
Сенімхат (Доверенность)
Мен, Қылмыстық тергеу факультетінің 2-курс студенті Сергей Касьянов,1996 жылдың маусым айындағы стипендиямды алуды Темірғалиев Мәрленге сеніп тапсырамын.
қолы
күні
Касьянов Сергейдің қолын куәландырамын.
Қылмыстық тергеу факультетінің деканы Е.Ш.Рахметов
Сенімхат дегенеміз қандай құжат?
Сенімхаттың түрлерін атап бер?
Сенімхат неше дана жасалады?
Сенімхат мәтінінде не көрсетілуі қажет?
Сенімхат деректемелерін атап бер?
Қолхат дегеніміз қандай құжат?
Қолхат қалай жазылады?
Қолхат неше дана жасалады?
Қолхат деректемелерін атап бер?
Сенімхат пен қолхаттың айырмашылығы неде?
Тапсырма:
Досыңызға өз автокөлігіңізді жүргізуге сенімхат құрастырңыз;
Еңбекақыңызды алуға сенімхат құрастырңызы;
Кәсіпорын атынан мәмле жасауға сенімхат құрастырыңыз;
Бағалы зат алғаныңызды растап қолхат құрастырыңыз;
Ақша қарыз алғаныңызды растап қолхат құрастырыңыз.
*Сөздік:
Ақша –деньги
Жәрдемақы- пособие
Зейнетақы – пенсия
Куә- свидетель
Қолхат- расписка
Сенімхат-доверенность
VI-курс тақырыбы: Еңбек қатынастарын ресімдеу.
21-26 сабақ тақырыптары бойынша сұрақтар:
Еңбек ресурстарын басқару саласында, әкімшілік алдында өзара байланысты міндеттер.
Жалдаудың процедураларын атаңыз.
Жұмысқа тартудың негізгі тәсілдері.
Ұсыныс хат дегеніміз не?
Өтініш дегеніміз не?
Өтініш деректемелері.
Өтінішке тіркелетін қажетті құжаттар.
Өтініш қалай жазылады?
Өтініштің түрлерін атаңыз.
Түйін деген не?
Түйін деректемелері.
Келісім-шарт деген не?
Келісім-шарт деректемелері.
Келісім неше дана жасалады және кімдер қол қояды?
Мінездеме деген не?
Мінездеме бөлімдері.
Мінездеменің деректемелері.
Мінездеме қандай мақсатпен жазылады?
Еңбек кітапшасы деген не?
Сенімхат деген не?
Сенімхат деректемелері.
Сенімхат түрлерін атаңыз.
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттың жарамдылығы.
Қолхат дегеніміз не?
Қолхат деректемелері.
Өмірбаян дегеніміз не?
Өмірбаян деректемелері.
Телефонхат деген не?
Телефонхат деректемелері.
Арыз дегеніміз не?
Арыз деректемелері.
К.Т. 7. Коммерциялық хат алмасу
С.Т. 7.1.Хат алмасу мәдениеті
Бөлімнің бұрынғы тарауларында баяндалған құжаттар мемлекеттің жеке адаммен емес, жалпы көпшілікпен қарым- қатынасын көрсететін партиялық- бюрократиялық жүйеде қалыптасқан түрлері сипатталған. Жеке адам мемлекет алдында тек қана міндетті де борышты болып саналады. Кеңес, өтініш, кешірім, алғыс т.б. түріндегі құжаттарда жеке тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктері ескерілмеді. Бұған мысал ретінде көрнекі үгіт құралдары мен «жарнамаларға» жататын хабарландыруларды, ақпараттарды, маңдайшалардағы ілмелерді алуға болады. Біздің әрқайсымыз мыңадай үзілді-кесілді тұрғыдағы ақпарат, ілмелерді талай көрдік: «Кіруге болмайды!»; «Тыйым салынады!»; «Шылым шегуге, қоқыс тастауға болмайды!»; «Қол тигізуге болмайды!»; «Тұрғындарға қатаң тыйым салынады!...» т.б. Мұндай ақпаратты құрастырушының «досына, жолдасына, ағасына» деген қатынасы қарсыласуды көтермейтін қатал да үстем. Азаматтарға неге «кіруге, қол тигізуге болмайтынын, тыйым салынатынын» ішінара түсіндіретін ақпараттар мен ілмелер де кездеседі. Оларда жоғарыдағы қатаң бұйрықтарға мынадай сөздер тіркеседі: «Жөндеу жұмыстары!»; «Жоғары электр қысымы»; «Кеңес жүріп жатыр!»; «Жыртқыш!» т.б. Қатынас жасаудың демократиялық стилі біздің өмірімізге енді ғана ене бастады.
Құрғақ жарнамалық ақпараттар ағынының ішінде («Ұйым ұсынады....») сұраушының не сатып алушының қажеттіліктері мен мүдделеріне көңіл қою да пайда бола бастады: «Біз Сізге қызмет көрсетуге қуаныштымыз», «Сізге ыңғайлы уақытта...», «Сіз бұған қуана таңданасыз...» т.б. Егер сіз тауарыңызды жақсы, бірақ әлі де күдікпен қарайтын адамға сатқыңыз келсе, онда оны сатып алуға сендіруіңіз керек. Сендірудің ондай технологиясы қатынас жасаудың басқа стилін қажет етеді. Ал жазба мәтінің сендіру мүмкіндіктері мүлдем болмайды. Тележарнаманың газет жарнамасына қарағанда артықшылығында осында: сатып алушының қуанышты жүзі сәтті құрылған мәтінмен орайласа, адамның ақыл- ойы мен эмоциясына бір мезетте әсер етеді. Қазіргі жағдайда хат жазысу, ақпарат, қызмет көрсету, тауарды жарнамалаудың жаңа мәдинеті қалыптаса бастады. Шет елдік фирмалардың өз клиенттерімен қатынас жасаудағы тәжірибесінен өзімізге тән нұсқаларын дұрыс пайдалана білуіміз қажет.
Хат алмасу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Жарнама дегеніміз не?
Жарнаманың қандай түрлерін атап бересің?
Олардың айырмашылығын тап?
Тапсырма:
Өз мамандығыңды жарнамалап жарнама құрастыр;
Хат алмасу мәдениеті тақырбына глоссарий жаса.
*Сөздік
Жарнама- реклама
Мәдениет-культура
Хат-письмо
К.т. 7. Коммерциялық хат алмасу
С.т. 7.2.Хат алмасу жанры
Рон Теппер өзінің менеджерлерге арналған «Іскерлік хат жазу өнерін қалай үйрену керек» деген кітабында хаттардың мынадай түрлерін көрсетеді:
*Қызметтік хаттар.
*Кадр мәселесіне, мекеменің ішкі тәртібіне, жұмыс ережесіне байланысты нұсқаулар .
*Алғысхаттар мен құттықтаулар.
*Еске салулар, өтініштер, шаралар өткізу
Фирманың сыртқы хаттары 6 түрге бөлінеді:
сауда-саттық келісімдер,келісім –шарттар.
Алғыс айтылған жауап хаттар.
Құттықтаулар.
Кешірім сұрайтын хаттар.
Талап ететін хаттар, сұрау салу хаттар.
Көңіл айтулар.
Хаттардың бұл 6 түрі өз кезегінде 2 категорияға бөлінеді:
Формалды
Формалды емес.
Жанрларға бөлуден көрініп тұрғандай, хаттарды топтастыруға олардың кімге арналғаны негіз болады. Егер ішкі қызметтік және сыртқы хат алмасу жанрларын жоғарыда келтірілген топтастырумен салыстырып қарасақ, соңғысында алғыс, кешірім сұрау, құттықтау т.б. туралы ешнәрсе жоқ екенін көреміз. Яғни, жеке адамға қаратылған хат жоқтың қасы. Әкімшіліктің жеке қызметкерлерге қатынасы мынадай түрде көрінеді: алғыс айтылған бұйрық жарияланады.
Әкімшілік мінез-құлықтың әр түрлі стилі, қарым-қатынас жасаудың түрлі көрінісі, оның өзі жанр таңдауға да әсерін тигізеді.
1. Хат жанрын Рон Теппер қандай түрлерге бөледі?
2. Хаттардың сыртқы түрлерін атап бер?
3. Хаттарды бөлудің неше категориясы бар?
Тапсырма:
Талап хатын құрастыр;
Сұрау салу хатын құрастыр;
Қызметтік хат құрастыр.
*Сөздік:
Алғысхат- благодарственное письмо
Еске салу- напоминание
Іскерлік-деловой
Сауда-саттық- купля-продажа
Талап-претензия
К.т. 7. Коммерциялық хат алмасу
С.т. 7.3.Коммерциялық хаттың құрылымы
1.Коммерциялық хаттың құрылымы туралы
2.Коммерциялық хат деректемелері
Коммерциялық хаттардың мәтінінің дамуына сәйкес мақсаттары да өзгеріп отырады.Сол себепті оларды 4 қағидаға бөлуге болады:
Көңіл аудару
Қызығушылық тудыру
өтініш
іс- әрекет
Хаттарда сөздерді түсінікті, мағыналы, әдеби тілде жаза білу керек.Ол үшін хаттарға мысқылдар,сұрақ-жауаптар және фразалық тіркестер қолданылады. Ондағы мақсат- қабылдау дағдысын бұзу, қабылдауды жандандыру. Р.Теппердің коммерциялық хаттардың мәтінін композициялық кезеңдерге бөлуі шығармашылықты қажет ететіндігін көруге болады.Мысалы:
-Көңіл аудару бөлімі хат иесінің аты-жөнін оқыған сәтте көңіл аударылып, ол не туралы жазыпты деген қызығушылық арта бастайды.
-Қызығушылық туғызу бөлімінде хат иесі қандай істер атқарғысы келетінін хабарлайды.
-Өтініш бөлімінде қажетті деректерді келтіре отырып, түсіндіріп, нақты жалпылама көмек сұралады.
-Іс-әрекет бөлімінде нақты көмекке шақыру орын алады.
Коммерциялық хат деректемелері:
-құжат атауы
-қабылдаушы
-авторы
-тақырыбы
-мәтіні
-ізеттіліктің қорытынды түрі
-қосымша туралы белгі
-қолы
1. Коммерциялық хат құрылымын түсіндір
2. Хат деректемелері неден тұрады?
Тапсырма:
коммерциялық хат құрастырыңыз.
*Сөздік:
іс- әрекет – действие
көңіл аудару – привлечь внимание
қызығушылық тудыру - заинтересовать
өтініш – сделать предложение
К.т. 7.Коммерциялық хат алмасу
С.т.7.4.Хат-хабарды ресімдеу ережелері
1.Іскерлік хат туралы
2.Іскерлік хат деректемелерінің орналасу тәртібі
Іскерлік хаттар осы кезге дейін байланыстың ең көп тараған түрі болып табылады. Телекс, телефон, компьютерлік байланыс өте тез, жылдам іске асады, алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы әсіресе, заң тұрғысынан тыңғылықтылығымен маңызды.
Іскерлік хаттар фирма не ұйымның деректемелері бар арнайы қағазға жазылады. Оның сыртқы түрі фирманың қзіндік бет-бейнесін береді,сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырылып жасалады.
Халықаралық ережелер бойынша мекен-жай екі рет жазылады: конверттің төменгі оң жағына және хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына. Хатта міндетті түрде болуы тиіс-хат арналған адамның аты-жөні, фирманың атауы, мекен-жайы: үйдің нөмірі, көше атауы, қала атауы. Пошта индексі, елдің атауы.
Жіберуші фирманың деректемелерінен кейін жіберілген күні, бірақ қысқарту халықаралық тәжірибеде қолданылмайды.
Хаттың сол жақ жоғарғы бұрышына мекен-жайды жазғаннан кейін төменде азат жолсыз сол жақтан сыпайы түрдегі арнау жазылады.Кіріспе қаратпа сөзден кейін леп белгісі емес, үтір қойылады. Келесі жолда хат тақырыбы аталады. Содан кейін хат мәтіні жалғасады.Хат әдетте жақсы тілек сөздермен аяқталады. Тілек сөздерден кейін, төменірек хат иесінің өызметі мен аты-жөні көрсетіледі. Егер хатқа қандай да бір материал немесе құжат тіркелсе. Ол хат соңында сол жақта жеке жолда «Қосымша» сөзінен кейін санамалап жазылады.
Іскерлік хат барлық жағынан мүлтіксіз орындалғанда ғана ол заң талаптарына жауап береді.
Іскерлік хат деректемелерінің орналасу тәртібі:
1.Хат жіберуші ұйымның атауы
2.Сілтемеге көрсеткіш.Онда хат жазушының немесе машинистканың аты-жөні,фирманың, бөлімнің әріптік сандық белгілеулері көрсетіледі.
3.Хаттың жазылған күні
4.хат алушының мекен-жайы
5.нақты адамды көрсету
6.кіріспе арнау
7.хат тақырыбы
8.хат мәтіні
9.ізеттіліктің қорытынды түрі
10.қолы
11. қосымшаға нұсқау
12.көшірменің жіберілгеніне нұсқау
1. Іскерлік хатың маңыздылығын түсіндір
2. Іскерлік хатта мекен-жай неше рет жазылады?
3. Іскерлік хат мәтіні қандай сөздермен аяқталады?
4. Деректемелерінің орналасу тәртібін түсіндір.
Тапсырма:
Мәтін бойынша құжат деректемелерін орналастыру сызбасын жаса;
Іскерлік хат құрастыр.
Конверттің сыртына талап бойынша мекен-жай толтыр
*Сөдік:
Қосымша- приложение
Тлек сөз- слова пожеланий
Хат-письмо
YII курс тақырыбы: Коммерциялық хат алмасу.
27-30 сабақ тақырыптаы бойынша сұрақтар: