Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Зекет-байлықтың қорғаны

Хасан әңгімелеуде:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет-қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы»,- деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырған болатын. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді.

Сол уақыттар христиан саудагердің жақын досы Мысырға саудамен жол тартқан болатын. Екеуі бірге сауда жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен жасалатындықтан жол бойы қарақшылардың қармағына түсіп қалу қаупі жиі еді. Хистиан ішінен былай деп ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аман-есен келеді, онда мен де мұсылмандықты қабылдаймын. Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда менің досымның саудасы жол бойы қарақшылардың талан-таражысына түседі, онда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін».

Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді. Хатта керуеннің қарақшыларға тап болып бар дүние-мүліктен айрылғаны жазылған болатын. Хаттың бас жағын оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп жолға жиналмақ болады. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал- байлықты ту- талапай жасағанда мен керуеннің соңында болатынмын. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал- байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып қаламын» деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Аллаһ Тағаланың Елшісінің алдында тізе бүккен күйі:- Я, Расулаллаһ,-дейді,- Маған Исламды түсіндір, иманға келейін.

Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясында адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты қуана қабылдайды5.

Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам

Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өткен күні Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің баласы Икриманы Пайғамбарымыз (с.а.с.) өлім жазасына кескендіктен ол қорқып Йеменге қарай бас сауғалап қашқан болатын. Алайда оның әйелі Үммү Хаким болса мұсылмандықты қабылдап әрі күйеуі Икримәның кешірілуін Пайғамбарымыздан өтінген еді. Пайғамбарымыз оны кешіргендігін білдіргенде Үммү Хаким дереу күйеуін іздеп жолға шықты. Теңіз жағасындағы бір кемеде мұсылман капитанымен сөйлесіп тұрған жерінен Икриманы тапты. Капитан оған:

- «Лә иләха илла Аллаһ, Мұхаммед Расул Аллаһ» деп айт та имансыздықтан біржолата арылсаңшы,- деді.

Икрима болса:

- Мен онсыз да соны айтпағандығым үшін қашып кеткем жоқ па?!- деп қарсылық білдірді.

Сол кезде қастарына жақындаған Икриманың әйелі:

- Мен қазір адамдардың ең абзалының, ең жақсысының қасынан келе жатырмын. Онымен (с.а.с.) сөйлестім, сені кешіріп, саған берген өлім жазасын да қайтып алды. Саған ендігі жерде қорған болатындығын айтты. Өзіңе титтей де жаның ашыса жүр енді,- деп ізгі хабарды жеткізді.

Екеуі бірге жолға шықты. Жолда қонақтаған бір жерде Икрима әйелімен жақындасқысы келді. Алайда әйелі оған қарсы болып:

- Жоқ болмайды,- деді,- мен мұсылманмын, ал сен кәпірсің!

Икрима:

- Сені маған жақындатпаған сенім расында да маңызды болса керек,- деді.

Икрима Меккеге жақындағанда Аллаһ Елшісі сахабаларына қарап:

- Әбу Жаһилдің баласы Икрима мүмин және мұһажир кейіпте сіздерге келе жатыр. Әкесін сөге көрмеңіздер! Өйткені айтылған сөгіс өліге жетпегенмен тіріге жетеді,- деп ескертті.

Пайғамбарымыз Икриманы көргенде аса бір қуанышпен қарсы алып, ерекше ілтипат көрсетті.

Икрима келген бойда:

- Әй, Мұхаммед! Сен мені қандай дінге шақырасың?- деп сұрады.

- Аллаһтан басқа құдай жоқтығына және менің Аллаһтың құлы әрі Елшісі екендігіме сенуге, сондай-ақ намаз оқуға, зекет беруге шақырамын, - деп жауап берді пайғамбарымыз. Сонда Икрима:

- Аллаһ атымен ант етейін, сен шынында да халықты тек қана жақсылыққа шақырасың. Сен пайғамбар болмай тұрып та арамыздағы ең шыншылымыз әрі ең абзалымыз болатынсың,- деді де Пайғамбарымызға қол берген күйі кәлима-и шәхадасын айтып мұсылмандықты қабылдады6.

«Ештен кеш жақсы» деген осы. Бұл мысал «зейнетке шыққан соң намаз оқырмын» деп өзін алдап жүрген біздерге де арналып тұрған жоқ па?!