Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

«Хилфул-фудулдың» жақсылығы

Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл есімді аттас үш кісі жиналып, қиянатқа ұшырағандардың залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету мақсатында ант берісіп қол алысқан еді. Кезінде пайда болғанмен кейіннен ұмыт бола бастаған бұл ұйым Пайғамбарымыз (с.а.с.) кезінде қоғамның қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау мақсатында Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары тарапынан қолға қайта алынған болатын. Олар ұйымды тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың немесе абзал кісілердің анты» мағынасын білдіретін «Хилф-ул фудул» деп қойды. Ол кезде Пайғамбарымыз жиырма бір жас шамасында болса да осы ұйымның мүшесі еді.

Кейіннен қайта құрылса да бұл ұйым о бастағы түпкі мақсатынан ауытқымаған болатын.

«Хилфул-фудулдың» ең бір белсенді кезінде мынадай бір оқиға болған еді.

«Хасам» тайпасынан бір кісі бойжеткен қызымен бірге Меккеге келеді. Қызы аса бір көзтартарлық сұлу еді. Әкесімен қалаға келген әдемі бойжеткенге көзі түскен Мекке ақсүйектерінің бірі Нұхайл ибн Хажжаж оны әкесінің қорғаштағанына қарамастан алып қашқан болатын. Хасамнан келген қыздың әкесі болса күйініп кетіп:

- Ана бір есерсоқты алдыма әкелер ешкім жоқ па?- деп айғай салған еді.

Халық болса оған ел ішіндегі талас-тартыс, дау-дамайды көбіне-көп «Хилфул-фудулдың» шешетіндігін айтып жөн сілтеді. Ол болса тікелей Қағбаға барып:

- Әй, хилфул-фудулшылар, маған көмектессеңдерші?- деп дауыс көтерді.

Хилфул-фудулшылар дереу қыздың әкесін ерткен күйі Нұбайхтың үйіне барды. Нұбайх сыртқа шыққанда оған дүрсе қоя берді:

- Әй, көргенсіз! Сен біздің қиянатшылдықпен жан аямай күресеміз деп серттескенімізді білесің. Жан керек болса шығар тез қызды үйіңнен!

Нұхайл іс бұлай насырға шабады деп ойламаса керек ә дегенде сасып қап:

- Көндік. Дегенмен тым болмаса бір түн болса да қыздан тояттайын да?- деді.

Хилфул-фудулшылар бәрібір өз айтқандарынан қайтпады:

- Жоқ! Бір сәт те қызды ұстауға хақың жоқ!

Сөз осымен біткен болатын. Нұбайх қызды үйінен шығарды..

Иә, Пайғамбарлық келмей тұрып та хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) ел ішіндегі осындай игі шаралардың басы-қасында жүргені тарихқа аян.

Көз тиген май шам

Бір күні түскі намаздан кейін Жәбрейіл періште (а.с.) жетпіс мың періштені ертіп пайғамбарымызға «Әнғам» сүресін әкелген болатын. Аллаһ Елшісі (с.а.с.) болса сол түні бүкіл сахабаларын Айшаның (р.а.) үйіне жинап, май шамның жарығымен «Әнғам» сүресін оқыды. Бір уақытта май шам сөніп қалды.

Пайғамбарымыз дереу хазіреті Әбу Бәкірге қарап:

- Уа, Әбу Бәкір, май шамды жақ,- деді.

Алайда бір сағаттан кейін май шам қайта сөніп қалды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкірге қарап:

- Ей, Әбу Бәкір, май шамның жарығын көбейт,- деді.

Хазіреті Әбу Бәкір май шамның жарығын көбейтпек болғанмен май таусылып қалған болатын. Ол пайғамбарымызға қарап:

- Я, Расулаллаһ! Май шамның майы бітіп қалыпты. Түнде барып біреуден май алатын да мүмкіндігіміз жоқ. Алайда Аллаһ Тағала түсірген сүрені оқу үшін бізге май табу керек, енді қайттік?- деді.

Пайғамбарымыз оған:

- Өз түкірігіңнен кішкене ал да май шамға тамыз,- деді.

Айша (р.а.) оқиғаның ар жағын былай деп әңгімелейді:

- Әкем Пайғамбар әмірін қалтқысыз орындап кішкене ғана түкірігін май шамға тамызғаны сол еді май шамның жарығы молая түсті. Аллаһ Тағаланың қалауымен жарығының артқаны сонша үйде отырған сахабалардың барлығының да көздерін шағылыстырған болатын. Соны байқаған пайғамбарымыз отырғандарға ескертіп:

- Мына май шамды ешқашан сөндіруші болмаңдар!- деді.

Сахабалардан да ешкім оны сөндірмеген күйі тұп- тура қырық күн, қырық түн бойы әлгі май шам хазіреті Айша анамыздың үйін жарыққа бөлеген болатын. Алайда бір күні хз. Айшаның үйіне бір мұнафық бас сұққан еді. Май шамның үй ішін жарыққа бөлеп тұрғанына сұқтанған әлгі мұнафық:

- Ой, сұмдық! Қырық күн бойы бір өшпейтін де май шам болады екен-ау!- дегенде көзі өтіп май шам сол сәтте-ақ өшіп қалады.

Жәбрейіл (а.с.) пайғамбарымызға былай деді:

- Уа, Мұхаммед! Аллаһ Тағала былай деді «Мен көзі өткір (ниеті жаман) кейбір адамдарды да жараттым. Егер әлгі екіжүзді мұнафықтың көзі тимегенде ол май шам хз. Әбу Бәкірдің түкірігімен Қияметке дейін жанып тұра берер еді.»7