
- •16. Өндірістік жəне тұтыну кооперативтердің арасындағы
- •58. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысандары
- •18.Ассоциацияның кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы.
- •27.Қайта құрылатын серіктестіктің несие берушілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
- •43.Акционердің (қатысушы) корпоративтік міндеттері. Қоғам акционері міндетті:
- •57. Акционер (қатысушы) құқықтарын куəландыру. Акционерлердің жалпы құқығы
43.Акционердің (қатысушы) корпоративтік міндеттері. Қоғам акционері міндетті:
1) акцияларды төлеуге;2) тiзiлiмдi ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесiлi акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге қажеттi мəлiметтердiң
өзгергендiгiн он күн iшiнде хабарлауға; 3) қоғамның коммерциялық, қызметтік немесе басқа заңмен қорғалатын құпиясы болып табылатын қоғам немесе оның қызметі туралы мəлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 4) Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілерімен жəне осы Заңға сəйкес басқа міндеттерді орындауға. Акционерлердің белгіді бір жағдайда пайда болатын басқа да міндеттері бар.Заңның 25-бабында: «тұлға, өз бетінше немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен
қоғамның дауыс беруші отыз жəне одан да көп пайызын құнды қағаздар нарығында
сатып алып, сатып алған күнінен отыз күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қалған
акционерлерге өздеріне тиесілі қоғамның акцияларын сату туралы ұсынысын жариялауға
міндетті. Осыған орай,ашық компания акционерлерінің ұсынысы корпоративтік веб-
сайтта жариялануы керек.Оларды сату туралы ұсыныстың жарияланғанынан бастап отыз
күннен аспайтын мерзімде озіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсынысты қабылдауға
акционер құқылы. Акционерлерге өздеріне тиесілі акцияларды сату туралы ұсыныста
қоғамның дауыс беруші акцияларының отыз жəне одан да көп пайызын сатып алушы
тұлға жəне оның аффилиирленген тұлғасы туралы мəліметтер болуы керек,атауы, мекен-
жайы (орналасқан жері), өзіне тиесілі акцияның саны, осы Заңның 69-бабының 2
тармағына сəйкес анықталатын акцияны сатып алуға ұсынылатын бағасын қосқанда». Егер АҚ қаржылық қызметпен айналысса, акционерлердің міндеттерінің басқа да
өзгешеліктері бар. Сонымен, Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 18
желтоқсанындағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сəйкес, «Көрсетілген
талаптарды алған күннен бес жұмыс күні аралығында сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы мен оның акционерлері əр тармақ бойынша орындалу мерзімі мен жауапты
лауазымды тұлғасы көрсетілген шара жоспарын уəкілетті органға өңдеп беруге міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымындағы №
136-I «Жинақтаушы зейнетақы қоры» Заңына сəйкес, зейнетақы активтерімен
инвестициялық басқаруды жүргізуші ұйым, оның акционерлері əр тармақ бойынша
орындалу мерзімі мен жауапты лауазымды тұлғасы көрсетілген шара жоспарын уəкілетті
органға өңдеп беруге міндетті.
44.Аффилирленген тұлғалар түсінігі. ҚР-ның Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес Қоғамның аффилиирленген тұлғасы мыналар: iрi акционер; қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы; қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға; қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға;қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға; қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға және тб. Аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібіне осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып қасақана мәміле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдік немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi. Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртiбi жарғымен белгiленедi. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ол белгiлеген тәртіппен табыс етуге міндетті.
45.Дисквалификация. Онда құқығынан айыру – дисквалификация – сынды норма бар. Түсіндірейін. Бұл жерде лауазым иесін құқығынан айыру деген сөз. Кәсіпкерлік нысаны үшінші бұзушылығынан соң дисквалификацияланады, ол жұмыс істеу құқығынан айрылады. Ол қатаң норма. Егер ондай кәспкерлік нысанын дисквалификацияласа, – онда ресейлік заңнамамен ол 3 жылға құқығынан айрылады, – ол кәсіпорын Қазақстанға келіп тіркеліп қайта бұзушылыққа бара береді, себебі Қазақстанда ондай норма жоқ. Оған біз жол бермеуіміз керек. Бұзушылар заң қатаң аумақтан қашып басқа жаққа кетуіне жол бермеу керек. Заңдарда құқықтардан айырудың мынадай түрлері көзделген: белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, ата-ана құқықтарынан айыру, арнаулы құқықтардан айыру.
46.Корпоративтік қатынастардағы жауапкершілік жəне олардың ерекшеліктері. Құқықтық реттеу нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады. Заңдардың салалары және қосымша салалары, құқық институттары: әлдебір белгі- сипаттарына қарап біріктіру негізінде ажыратуға және топтастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір құқықтық қатынастарды реттейтін өлшемі бойынша ажыратылады. Тек осы жағдайда ғана ұқсас, мағынасы бойынша бір-біріне жақын, бірыңғай мазмұнда біріккен және бір әдістермен реттеуге бағытталған қосымша сала немесе құқықтық институт туралы айтуға болады. Басқа сөздермен айтқанда, құқықтық нормалар жиынтығымен реттеуге жататын құқықтық қатынастарды сәйкестендіру, яғни жеке сала, қосымша сала немесе құқық институты ретінде ажыратуға болатын сәйкестендіру- аталған құқықтық қатынастардың насаны болып табылатындығынан және оның мазмұнын құрайтындығынан шығып отыр. Корпоративтік құқықтың өзіндік реттеу нысанасы бар. Анықтаманың өзі айтып тұрғандай, «корпоративтік құқықтың нысанасы-корпоративтік қатынстар болып табылады». Корпоративтік құқықтық қатынастардың түсінігі туралы мәселені арау – корпоративтік құқықтың түсінігі мен нысанасы туралы пікірталасты жалғастырып және толықтырып келеді, ойткені А.А.Зурабян көрсеткендей, «бұл құқықтық қатынастардың табиғатына және қай салаға жататындығына байланысты пікірлер тұтастығы жоқ». Бұл пікірталастың негізгі ойлары: бұл қатынастардың нысанасын не құрайды және корпоративтік қатынастар азаматтық құқықтық қатынастарға ғана жата ма дегендердің анықтамасы болып табылады. Корпоративтік қатынастардың азаматтық құқық аясында қалыптасатыны және дамитыны туралы көзқарастың басымдық алатынын атап өткен жөн. Корпоративтік қатынастар- бұл азаматтық құқықтың қолданылып жүрген қосымша салаларының бірде-біреуінің шектеріне сыймайтын ерекше текті қатынастар. Корпоративтік қатынастарды кәсіпкерлік «шаруашылық» құқық нысанасын құрайтын құрамдас бөлшектердің бірі деп санайтын және құқықтың жан-жақты «кешенді» салаласы деп бағалайтын С.П.Мороз да осыған ұқсас пікір ұстанады. Азаматтық құқықтық қатынастың атықтаушы элементі азаматтық құқықтық қатынастардан тыс өмір сүре алмайтын субъективтік азаматтық құқық болып табылады- детін ұстанымды негізге ала отырып, «корпоративтік құқықтар және міндеттер корпоративтік құқықтық қатынастар мазмұнының элементтері болып табылады» дегенге қатысты корпоративтік құқықтар осы құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды деген қорытындымен келісуге болады.
47.Шаруашылық серіктестіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз, ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері өзінің заңи актілеріне сәйкес екі түрге бөлінеді. Ол: толық серіктестігі және сенім серіктестігі болып екі түрге бөлінеді. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады. Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады. Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы болып танылады. Бұл шаруашылық серіктестерді корпоративтік бақылау мен басқарудың, сірə, негізгі механизмі болып табылатын құралы. Қоғамның иелері дəл осы акционерлер, сол себептен олардың директорлар кеңесі мен атқару органдарынан қоғамның жүргізіп отырған саясаты жайлы толық жəне шүбəсіз есебіне ие болып отыру мүмкіндігі болуы тиіс. Шаруашылық серіктестердің жалпы жиналысын өткізу қоғамның кемдегенде жылына бір реет өз қызметі, жетістіктері мен жоспарлары
туралы хабардар етіп отыруға, олардың қоғам қызметінің аса маңызды
мəселелерін талқылап жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға мүмкіндік
береді.
48.Акционер (қатысушы) жауапкершілігі. «Акционерлік қоғамдар туралы» (əрі қарай «Заң») Қазақстан РеспубликасыЗаңының 2003 жылдың 13 мамырындағы №415-II 27-бабында «акционер өзінің шешім қабылдаған күнінен бастап отыз күн ішінде қоғамды қайта құруға құқылы (егер акционер акционерлердің қоғамды қайта құру мəселесі қаралған жалпы жиналысына қатысып, оған
қарсы дауыс берген жағдайда), немесе қоғам акцияларын делистингтеу туралы сатылым
ұйымдастырушыларының шешім қабылдаған күнінен бастап қоғамға жазбаша түрде өзіне
тиесілі акцияларды сатып алу талабын ұсынуы керек. Қоғам акционерден көрсетілген
арызды алған күннен бастап отыз күн ішінде акцияны сатып алуы міндетті;
Заңның-70 бабында Заңмен жəне қоғамның жарғысымен бекітілген тəртіп бойынша
ірі мəмілелер жасасуға қоғамның шешімімен келіспеушілік болған жағдайда, акционер
Заң бекіткен тəртіпте өзіне тиісті акцияларды қоғамнан талап етуіне құқықты;
Егер ірі мəмілелер жасау туралы Заңмен жəне қоғамның жарғысымен бекітілген
қоғамның шешімімен келіспесе, Заңмен белгіленген тəртіп бойынша өзінің акцияларын
қоғамның сатып алуын талап етуіне құқылы.
Қоғамның жарғысы мен Заң белгілеп қабылдаған тəртіпте ірі мəмілелер жасауға
қоғам шешімімен келіспеген жағдайда, акционер өзінің акцияларын Заңмен белгіленген
тəртіпте қоғамның сатып алуын талап етуге құқылы екендігін Заңның 70 бабы анықтайды. . Қоғам акционері міндетті:1) акцияларды төлеуге;2) тiзiлiмдi ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесiлi акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге қажеттi мəлiметтердiң
өзгергендiгiн он күн iшiнде хабарлауға; 3) қоғамның коммерциялық, қызметтік немесе басқа заңмен қорғалатын құпиясы болып табылатын қоғам немесе оның қызметі туралы мəлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 4) Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілерімен жəне осы Заңға сəйкес басқа міндеттерді орындауға. Акционерлердің белгіді бір жағдайда пайда болатын басқа да міндеттері бар.Заңның 25-бабында: «тұлға, өз бетінше немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен
қоғамның дауыс беруші отыз жəне одан да көп пайызын құнды қағаздар нарығында
сатып алып, сатып алған күнінен отыз күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қалған
акционерлерге өздеріне тиесілі қоғамның акцияларын сату туралы ұсынысын жариялауға
міндетті. Осыған орай,ашық компания акционерлерінің ұсынысы корпоративтік веб-
сайтта жариялануы керек.Оларды сату туралы ұсыныстың жарияланғанынан бастап отыз
күннен аспайтын мерзімде озіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсынысты қабылдауға
акционер құқылы.
49.Директорлар кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі. Т и імді директорлар кеңесі тұтас акционерлік қоғамның тиімді жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Бұл тарау осыған арналған. Акционерлік (АҚ) қоғамды басқарудың əлемдік тəжірибесінде əдетте өзіндік басқарудың құрылымдық (өкілдік) органы (атқарушы органнан құрылым- басқарма, басқарма төрағасы- президент) – директорлар кеңесі (бақылаушы кеңес) болады. АҚ директорлар кеңесі компанияны стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын, менеджментті тиімді бақылайтын жəне акционерлер алдында жауапты болатын
шешуші орган болып табылады. Ол не үшін қажет? Барлық акционерлерде қоғамды жедел басқару үшін қажетті біліктілік пен уақыт болмайды, бұл көбінесе шығынға, ал кейде қоғамның жабылуына алып келеді. Алайда, соңында, басқарудың тиіс деңгейінде бұл
шығындарды болдырмауға, тіпті біршама пайда түсіруге болатыны анықталады.
Өтпелі экономикасы бар елдердегі акционерлік қоғамдарда директорлар
кеңесінің рөлі жеткілікті түрде екені анық емес. Мұның себебі меншіктің
құрылымы жəне басты меншік иелерінің арасындағы тығыз байланыс болып
табылады – директорлар кеңесінің мүшелері өздері өкіл болып табылатын бірнеше
акционерлердің ғана мүдделеріне сай жұмыс істеуге бейім. Осы тұрғыдан алғанда,
олардың іс-əрекеті көбінесе директор емес, менеджер қалай өзін ұстау керек
дегенге сай келеді. Директорлар кеңесі өкілді орган болып табылады. Ол акционерлердің
мүдделерін білдіреді. Иелік басқарудан бөлінген акционерлік қоғамда мұндай орган
керек, өйткені акционерлерде көбінесе іскерлікті басқару үшін қажетті біліктіліктің
болмайтындығымен қоса, көптеген акционерлер бірыңғай басқару шешімдерін қабылдай алмайды, өздерінің құқықтары мен мүдделерін бірыңғай қорғай алмайды.
Бұл үшін олар өкілді органға өздерінің өкілдерін сайлайды. Өз кезегінде
директорлар кеңесі атқарушы органды сайлайды.
50.Шаруашылық серіктестік органдарының атқару органдарының тұлғаларының жауапкершілігі. Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның алқалы атқарушы органының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауысқа қойылған мәселелер, атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген, осы мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуға тиіс.Қоғамның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде қоғамның атқарушы органының басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді. Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс. Атқарушы органның басшысы: 1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; 2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді; 4) қоғам қызметкерлерін (осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды; 5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді; 6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі; 7) қоғам жарғысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
51.Басқарушы ұйымдардың жауапкершілігінің ерекшеліктері. Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның алқалы атқарушы органының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауысқа қойылған мәселелер, атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген, осы мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуға тиіс.Қоғамның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде қоғамның атқарушы органының басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді. Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс. Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мәміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы. Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады. Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы. Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқығы жоқ. Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
52. Корпоративтік құқықтардың мəні мен түрлері. Құқықтық реттеу нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады. Заңдардың салалары және қосымша салалары, құқық институттары: әлдебір белгі- сипаттарына қарап біріктіру негізінде ажыратуға және топтастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір құқықтық қатынастарды реттейтін өлшемі бойынша ажыратылады. Тек осы жағдайда ғана ұқсас, мағынасы бойынша бір-біріне жақын, бірыңғай мазмұнда біріккен және бір әдістермен реттеуге бағытталған қосымша сала немесе құқықтық институт туралы айтуға болады. Басқа сөздермен айтқанда, құқықтық нормалар жиынтығымен реттеуге жататын құқықтық қатынастарды сәйкестендіру, яғни жеке сала, қосымша сала немесе құқық институты ретінде ажыратуға болатын сәйкестендіру- аталған құқықтық қатынастардың насаны болып табылатындығынан және оның мазмұнын құрайтындығынан шығып отыр. Корпоративтік құқықтың өзіндік реттеу нысанасы бар. Анықтаманың өзі айтып тұрғандай, «корпоративтік құқықтың нысанасы-корпоративтік қатынстар болып табылады». Корпоративтік құқықтық қатынастардың түсінігі туралы мәселені арау – корпоративтік құқықтың түсінігі мен нысанасы туралы пікірталасты жалғастырып және толықтырып келеді, ойткені А.А.Зурабян көрсеткендей, «бұл құқықтық қатынастардың табиғатына және қай салаға жататындығына байланысты пікірлер тұтастығы жоқ». Бұл пікірталастың негізгі ойлары: бұл қатынастардың нысанасын не құрайды және корпоративтік қатынастар азаматтық құқықтық қатынастарға ғана жата ма дегендердің анықтамасы болып табылады. Корпоративтік қатынастардың азаматтық құқық аясында қалыптасатыны және дамитыны туралы көзқарастың басымдық алатынын атап өткен жөн. Корпоративтік қатынастар- бұл азаматтық құқықтың қолданылып жүрген қосымша салаларының бірде-біреуінің шектеріне сыймайтын ерекше текті қатынастар. Корпоративтік қатынастарды кәсіпкерлік «шаруашылық» құқық нысанасын құрайтын құрамдас бөлшектердің бірі деп санайтын және құқықтың жан-жақты «кешенді» салаласы деп бағалайтын С.П.Мороз да осыған ұқсас пікір ұстанады. Азаматтық құқықтық қатынастың атықтаушы элементі азаматтық құқықтық қатынастардан тыс өмір сүре алмайтын субъективтік азаматтық құқық болып табылады- детін ұстанымды негізге ала отырып, «корпоративтік құқықтар және міндеттер корпоративтік құқықтық қатынастар мазмұнының элементтері болып табылады» дегенге қатысты корпоративтік құқықтар осы құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды деген қорытындымен келісуге болады.
53. Акционер (қатысушы) акцияға құқықтарының тоқтатылуы. Акционерлердің құқығын шектеуге болмайды деп жоғарыда айтылды, дегенмен, осы
талаптардың ішінде ерекшелік бар, мысалы, Қазақстан Республикасы Заңының 1997
жылғы 20 маусымындағы № 136-I «Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы», 42-4 бабы, «Консервация жасалуы басталысымен жəне оның
мерзiмiнде:1) эмитенті аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры
акционерлерінің акцияларды пайдалану жəне оған билік ету бойынша құқығы тоқтатыла
тұрады;2) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры
акционерлерінің барлық құқықтары, сондай-ақ эмитенті аталған қор болып табылатын
акцияларды пайдалану құқығы уақытша əкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының
уақытша меңгерушісіне) өтеді. Сонымен бірге, акционерлердің құқығына шектеуге мысал болып Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы
банктар мен банкілік қызметтер туралы» Заңының 65-бабының «Консервация жасалуы
басталысымен жəне оның мерзiмiнде: а) осы банк эмитеті болып табылатын акцияларға акционердің иелік ету жəне пайдалану құқығы тоқтатылады;
б) банк органдарының өкілеттілігі мен оның басшы қызметкерлері жұмыстан
қысқартылады; в) банкті басқарудың барлық өкілеттілігі, сонымен бірге осы банктің эмитенті болып табылатын акционерлердің акцияларды пайдалану құқығы уақытша əкімшілікке ауысады
(уақытша басқармаға); г) уақытша əкімшіліктің жазбаша келісімі мен рұқсатынсыз банк есебімен жəне оның атынан жасалған барлық келісімдер жарамсыз деп танылады.
54.Акционердің корпоративтік құқығы. Акционерлердің – дауыс беруші акцияларды иеленушілердің барлығына арнап акционерлік қоғамды басқару ісіне қатысу құқығы, ең алдымен олардың жалпы жиналысқа қатысуы түрінде жүзеге асырылып отырады, мұнда осындай əрбір акция бір дауысты береді (директорлар кеңесін сайлау кезіндегі кумулятивтік дауыс беру жағдайларын санамағанда). Бұл акционерлерді корпоративтік бақылау мен басқарудың, сірə, негізгі механизмі болып табылатын құралы. Қоғамның иелері дəл осы акционерлер, сол себептен олардың директорлар кеңесі мен атқару органдарынан қоғамның жүргізіп отырған саясаты жайлы толық жəне шүбəсіз есебіне ие болып отыру мүмкіндігі болуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу қоғамның кем дегенде жылына бір рет акционерлерді өз қызметі, жетістіктері мен жоспарлары туралы хабардар етіп отыруға, олардың қоғам қызметінің аса маңызды
мəселелерін талқылап жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға мүмкіндік
береді. Акционерлердің жиналысы қоғамның тіршілік əрекеті мен дамуының
барлық басты мəселелерін, оның жарғылық капиталын өзгерту мəселелерін
шешіп отырады. Жиналыс акционерлік қоғамды басқару органдарын құрып,
олардың жұмысының нəтижесін бақылап отырады жəне осы органдардың
құзырлықтарын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Акционерлік қоғам (бұдан əрі мəтін бойынша «АҚ») акционерлерінің Жалпы жиналысы соның жоғарғы органы болып табылады.3 Сонымен қатар корпоративтік қақтығыстар жағдайында қарсыласқан
тараптардың негізгі күресу алаңына дəл осы акционерлердің жалпы жиналысы жататынын естен шығармаған жөн. Оның үстіне билік үшін күрес көп жағдайда жиналысты даярлау мен өткізу рəсімдерінің, акционерлердің құқығының бұзылуына əкеп соқтырып отырады.4 Дəл сол себептен жалпы жиналыстардың өткізілуі қатаң регламенттелген болуы тиіс. Алайда Қазақстандағы корпоративтік басқару жəне еліміздің корпоративтік заңдары жаңадан ғана дамып келеді жəне əлбетте нақтыланып жəне толықтырылып отыратын болады. Акционерлердің алғашқы жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын толық мемлекеттік тіркеуден өткізіп жəне акцияларды ұстаушылар тізілімінің жүйесін қалыптастырудан кейін шақыртылып жəне өткізіліуі мүмкін. Акционерлердің жылдық (кезекті) жалпы жиналысы міндетті тəртіппен жыл сайын өткізіліп отырады. Қалған жиналыстар кезектен тыс болып табылады жəне заңдар мен қоғамның жарғыларында белгіленген жағдайларда өткізіледі.
55. Мүліктік құқықтар. Мүліктік құқық – иеленушінің өз шаруашылық аясындағы мүлікті тікелей қолдану арқылы мүддесіне жетуді қамтамасыз ететін заңды мүмкіндігі. Мүліктік құқық мына негіздер арқылы пайда болады: 1) міндеттемеге қатысу; 2) интеллектуалдық меншік объектісін иелену. Міндеттемеге сәйкес бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқа да сол сияқты әрекеттер жасауға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттемелер шарттан, зиян келтіруден және өзге де негіздерден пайда болады. Қарызға ақша алған адам борышқор болса, қарыз беруші несиегер болып саналады. Бұл міндеттеме негізінде несиегер Мүліктік құқық иеленіп, борышқордан қарыз ақшаны қайтаруын талап ету мүмкіндігін алады. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемеде Мүліктік құқыққа жәбірленген адам ие болады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқық олар жасалған мезетте және кейбір түрлері өкілетті мемл. орган тіркеген сәттен бастап пайда болады. Жазушы өзінің көркем шығармасын қолжазба түрінде дайындаған сәттен бастап туындыгер болып танылады да, жеке мүліктік емес және Мүліктік құқыққа ие болады. Көркем шығармаға деген Мүліктік құқыққа ие болу үшін тиісті органға тіркету, сараптамадан өткізу секілді қосымша талаптар жоқ. Ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге) деген Мүліктік құқық сараптамадан өткізіліп, тиісті өкілетті органға тіркелген авторлықты қуаттайтын құжат – патент алған кезде пайда болады. Мұндағы интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқықтың мазмұны сол объектілерді пайдаланғаны үшін басқа тұлғалардан ақы төлеуін талап ету мүмкіндігінен тұрады. Міндеттемелік құқықта құқықты тұлға мүддесі міндетті тұлғаның әрекеті арқылы орындалатын болса, Мүліктік құқық аясында құқықты тұлғаның мүддесі өз әрекеті арқылы орындалады, сондықтан міндетті тұлғалардың қимыл-қарекеті бірінші кезекте емес. Өйткені олар тек құқықты тұлғаның өз құқығын өзінің жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге тиіс. Мұндай міндетін бұзған тұлға сол заматта мемл. мәжбүрлеу шараларының күшімен сабасына түсіп, құқықбұзушылықтың салдарын ретке келтіреді. Дегенменен бұл екі бағытта да субъективті құқықтың жүзеге асуына міндетті тұлғаның оңды қимыл-қарекеті негіз болады.
56. Акционер (қатысушы) құқықтарының пайда болуы. Қатысушының құқықтары акционер болған сәттен пайда болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 17 мамырындағы № 1096«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиялық индустриалды- инновациялық дамуы туралы» Жарлығы. (2010 жылдың 19 наурызындағы №958
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай күшін жойды жəне Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған
серпінді индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жəне
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күшін жойған жарлықтарын мойындау
туралы» Жарлығына ауыстырылды. Акционерлердің құқығын қорғау, əсіресе, миноритарлық, құнды қағаздар нарығының дамуы үшін өте маңызды. Егер миноритарлық акционер өзін қорғайды деген сенімін жоғалтса, онда ол акциясын сатып жібереді. Капиталды нығайтатын құрылым
ретінде акционерлік қоғам идеясының өзі де жоғалады. Акционерлік қоғамның (АҚ) өзі
де, еліміздің экономикасы да жапа шегеді. Акционерлердің құқығын қорғау туралы халықаралық келісімдерде де айтылады. Құнды қағаздар нарығында Тəуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы мемлекет- қатысушыларының қызметін үйлестіру туралы Конвенцияға (Мəскеу, 1998 ж. 25 қараша)
байланысты, мемлекеттер аралалық құнды қағаздар нарығының (10-бап) ақпараттық
базасын құруға қажетті мəліметтер тізіміне акционерлер мен инвесторлардың құқығын
(атауы, мекен-жайы, телефоны көрсетілген) қорғау мəселесімен айналысатын Жақтардың
тізімі қосылады.