып шықса, онда менен тағы да жүз динар алашағың болсын,- деді риза кейіппен.
Әне-міне дегенше Шам сапары да бітіп, Әбу Бәкір Меккеге келді. Арадан он екі жыл өтті. Аллаһ Тағала хазіреті Мұхммедке уахи түсірді. Бір күні Әбу Құбайс тауына шыққан Мұхаммед (с.а.с.) өзінің Пайғамбар екендігін жұртқа жар салып, халықты жансыз пұттарға емес бір ғана Жаратқанға иман етуге шақырды.
Төсекте жатқан Әбу Бәкір айтылғандарды ести сала Мекке көшелерінің бірінде хазіреті Пайғамбармен (с.а.с.) жүздесті. Пайғамбарымыз оны Исламға мойынсұнуға шақырды. Әбу Бәкір (р.а.) оған:
Уа, Мұхаммед! Пайғамбар екендігің рас болса, дәлелдеп мұғжизаңды көрсет,- деді.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның көкірегіне қолын қойып, қабырғаға тақаған күйі:
Саған Пайғамбарлығымды дәлелдеген мұғжиза ретінде осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын түс көргенің, оны Ямлиха атты монахқа жорытқаның жетпей ме?! Оған түс жорығаны үшін жалма-жан он екі динар төледің, кейіннен тағы да жүз динар бермек болып уәделестің. Түсті жорып берген кісі он екі сөйлемдік хат жазып қолыңа ұстатты. Қаласаң тіпті хаттың әр сөзіне дейін айтайын,- деп хатты түгел жіпке тізгендей айна-қатесіз айтып берген болатын.
Бұны естігенде Оның Пайғамбарлығына зәредей күмәні қалмаған Әбу Бәкір бірден сұқ саусағын аспанға көтеріп:
Ямлиха монах сүйіншілеген Пайғамбар расында да сен екенсің, «Аллаһ Тағаланың жалғыз екендігіне әрі Мұхаммедтің оның Пайғамбары екендігіне нық сендім»,- деп бірден мұсылманшылыққа бас иген еді10.