Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоратив.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
116.9 Кб
Скачать

27.Қайта құрылатын серіктестіктің несие берушілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

29.Таратылатын борышқорды банкрот деп тану негіздері. Борышқордың мəртебесін анықтау. Борышқор — міндеттеме талаптарына сәйкес өзге жақтың пайдасы үшін белгілі бір іс-әрекет жасауға (мүлкін беруге, жұмыс атқаруға, ақша төлеуге, т.б.) немесе әлдебір әрекет жасаудан тежеліп қалуға міндетті тарап. Егер заңи құжаттарда басқаша көзделмесе, азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің өзі міндеттеме тараптары бола алады. Міндеттемеге қатысушылардың азаматтық құқылар мен міндеттер иеленуі, яки, құқыққа қабілеті болуы шарт. Міндеттемеге бірнеше борышқор қатысуы мүмкін. Ондай жағдайда кредитор Борышқорлардың барлығынан міндеттемелерін бірлесе немесе әрқайсысынан жеке-жеке, толықтай не ішінара орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас Борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып саналады. Өзге ортақтасының міндетін өтеген борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде оған кері (регресті) талап қоюға құқылы. Банкроттықкәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық Кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі.[1] Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. Экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы.Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

30.Жарғылық капитал түсінігі, функциясы жəне мөлшері. Жарғылық капитал / Жарғы капиталы — құрылатын кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі. Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін. Әр бір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады. Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың айлық есептік көрсеткіш болады.

31.Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі. Акциялар түрлері. Облигациялар. Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:мемлекеттік;муниципалды;корпоративтік. Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады. Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:а) ақшалай бағалы қағаздар; б) капиталды бағалы қағаздар. Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады. Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді: жәй акциялар; артықшылығы бар акциялар. Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі. Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

32.Корпоративтік басқару түсінігі. Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл əлемдік масштабта бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жəне дам у ұйымының қеңесінде бүкіл əлем үшін шын мəнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері тұжырымдалды. Алайда меншіктің бірлескен формасы əлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бері қалыптасқан. Иелік ету жəне басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – ұжымдық қатынасты заңнамалық жəне əлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мəселелерді шешуде өзіндік тəжірибе жинақталмаған. Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне

жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын алады. Ұжымдық басқару əдетте, жеке сектордың дамуымен байланыстырылады. Алайда, сонымен қатар бұл мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы. Жалпы жоспар бойынша, ұжымдық басқару жүйесінің жеткілікті түрде дамымауы инвестиция тартуға қабілетсіздікті, банкротқа ұшырауға, құқықтың бұзылуы жəне əлемнің түрлі елдері бетпе-бет келетін басқа да экономикалық дамудың қиындықтарына əкеп соғады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі жалпы экономикалық ахуалдың қажетті шарты болып табылатынын мойындайды. Компаниялар

ұжымдық басқаруды бəсекелестік күресте оларға басымдылықты қамтамасыз

етуге қабілетті фактор ретінде қарастыра бастауда.

33.Корпоративтік басқару қатысушылары. Саясаткерлер, кəсіпорын жетекшілері жəне көпшілік арасында бірлесіп басқару жүйесі компания жұмысын жетілдірудің жəне нарықтық демократияның дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз етудің қажетті құралы деген түсінік артып келеді. Даму үстіндегі нарықтық экономикалы елдерде басқару

реформасынан ықтимал ұтымдылық орасан зор. Жақсы дамыған ұйымдастырушылық құрылымы бар сенімді нарықтарды құру жəне кез-келген, түрлі компанияларда корпоративтік басқару принциптерін енгізу инвестиция, сауда жəне іскерлік қызметтердің одан əрі қарай өсуіне ынталандырады. Ұжымдық басқару институционалдық базаны (құқықтық нормаларды, нарықтық құрылымдарды, жеке меншіктің құқықтары), коммерциялық қызметтің дұрыс тəжірибесін, сонымен қатар нарық қысымы мен мемлекеттік бақылау сияқты сыртқы факторларын талап ететін бірыңғай жүйе ретінде

танылып отыр. Корпоративтік басқару саласындағы мамандар үшін де,жекеменшік салада жұмыс істейтін кəсіби мамандар үшін де басқарудың осындай реформасы экономикалық жəне демократиялық институттардың даму мен жетілдіру стратегиясының басты бөлігі ретінде қажет. Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл əлемдік масштабта бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жəне дам у ұйымының қеңесінде бүкіл əлем үшін шын мəнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері тұжырымдалды. Алайда меншіктің бірлескен формасы əлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бері қалыптасқан. Иелік ету жəне басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – ұжымдық қатынасты заңнамалық жəне əлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мəселелерді шешуде өзіндік тəжірибе жинақталмаған.

34.Корпоративтік басқару қағидалары. Саясаткерлер, кəсіпорын жетекшілері жəне көпшілік арасында бірлесіп басқару жүйесі компания жұмысын жетілдірудің жəне нарықтық демократияның дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз етудің қажетті құралы деген түсінік артып келеді. Даму үстіндегі нарықтық экономикалы елдерде басқару

реформасынан ықтимал ұтымдылық орасан зор. Жақсы дамыған ұйымдастырушылық құрылымы бар сенімді нарықтарды құру жəне кез-келген, түрлі компанияларда корпоративтік басқару принциптерін енгізу инвестиция, сауда жəне іскерлік қызметтердің одан əрі қарай өсуіне ынталандырады. Ұжымдық басқару институционалдық базаны (құқықтық нормаларды, нарықтық құрылымдарды, жеке меншіктің құқықтары), коммерциялық қызметтің дұрыс тəжірибесін, сонымен қатар нарық қысымы мен мемлекеттік бақылау сияқты сыртқы факторларын талап ететін бірыңғай жүйе ретінде

танылып отыр. Корпоративтік басқару саласындағы мамандар үшін де,жекеменшік салада жұмыс істейтін кəсіби мамандар үшін де басқарудың осындай реформасы экономикалық жəне демократиялық институттардың даму мен жетілдіру стратегиясының басты бөлігі ретінде қажет. Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл əлемдік масштабта бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жəне дам у ұйымының қеңесінде бүкіл əлем үшін шын мəнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері тұжырымдалды. Алайда меншіктің бірлескен формасы əлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бері қалыптасқан. Иелік ету жəне басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – ұжымдық қатынасты заңнамалық жəне əлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мəселелерді шешуде өзіндік тəжірибе жинақталмаған.

35.Заңды тұлғалар органдары: түсінігі, белгілері, топтастырылуы. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

36.Шаруашылық серіктестіктердің жалпы жиналысының мəртебесі. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз, ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері өзінің заңи актілеріне сәйкес екі түрге бөлінеді. Ол: толық серіктестігі және сенім серіктестігі болып екі түрге бөлінеді. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады. Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады. Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы болып танылады. Бұл шаруашылық серіктестерді корпоративтік бақылау мен басқарудың, сірə, негізгі механизмі болып табылатын құралы. Қоғамның иелері дəл осы акционерлер, сол себептен олардың директорлар кеңесі мен атқару органдарынан қоғамның жүргізіп отырған саясаты жайлы толық жəне шүбəсіз есебіне ие болып отыру мүмкіндігі болуы тиіс. Шаруашылық серіктестердің жалпы жиналысын өткізу қоғамның кемдегенде жылына бір реет өз қызметі, жетістіктері мен жоспарлары

туралы хабардар етіп отыруға, олардың қоғам қызметінің аса маңызды

мəселелерін талқылап жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға мүмкіндік

береді.

37.Акционерлердің жалпы жиналысының уəкілеттілігі. Акционерлердің – дауыс беруші акцияларды иеленушілердің барлығына арнап акционерлік қоғамды басқару ісіне қатысу құқығы, ең алдымен олардың жалпы жиналысқа қатысуы түрінде жүзеге асырылып отырады, мұнда осындай əрбір акция бір дауысты береді (директорлар кеңесін сайлау кезіндегі кумулятивтік дауыс беру жағдайларын санамағанда). Бұл акционерлерді корпоративтік бақылау мен басқарудың, сірə, негізгі механизмі болып табылатын құралы. Қоғамның иелері дəл осы акционерлер, сол себептен олардың директорлар кеңесі мен атқару органдарынан қоғамның жүргізіп отырған саясаты жайлы толық жəне шүбəсіз есебіне ие болып отыру мүмкіндігі болуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу қоғамның кем дегенде жылына бір рет акционерлерді өз қызметі, жетістіктері мен жоспарлары туралы хабардар етіп отыруға, олардың қоғам қызметінің аса маңызды

мəселелерін талқылап жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға мүмкіндік

береді. Акционерлердің жиналысы қоғамның тіршілік əрекеті мен дамуының

барлық басты мəселелерін, оның жарғылық капиталын өзгерту мəселелерін

шешіп отырады. Жиналыс акционерлік қоғамды басқару органдарын құрып,

олардың жұмысының нəтижесін бақылап отырады жəне осы органдардың

құзырлықтарын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Акционерлік қоғам (бұдан əрі мəтін бойынша «АҚ») акционерлерінің Жалпы жиналысы соның жоғарғы органы болып табылады.3 Сонымен қатар корпоративтік қақтығыстар жағдайында қарсыласқан

тараптардың негізгі күресу алаңына дəл осы акционерлердің жалпы жиналысы жататынын естен шығармаған жөн. Оның үстіне билік үшін күрес көп жағдайда жиналысты даярлау мен өткізу рəсімдерінің, акционерлердің құқығының бұзылуына əкеп соқтырып отырады.4 Дəл сол себептен жалпы жиналыстардың өткізілуі қатаң регламенттелген болуы тиіс. Алайда Қазақстандағы корпоративтік басқару жəне еліміздің корпоративтік заңдары жаңадан ғана дамып келеді жəне əлбетте нақтыланып жəне толықтырылып отыратын болады. Акционерлердің алғашқы жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын толық мемлекеттік тіркеуден өткізіп жəне акцияларды ұстаушылар тізілімінің жүйесін қалыптастырудан кейін шақыртылып жəне өткізіліуі мүмкін. Акционерлердің жылдық (кезекті) жалпы жиналысы міндетті тəртіппен жыл сайын өткізіліп отырады. Қалған жиналыстар кезектен тыс болып табылады жəне заңдар мен қоғамның жарғыларында белгіленген жағдайларда өткізіледі.

38.Акционерлердің жалпы жиналысының түрлері. Егер қайсыбір себептерге байланысты Жалпы жиналыс өткізілмеген болса, онда акционерлердің жалпы жиналысы мерзімінде өткізілмеген жерде акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізіледі, ол акционерлердің бастапқы (өтпеген) жалпы жиналысын өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күнге тура сол күн тəртібімен тағайындалуы мүмкін. Өтпеген жиналыстың орнына өткізіліп отырған акционерлердің қайталама жалпы жиналысы келесі шарттармен күн тəртібінің мəселелерін қарастырып жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға құқылы, яғни егер: 1) кворумның болмау себебіне орай өтпеген акционерлердің жалпы

жиналысын шақырту тəртібі орындалған болса; 2) соған қатысуға арнап тіркеудің аяқталу сəтіне қарсы жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының қырық жəне одан артық пайызын иеленіп отырған акционерлер, соның ішінде сырттай дауыс беретін акционерлер (не солардың өкілдері) тіркелген болса. Акционерлерінің саны он мың жəне одан асатын қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге арнап бұдан аз кворум белгіленуі мүмкін (қоғамның дауыс беруші акцияларының кем дегенде он бес пайызы). Инвестициялық жекешелендіру қорын қайта құру мен қайта тіркеудің нəтижесінде құрылған қоғамдағы акционерлердің қайталама жалпы жиналысы егер соған қатысуға арнап тіркеудің аяқталу сəтіне қарсы қоғамның дауыс беруші акцияларын иеленіп отырған кем дегенде бес жүз акционер (не солардың өкілдері) тіркелген болса, күн тəртібінің мəселелерін қарастырып жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген кезде кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізілмейді. Дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманы əзірлеу жəне соған қол қоюдан кейін хаттама өздеріне негізделумен əзірленген көзбе-көз жасырын жəне сырттай дауыс беруге арналған толтырылған бюллетеньдер (сонымен қатар жарамсыз деп танылған бюллетеньдер) хаттамамен бірге тігіледі жəне қоғамның мұрағатына сақтауға тапсырылады. Акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамалармен, жалпы жиналысқа қатысу жəне дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығын растайтын сенімхаттармен жəне хаттамаға қол қоюдан бас тарту себептерін жазбаша түсіндірулермен бірге тігіледі. Аталмыш құжаттарды атқарушы орган сақтап жəне олар акционерлерге солардың танысып шығуына арнап кез келген уақытта беріліп отыруы тиіс. Акционердің талап етуі бойынша оған акционерлердің жалпы жиналысы

хаттамасының көшірмесі беріледі.

39.Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысандары. Егер қайсыбір себептерге байланысты Жалпы жиналыс өткізілмеген болса, онда акционерлердің жалпы жиналысы мерзімінде өткізілмеген жерде акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізіледі, ол акционерлердің бастапқы (өтпеген) жалпы жиналысын өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күнге тура сол күн тəртібімен тағайындалуы мүмкін. Өтпеген жиналыстың орнына өткізіліп отырған акционерлердің қайталама жалпы жиналысы келесі шарттармен күн тəртібінің мəселелерін қарастырып жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға құқылы, яғни егер: 1) кворумның болмау себебіне орай өтпеген акционерлердің жалпы

жиналысын шақырту тəртібі орындалған болса; 2) соған қатысуға арнап тіркеудің аяқталу сəтіне қарсы жиынтығында қоғамның дауыс беруші акцияларының қырық жəне одан артық пайызын иеленіп отырған акционерлер, соның ішінде сырттай дауыс беретін акционерлер (не солардың өкілдері) тіркелген болса. Акционерлерінің саны он мың жəне одан асатын қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге арнап бұдан аз кворум белгіленуі мүмкін (қоғамның дауыс беруші акцияларының кем дегенде он бес пайызы). Инвестициялық жекешелендіру қорын қайта құру мен қайта тіркеудің нəтижесінде құрылған қоғамдағы акционерлердің қайталама жалпы жиналысы егер соған қатысуға арнап тіркеудің аяқталу сəтіне қарсы қоғамның дауыс беруші акцияларын иеленіп отырған кем дегенде бес жүз акционер (не солардың өкілдері) тіркелген болса, күн тəртібінің мəселелерін қарастырып жəне солар бойынша шешім қабылдап отыруға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген кезде кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жалпы жиналысы өткізілмейді. Дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманы əзірлеу жəне соған қол қоюдан кейін хаттама өздеріне негізделумен əзірленген көзбе-көз жасырын жəне сырттай дауыс беруге арналған толтырылған бюллетеньдер (сонымен қатар жарамсыз деп танылған бюллетеньдер) хаттамамен бірге тігіледі жəне қоғамның мұрағатына сақтауға тапсырылады. Акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамалармен, жалпы жиналысқа қатысу жəне дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығын растайтын сенімхаттармен жəне хаттамаға қол қоюдан бас тарту себептерін жазбаша түсіндірулермен бірге тігіледі. Аталмыш құжаттарды атқарушы орган сақтап жəне олар акционерлерге солардың танысып шығуына арнап кез келген уақытта беріліп отыруы тиіс. Акционердің талап етуі бойынша оған акционерлердің жалпы жиналысы

хаттамасының көшірмесі беріледі.

40.Шаруашылық серіктестіктің директорлар кеңесі, оның мəртебесі, құрылу мақсаты, қалыптасу тəртібі, уəкілеттілігі. Қазақстанда экономиканың осы даму деңгейінде директорлар кеңесінің негізгі міндеті менеджменттің жұмысын қадағалау болып табылады. Мұнда стратегияны дайындау міндеті тұрған жоқ: менеджмент ұсынған З стратегияны мұқият оқу керек. Оны түзету мүмкін, «шындыққа жанастыруы» мүмкін, қатаңдату мүмкін.

Яғни, қайтадан ойлап шығару емес, түзету. Директорлар кеңесінің келесі міндеті –менеджменттің іс-əрекетін бақылау, ол кейде түрлі идеялармен тым əуестенеді, компанияның пайданы арттыру, қаржыландыру жəне т.б. сияқты қарапайым жəне түсінікті қаулылық мақсаттары бар екенін ұмытып кетеді.Директорлар кеңесі өкілді орган болып табылады. Ол акционерлердің мүдделерін білдіреді. Иелік басқарудан бөлінген акционерлік қоғамда мұндай орган керек, өйткені акционерлерде көбінесе іскерлікті басқару үшін қажетті біліктіліктің болмайтындығымен қоса, көптеген акционерлер бірыңғай басқару шешімдерін қабылдай алмайды, өздерінің құқықтары мен мүдделерін бірыңғай қорғай алмайды. Бұл үшін олар өкілді органға өздерінің өкілдерін сайлайды. Өз кезегінде

директорлар кеңесі атқарушы органды сайлайды. Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналыстарының арасындағы аралықта акционерлік қоғамды басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Оған компания жұмысын жалпы басқарудың бөлігі жүктеледі. Ол акционерлердің құқығын қамтамасыз етуде, сонымен қатар, қоғамның қаржы-шаруашылық

қызметін жүргізуде жəне оның дамуында маңызды рөл ойнайды. Кеңестің акционерлердің Жалпы жиналысының қаулысын орындау, ағымдағы режимде атқарушы органның жұмысы, менеджменттің жұмысын түзету жəне тиімсіз жетекшілерді жұмыстан шеттету бойынша міндеттері бар. директорлар кеңесінің артықшылығы да, кемшілігі де бар. Олар – кеңестің жұмысының субъектіліктің жоғарғы деңгейінде, кеңесті құру жəне олардың шешім қабылдаған кезінде өздерінің мүдделерін қорғауда миноритарлық акционерлер үшін қиындықтар. Бұған қоса, директорлар кеңесінің шекарасын жəне компания жекешілігі мен тактикалық жəне жедел басқаруда тікелей қатысу арасындағы шекарасын анықтауда қиындықтар туады.

41.Директорлар кеңесінің құрылымы, жұмысын ұйымдастыру тəртібі. Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтық мəртебесі. . Қазақстанда экономиканың осы даму деңгейінде директорлар кеңесінің негізгі міндеті менеджменттің жұмысын қадағалау болып табылады. Мұнда стратегияны дайындау міндеті тұрған жоқ: менеджмент ұсынған З стратегияны мұқият оқу керек. Оны түзету мүмкін, «шындыққа жанастыруы» мүмкін, қатаңдату мүмкін.

Яғни, қайтадан ойлап шығару емес, түзету. Директорлар кеңесінің келесі міндеті –менеджменттің іс-əрекетін бақылау, ол кейде түрлі идеялармен тым əуестенеді, компанияның пайданы арттыру, қаржыландыру жəне т.б. сияқты қарапайым жəне түсінікті қаулылық мақсаттары бар екенін ұмытып кетеді.Директорлар кеңесі өкілді орган болып табылады. Ол акционерлердің мүдделерін білдіреді. Иелік басқарудан бөлінген акционерлік қоғамда мұндай орган керек, өйткені акционерлерде көбінесе іскерлікті басқару үшін қажетті біліктіліктің болмайтындығымен қоса, көптеген акционерлер бірыңғай басқару шешімдерін қабылдай алмайды, өздерінің құқықтары мен мүдделерін бірыңғай қорғай алмайды. Бұл үшін олар өкілді органға өздерінің өкілдерін сайлайды. Өз кезегінде

директорлар кеңесі атқарушы органды сайлайды. Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналыстарының арасындағы аралықта акционерлік қоғамды басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Оған компания жұмысын жалпы басқарудың бөлігі жүктеледі. Ол акционерлердің құқығын қамтамасыз етуде, сонымен қатар, қоғамның қаржы-шаруашылық

қызметін жүргізуде жəне оның дамуында маңызды рөл ойнайды. Кеңестің акционерлердің Жалпы жиналысының қаулысын орындау, ағымдағы режимде атқарушы органның жұмысы, менеджменттің жұмысын түзету жəне тиімсіз жетекшілерді жұмыстан шеттету бойынша міндеттері бар. директорлар кеңесінің артықшылығы да, кемшілігі де бар. Олар – кеңестің жұмысының субъектіліктің жоғарғы деңгейінде, кеңесті құру жəне олардың шешім қабылдаған кезінде өздерінің мүдделерін қорғауда миноритарлық акционерлер үшін қиындықтар. Бұған қоса, директорлар кеңесінің шекарасын жəне компания жекешілігі мен тактикалық жəне жедел басқаруда тікелей қатысу арасындағы шекарасын анықтауда қиындықтар туады. Директорлар кеңесінің саны маңызды мəселе болып табылады. Олардың саны үштен кем болмауға тиіс. Егер олар аз болса, олар жалпы алғанда оларда кеңестің

тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін жеткілікті құзыреттілік жинағы бола ма екен?

Егер олар көп болса, пікірдің əртүрлілігінің кесірінен шешім қабылдауда

қиындықтар тууы мүмкін. Оған қоса, директорлар кеңесінің отырысын өткізу

қиынға соғады, өйткені кеңестің мүшелері əдетте жұмысбасты адамдар. Кеңес

отырысында қажетті кворум жиналмау мүмкіндігі туады.

42.Акционерлерді тіркеу (Реестр). Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы. Қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде оның акцияларын орналастыру туралы шешiмдi қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.Акцияларды орналастыру акционерлердің акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруы, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион арқылы, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды сатып алуға өтінім беру үшін берілген күнтізбелік отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер бұрынғы меншік иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда бұл құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздың жаңа меншік иесіне өтеді.Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін ең төменгі бағасы болып табылады.Акционерлер акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастыру туралы шешiм қабылдаған органы белгiлеген осы акциялардың бiрыңғай ең төменгі орналастыру бағасы бойынша сатып алады.Қоғамның акциялары осы орналастыру шегiнде акцияларды жазылу арқылы сатып алатын барлық тұлғалар үшiн бiрыңғай баға бойынша сатылуға тиiс.Қоғамның уәкілетті органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде акционерлерге ұсынылған бағаны азайту арқылы жарияланған акцияларды орналастыру туралы бұрын қабылданған шешiмнің талаптарын өзгерту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, қоғам акционерлерге осы акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын қайта ұсынады.