Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз

Ардақты Пайғамбарымыздың бір хадисында «Қалай өмір сүрсеңдер, солай өлесіңдер, қалай өлсеңдер, солай тірілесіңдер» деп айтылған.

Адамның өмір кейпі оның санасын қалыптастырады. Осы себепті де ол адамның өмірмен қош айтысар сәтінде әрі қабірде Мүңкір, Нәңкірге жауап беріп жатқанда, сол санада қалып қойған іздері көз алдына тізбектеліп, соны қайталап тіл қатары анық.

Илахи тағдырдың пәрмені уысымызда болмағандықтан түбінде мұсылман күйде көз жұму қолымызда емес шығар, бірақ мұсылманшылықпен өлу жолына бас қою қолымызда екендігі рас. Әйтпесе Құран Кәрімнің «Тек қана мұсылман түрде өмірмен қош айтысыңдар!» деген бұйрығы «тәклифи-ма-лә-ютақ» яғни орындалуы мүмкін емес қағидаға айналған болар еді.

Өмірін иман шуағына бөлеп, маңайындағыларға шарапаты мол тиіп, тіршілігінде көп игі іс істеген адам өмірмен қоштасып, көз жұмар сәтінде тілі күрмелместен кәлимаға тез келіп, бұл өмірден иманды жандардың қатарында аттанады. Олай болса, иман қажеттіліктерін өмірімізге тұтастай енгізіп, әлдебір пайдасыз бөтен ой-қылықтардан бойымызды аулақ ұстайық! Аллаһпен жүздесуге асығып, сол бір баға жетпес кездесуді армандаумен өтейік. Қасиетті хадисте айтылған «Кім Аллаһпен кездесуге асықса, Аллаһ та онымен кездесуге асығады» дегенді әсте естен шығармайық!

Түбі мәңгілік мекеніміз-ақырет дүниесі ғой.

Намазда оқ тию

Пайғамбарымыз (с.а.с.) да қатысқан «Затур-Риқа» соғысында шайпауыздығына басып ерінен қалыспай соғысқа келген бір мүшрік әйелді мұсылмандардың біреуі жер құштырған болатын. Әйелін кімнің өлтіргенін жазбай танып қалған күйеуі сол мұсылманды өлтірмей тынбайтындығын айтып, өз-өзіне іштей ант берген бойда соғыс біткеннен кейін де мұсылман жасағының қай жерге тоқтайтындығын байқамақ болып, іздерін қуалай жүріп отырды. Аллаһ Елшісі (с.а.с.) сол түнгі қонатын жерді белгілеп:

- Осы түні бізді қорғап күзетте кім тұрады?- деп сұрағанда, Мұһажир мен Әнсардан екі кісі суырыла алға шықты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға:

- Онда мына сайдың шыға берісінде тұрыңдар,- деп күзет үшін оңтайлы орынды көрсетті.

Бұл екі ықыласты сарбаз Аммар ибн Ясир мен Аббад ибн Бишр болатын. Түн қараңғылығы басып күзет кезегіне тұрарда Әнсарлық Аббад Мұһажирлік Аммарға қарап:

- Түннің қай шамасында күзетте тұрғың келеді?- деп сұрады. Ол өзінің тап қазірден бастап түннің ортасына дейін тұрғысы келетіндігін айтты. Екеуара келіскеннен кейін мұһажир сарбаз өз кезегі келгенге дейін аздап көз шырымын алмақ болып ұйықтап кетті. Ал әнсарлық сарбаз болса күзеттегі уақытты босқа өткізбейін деп намаз оқи бастады.

Дәл осы сәт соғыста жер жастанған әйелінің өшін алмақ болып іздерінен қалмай келе жатқан мүшрік бұқпантайлап келіп намазда тұрған сахабаға садақтан оқ ата бастады. Ал намаз оқып тұрған сахаба болса үш оқ тигенге дейін намазын бұза қоймады. Алайда үшінші оқ та келіп тигенде қатты жараланған болатын. Дереу руку, сәждасын орындап, сәлемін беріп намазын аяқтады да:

- Тұр, тұр енді, мен жараланып қалдым, қимыл көрсете алар емеспін!- деп қасындағы жолдасын оятты.

Жолдасы орнынан атып тұрғанда дұшпан да қорқып жылыстап жөнелді. Жолдасының қатты жараланғанын көргенде Мұһажир досы таңғала сұрады:

- Ой, сұмдық! Мені алғашқы оқ тие сала неге бірден оятпадың?

Алайда әнсарлық сахабаның берген жауабы да таңғаларлық еді. Ол:

- Оқып тұрған сүремнің тура орталарына жақындап қалған едім, сондықтан орта жолда үзе алмадым. Егер Пайғамбарымыз табыстаған күзетшілігімізге зияны тимейтін болғанда жаным шығып кетсе де мен ол сүрені тоқтатпас едім!..- деген еді8.

Куәгер

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларымен отырған бір сәтінде өз-өзінен сәл-пәл жымиған күйі:

- Неге күлімсіредім білесіздер ме?- деп сұрады. Біз «Жоқ» дегенде, Пайғамбарымыздың өзі:

- (О дүниеде есеп берілгенде) Құл шыр-пыры шыға өз-өзін ақтамақ болады, іле-шала Аллаһ Тағаламен арада мынадай бір әңгіме өрбиді мен соған еріксіз жымидым:

Құл:

- Сен мені тіршілігімде зұлымдықтан қорғамадың ғой?- деп сұрайды.

Аллаһ Тағала:

- Иә,- дейді.

Құл:

- Онда маған да бөгде куәгердің қажеті жоқ. Маған менің өзімнен куәгер беруіңді сұраймын,- деген кезде Аллаһ Тағала:

- Ал онда сенің куәгерлерің өзіңнің дене мүшелерің болсын. Тіпті саған «Кираман Катибин періштелері» де куә болмай-ақ қойсын,- дейді де әлгі құлдың тілін байлағаннан кейін дене мүшелеріне қарап не істеп, не қойғанының бәрін түк қалдырмай айтып беруін бұйырады.

Ал жаңағының дене мүшелері болса бір-бірлеп сөйлей бастайды. Кейіннен барып тілінің күрмеуі шешіліп қайта сөйлеуге келгенде ол ренжіп, өзінің дене мүшелеріне қарап «Мен сендерді қорғаштап жаным шығып жатса, сендер не істеп не қойғандарыңның бәрін жіпке тізе тәптіштеп айтып шыққандарыңа жол болсын, бәрің де көзіме көрінбей қараларыңды батырыңдар!» деп ашулана айғайлапты...