
Найманова Кульяш
Кунслямова Шынар Кунслямовна
Семей
Пікір жазушы: Түсіпбекова Ғалия Ауытқызы, филилогия ғылымының кандидаты
Бұл оқу құралында кез келген оқытушы сабаққа қолдануға қажетті дәріс, құжат үлгісі мен тапсырмалар, модульдік технология элементтерін қолдану үлгісі берілген. Құжат үлгілері Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық актілеріне негізделген үлгілер бойынша жасалған.
Ұсынылып отырған оқу құралында жалпы құжат туралы, оның маңызынан бастап басқару құжаттары, құрылтай құжаттары, ұйымдық құжаттар, бұйрық-жарлық құжаттары, ақпараттық-анықтамалық құжаттар, еңбек қатынастарын құжаттау, коммерциялық хат алмасу, жеке құжаттар, құжат айналымы тақырыптары сипатталып, тапсырмалар, құжат үлгілері, сызбалар дайындалып берілген. Сонымен қатар, оқушылардың өз білімдерін тексеру үшін тест сұрақтары, глоссарий ұсынылған.
МАЗМҰНЫ:
Глоссарий............................................................................................................5-6
1-тарау. ЖАЗБАША ЖАНРЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Құжат және оның маңызы ...........................................................................7
1.2 Іс құжаттары- қарым-қатынас жасаудың тәсілі....................................8 -9
1.3 Әкімшілік тілінің стильдік қырлары....................................................10 -11
1.4 Құжаттарды топтастыру........................................................................11 -13
1.5 Деректемелер мен формуляр-үлгілер...................................................13 -15
1.6 Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттар......................................15 -17
2-тарау. ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ
2.1. Ұйымдық нысандарын іздестіру..........................................................17 -19
2.2. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты
3-тарау. ҰЙЫМДЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ
3.1. Басқару құрылымы және құжат толтыру............................................19 -21
3.2. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер.......................................21-23
3.3. Лауазымдық нұсқаулықтар...................................................................23 -25
3.4. Жеке құрам бойынша ереже. Штат кестесі.........................................25-26
4-тарау. БҰЙРЫҚ-ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
4.1 Бұйрықтар................................................................................................27-28
4.2 Нұсқаулар мен жарлықтар.....................................................................29-30
4.3 Қаулылар,шешімдер, хаттамалар..........................................................30-32
5-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
5.1. Қызметтік хаттар. Жеделхаттар............................................................32-34
5.2. Баяндау хаттар.Түсінік хаттар............................................................ .34-35
5.3. Анықтама және акт.................................................................................35-37
6-тарау.ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ҚҰЖАТТАУ
6.1. Еңбек қатынастарын ресімдеу...............................................................37-39
6.2.Өтініш, келісім, түйіін түрлері...............................................................39-41
6.3. Мінездемелер, өмірбаяндар...................................................................41-43
6.4. Сенімхат.Қолхат.....................................................................................43-46
7-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТ АЛМАСУ
7.1. Хат алмасу мәдениеті..................................................................................47
7.2. Хат алмасу жанры........................................................................................48
7.3.Коммерциялық хаттың құрылымы.............................................................49
7.4. Хат-хабарды ресімдеу ережелері............................................................50-51
8-тарау. ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ
8.1. Кірістік құжаттар......................................................................................51-52
8.2. Шығыстық құжаттар................................................................................53-55
8.3. Істер номенклатурасы..............................................................................55-56
8.4. Істерді қалыптастыру...............................................................................56-57
8.5. Құжаттарды іріктеу және сақтау.............................................................57-59
8.6. Ведомстволық архивке істерді өткізуге дайындау...............................59-61
ҚОСЫМША:
Тест сұрақтары.....................................................................................61-90
Тест жауаптары..........................................................................................91
Сызбалар................................................................................................92 -
Әдебиеттер.............................................................................................
Глоссарий
Құжат- қандай да бір оқиғалар мен фактілерді жазбаша қағаз бетіне түсіру.
Құжат – куәлік, дәлелдеу деген мағынаны білдіреді.
Стиль- сөйлесудің қалыптасқан жүйесі.
Деректеме құжаттың құрамды бөлігі.
Гриф -құжаттағы ерекше белгі.
Анықтама -қандай да бір фактіні сипаттап, растайтын құжат.
Бұйрық- мекеме алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында мекеме басшысының қызметкерлерге жазбаша беретін құқықтық құжат.
Нұсқау- ақпараттық-әдістемелік не ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат.
Жарлық -басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт.
Құрылтай шарты- азаматтардың, заңды тұлғалардың тауар өндіруге ,басқа қызметке қажет қаржыларын немесе басқа мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім.
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференция ларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Жеделхат-ақпарат беру әдісі жағынан бірдей әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып, баяндаған, қорытынды, ұсыныс жасаған құжат.
Түсінік хат – қызметкердің қандай да бір болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі.
Акт-бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі.
Арыз –жеке адамның қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өтініш білдіретін құжат.
Қолхат- іске асқан бір фактіні растайтын құжат.
Сенімхат- сенімді тұлғаға өзінің құқықтарын белгілі бір уақытқа пайдалануға берілетін құжат.
Өмірбаян-автор өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіпте құрастыратын құжат.
Мінездеме-қызметкердің қызметтік , қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеттері мен моральдік сапасын ерекшелеп көрсету.
Заңды тұлға – азаматтық кодекстің 33 - бабына сәйкес дербес балансы ,өз атауы жазылған мөрі ,дербес мүлкі бар ұйым.
Лауазымдық нұсқаулық - кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтығын жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Телефонхат- жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алған құжат.
Түйін- үміткер туралы қысқаша,нақты мәліметтер.
Келісім- екі жақтың заң алдында келісілген міндеттері мен құқықтары , жалдауережелері мен еңбек дауларын шешудің тәртібі көрсетілген құжат.
Жоспарлау- стратегиялық мақсаттардың қойылысын, еңбек ресуртарының барлығын және қажеттілігін бағлау.
Ұйымдастыру- еңбек операцияларын талдау,біліктілік талаптары мен қызметтік нұсқаулықтарды құрастыру басқару міндеттерін анықтау.
Басқару- кадр саясаты, қызметке тарту, іріктеу,жұмысқа қабылдау , өтемақы арқылы негіздеу.
Есепке алу- жеке құрам қызметін бағалау.
Еңбек кітапшасы - қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын құжат.
Өтініш –қызметкердің ресми тілегі болып табылатын құжат.
Құжат айналымы – құжаттардың келіп түскен күнінен бастап атқарылып болғанға дейінгі қозғалысы
Номенклатура- сақталу мерзімі көрсетілген, бір жүйеге түскен құжат
Курс тақырыбы: 1. Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі.
Сабақ тақырыбы:1.1 Құжат және оның маңызы.
Құжат туралы
Іс жүргізу туралы заңдылықтар
«Құжат»- латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Құжат дегеніміз белгілі бір фактілер мен оқиғаларды жазбаша қағазбетіне түсіру.
Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар:
қандай да бір нәрсеге деген құқықты (жол жүруге деген) растайтын іс қағазы;
жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат(төлқұжат);
бір нәрсе туралы жазбаша куәлік(ескі граматолар)
Кәсіпорынды басқару-мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетуімен бағаланады.Яғни, ақпараттың көптігі оны өңдеуді талап етеді, оның маңызды, жедел орындауды қажет ететін жақтарын айқындап, оны қабылдап – түсініуге ыңғайлы күйге түсіруді керек етеді.
Құжаттың сапасы оның толықтығы, оралымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай-ақ оның ықшамдылығымен айқындалады.
Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар-мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады.
Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде қолданылады.
2.Құжат толтырудың біртұтас ережесін ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің ержелері» деп аталатын № 562 қаулысы болып табылады.
Іс жүргізу туралы ең алғашқы заңдылық 1957 жылы шыққан, кейін оған бірнеше түзетулер мен өзгертулер енгізілген.
1.Құжат дегеніміз не?
2.Құжаттың үш мағынасын ата.
3. Құжаттың сапасы немен айқындалады?
4.Құжат толтырудың біртұтас ережесін кім белгілейді?
5.Іс құжаттарын жүргізу туралы заңдылықтарды атап бер.
6. «Мұғалім»-«Оқушы» ойынын өткізу
*Сөздік жұмыс
Құжат-документ
Куәлік-свидетельство
Төлқұжат- удостоверение
Ереже- положение
Заңдылықтар- законы
Курс тақырыбы:I. Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі
Сабақ тақырыбы:I.2.Іс құжаттары қарым-қатынас жасаудың тәсілі
1.Әдеби стиль
2.Ресми стиль
Стиль дегеніміз сөйлесудің қалыптасқан жүйесі
Іс жүргізуде қарым-қатынас жасау стильдер арқылы жүзеге асырылады. Олар:
1.Әдеби стиль;
2.Ресми стиль.
Тілдің қоғамдық қызмет аясына байланысты әдеби тілді біз бес стилге бөлеміз:
Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарды,мемлекеттің өз азаматтарымен және олардың бірлестіктерімен,сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы ресми қатынастарда және шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынастарда орын алады.Іс жүргізуде аса маңызды стильдердің бірі ресми-іс қағаздары стилі.
Ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы-құқықтық санамен сәйкес келеді.Әрбір азамат өзінің мемлекет алдындағы,отбасы алдындағы,қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі туралы білімдері ,құқықтық нормаларды меңгерулері тәжірибе жүзінде басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіншілік береді.
Дипломатиялық стиль-мемлекеттің қоғамның маңызды мәселелерін, халықаралық мәселелрді шешуде қолданылатын стиль.
Заң шығарушылық стиль -адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде заң, сот, құқық органдарында қолданылады.
Күнделікті іс жүргізу стилі - кез келген мекеменің қызметіне, бағытына байланысты жүргізілетін іс қағаздарының стилі. Бұл стиль барлық қызметкерлерге ортақ.
1. Іс құжаттарын не себептен қарым-қатынас жасаудың тәсіліне жатқызады?
2. Әдеби стильдерді атап бер.
3. Ресми стильге не жатады?
4.Дипломатиялық стиль дегеніміз не?
5. Заң шығарушылық стиль қайда қолданылады?
6. Күнделікті стиль дегеніміз не?
7. Стиль дегеніміз не?
*Сөздік
Ресми-деловой
Құқықтық- правовой
Қатынастар- отношение
Тапсырма:
Ребус, сөзжұмбақ құрастыр;
Ашық тест құрастыр.
Хабарлама, реферат дайында.
К.Т. 1. Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі
С.Т. 1.3.Әкімшілік тілінің стильдік қырлары
Әкімшілік тілінің мәні туралы
Тілдік құралдар туралы
Заң шығару, сот жүргізу, әкімшілік-шарауашылық салаларында сөйлеу тілінің табиғаты екі жақты: оның мазмұны нақты болғанымен,сол мазмұнды бейнелеудің құралдары дерексіз. «Әкімшілік тілінің мәні мынадан көрінеді: оның негізі ғылыми сипатта болады, сонымен бірге күнделікті өмірмен үйлесіп жатады» деп жазған белгілі лингвист Ш.Балли.Өмірдің түрлі құбылыстары іс жүргізу стилінде белгілі бір қалыпқа түскен жағдайлардың, терминденген сөздердің,сондай-ақ тұрақты тіркестердің шектеулі мөлшеріне сыйғызылып беріледі.
Іс жүргізу тілінің терминденуі тіл әсерлігінің маңызды белгісі болып табылады және дәлдігін көрсетеді. Терминдердің, тұжырымдардың екі ұшты болмауы нормативті актілерді дәл орындауға бағышталады. Бұл, әсіресе, азаматтық қоғамның негізгі заңдары үшін маңызды. Сонымен қатар, тіл дәлдігі келісімшарттағы екі жақтың немесе ұйым ішіндегі лауазым иелерінің міндеттемелері мен жауапкершілігін, құқығын білдіретін құжаттар үшінде маңызды. Екі ұшты,нақты емес келісімдер фирмалардың іскерлік байланыстарына кеселін тигізеді, ал кейде заңды негізде қиянат жасауға дейін алып барады.
Жазба түрдегі әкімшілік тіліне, тұтастай алғанда, жеке адам тіліндегі ерекшеліктер тән емес. Оның барлық формадағы компонентері бір үлгіге түскен,баяндау үлгісі бір ізді болып келеді. Құжаттарды толтырудағы олқылықтар(мөрдің болмауы, қол қойылмауы, келісімде жауапкершілік туралы айтылмауы)сол құжаттың заңсыздығына алып келеді.Сонымен бірге, тілдегі бір үлгілік «жекелік факторды», тіл әсерлігін жоққа шығармайды.Бұл құжат тілінің ұарапайымдылығынан, анықтығынан, құжат мәніне толық сәйкестігінен көрінеді.
Құжат тілінің осы атлаған, тағы басқа жалпы белгілері іс жэүргізу мәтіндерінің композициясын ұйымдастыруда, грамматикалық тұлғаларын, сөздерді іріктеуде және оларды тіркестіріп қолдануда жүзеге асады. Осыған байланысты әс жүргзізу мәтінінің тілдік құралдарының үш тобын бөліп көрсетуге болады:
- арнайы тілдік құрал
- жалпы кітаби
- бейтарап тілдік құрал(барлық стильге тән)
Іс жүргізу стиліне мынадай сөздер мен тіркестер тән: хабардар етілсін, мәлім етілсін, ескертілсін, қамтамасыз етіледі, мәселе қойылсын, бір ай мерзімде.
Іс жүргізу стилінде тұйық етістікті тәркестер жиі қолданылады: міндеттерді орындау, шешім қабылдау, мәжіліске әзірлені;
Сөздерді байланыстыру үшін «сәйкес», «байланысты», «туралы», «бойынша» шылаулары жиі қолданылады.
Синаксистік құрылысында күрделенген сөйлемдер жиі қолданылады. «Тағы басқалар», «тағы сол сияқты» деген қысқартулар қолданылмайды.
Сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымдарының стилистикалық бірлігі құжаттың қажетті үлгіде құрылуын, берілетін ақпараттың дәлдігі мен толықтығын,қисындылық, қысқалық талаптардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік тілдің ауызша және жазба түрін меңгеру белгілі мерзімді және соған деген ынта-ықыласты талап етеді. Басқарушының меңгеруге тиісті құжат түрі- оның лауазымдық міндеттемелерімен анықталады. Керекті терминдерді меңгеру, жалпы мәдени сөздік қор, сондай-ақ құжаттарды толтыру жолдарын меңгеру үшін жүйелі түрде көңіл бөлуді, күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан, іскерлік хат жазу өнерін меңгерудің алғашқы сатысы оның теориялық моделін игеру болып табылады.
1.Әкімшілік тілінің стильдік құралына не жатады?
2.Әкімшілік тілінің стильдік қырларын түсіндір.
3. Әкімшілік тілінің мәні неде?
*Сөздік
Тілдік құрал- языковые средства
әкімшілік- административный
олқылықтар- отклонения
хабардар етілсін- сообщить
байланысты- в связи
туралы- о
мәлім етілсін- информировать
Тапсырма:
Глоссарий дайында;
Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыр;
Хабарлама, реферат дайында.
Курс тақырыбы: 1.Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі
Сабақтың тақырыбы:1.4. Құжаттарды топтастыру. Құжатқа қойылатын талаптар.
1.Құжаттарды толтыру жүйесі
2.Құжаттарды топтастыру
3.Құжаттарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасында қызмет ерекшелігіне қарай «Құжат толтырудың біріңғай жүйесі «Негізгі ережелер» белегіленген. Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес құжат толтырудың 16 біріңғай жүйесі бар: жоспарлы,есептік-санақтық, алғашқы есептеу, қаржылық және бухгалтерлік-есептік, ақшалай есеп айыру, ұйымдық-өкімдік, баға белгілеу бойынша, сауда бойынша, сыртқы сауда бойынша, құрылыс жобасы, өнертапқыштық және жаңалықтар ашу бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша транспорт жүйесін жедел жоспарлау және басқару жұмысы бойынша, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша.
Құжаттарды топтастыру-оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.
1.Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба,графикалық,акустикалық
(фото,кино,бейнеқұжаттар)болып бөлінеді
2.Мазмұнына қарай ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.
3.Атауына қарай ережелер ,бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар т.б.
4.Түріне қарай типтік,үлгілік,жекелік,жалпыға бірдей.
5.Толтыру орнына қарай ішкі және сыртқы(кіріс және шығыс).
6.Орындалу мерзіміне қарай жедел және жедел емес.
7.Шығу тегіне қарай қызметтік және ресми-жекелік.
8.Жариялылық дәрежесіне қарай қарапайым күнделікті және құпия
9.Заңдылық қызметіне қарай шын және жалған
10.Жасалу сатысына қарай түпнұсқа және көшірме құжаттар.
Көшірменің өзі - шығыс, құжаттың бір бөлігі (выписка) , дубликат.
11.Сақталу мерзіміне қарай 10жылдан жоғары тұрақты және 10 жылға дейінгі уақытша сақталатын құжаттар.
Құжаттарға мынадай талаптар қойылады:
1.қалдырылады-сол жақ кернестен 2,3см, оң, үстіңгі, төменгі жақтарынан 05см. орын;
2.толтырылады -құжаттар қолмен сиямен немесе автоматы машинкамен басылады;
3.Қол қойылады -құжатты жасаған адамның, қызметкердің аты-жөні, қолтаңбасы көрсетіледі;
4.Түзеледі-егер түзету кетіп қалса, цифрмен жазылғанды жақшаға жазбаша жазып, түзелгенге сену деген сөздерді жазып, түзеген адамның қолтаңбасы, мөрі қойылады.
1.Құжаттар қалай топтастырылады?
2.Құжаттарға қандай талаптар қойылады?
3.Құжаттарды толтыру жүйесі туралы айт.
4.Атауына қарай құжаттар қандай болады?
5. Сақталу мерзіміне қарай қалай бөлінеді?
6. Шығу тегіне қарай құжаттар бөлінеді?
*Сөздік
Түзеледі- исправляется
Қол қойылады- подписывается
Толтырылады- заполняется
Қалдырылады- оставляется
Ішкі- внутрений
Сыртқы- внешний
Тапсырма:
Құжаттарды топтастыруы бойынша сызба жаса;
Тест дайында;
Деңгейлік тапсырма дайында.
Топтастырудың 11 бөлігін атап бер.
К.т. 1.Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі
С.т. 1.5.Деректемелер мен формуляр-үлгілер
Деректемелер туралы, түрлері
Формуляр-үлгі туралы
1.Құжаттың жеке құрамды бір бөлігі деректеме деп аталады. Деректеме толық және дәл мәлімет беруі керек және жалпыға ортақ стандарт бойынша толтырылуы қажет.
Құжаттардың 11 міндетті деректемесі бар:
Ұйымның атауы- құжат авторы;
Ұйымның коды-құжат авторы;
Құжаттың атауы;
Тақырыбы;
Құжат түрінің коды;
Құжатты толтыру мерзімі;
Индексі;
Мәтіні;
Бұрыштамасы;
Қойылған қолы;
Құжаттың орындалғаны және іске тіркелгендігі туралы белгі.
ГОСТ 6.38.90 ұйымдастырушы-нұсқаулық құжат деректемелердің мынадай құрамын белгілейді:
1- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
2-ұйымның эмблемасы;
3-наградалардың бейнесі
4-ұйымның коды;
5- құжаттың коды;
6-министрлік пен ведомствоның атауы;
7-ұйымның атауы;
8-құрылымды бөлімшенің атауы;
9-байланыс кәсіпорнының индексі,пошта және телеграф мекен-жайы,телефонның,басқа байланыс құралдарының нөмірі,банкідегі есеп-шоттың нөмірі;
10-құжат түрінің атауы;
11-мерзімі;
12-индексі;
13-кіріс құжаттың мерзіміне сілтеме;
14-толтырылған немесе шығарылған орны;
15-құжатты алуды шектейтін арнайы белгі(гриф)
16-мекен-жайы
17-бекітудің арнайы белгісі(гриф)
18-шығарылған қарар;
19-мәтіннің тақырыбы;
20-бақылау туралы белгі;
21-мәтін;
22-қосымшаның бар екені туралы белгі;
23-қолы;
24-келісім белгісі(гриф)
25-бұрыштамасы(виза)
26-мөрі;
27-көшірмесін растайтын белгі;
28-құжатты толтырушының тегі мен телефон нөмірі;
29-құжаттың орындалуы мен іске тіркелуі туралы белгі;
30-барлық мәліметтердің компьютерге енгізілгені туралы белгі;
31-құжаттың келіп түскені туралы белгі.
Мысалы, кейбір деректемелердің толтырылу тәртібі:
Мекен-жай. Құжаттар ұйымдарға,олардың құрылымдық бөлімшелеріне және лауазымды адамдарға жіберіледі.
Алматы электромеханика зауыты
Қамтамасыз ету және жеткізу бөліміне
немесе
«Азимут» зауытының директоры
К.Сахариев мырзаға
Жеке тұлғаға жіберілген құжатқа мекен-жай міндетті түрде қойылады.
480025,Алматы қаласы
Абай даңғылы, 67-45-пәтер
К.Сапарбаевқа
Бекіту грифі.Мұнда «БЕКІТЕМІН»сөзі, лауазым аты, жеке қолы, тегі мен аты-жөні және күні жазылады.
БЕКІТЕМІН
«Азия» туристік
агенттігінің
Директоры
_______ М. Даиров
12.02.10
Мәтіннің тақырыбы.Құжат түрімен грамматикалық жағынан сәйкестендіріліп құрылған мәтіннің тақырыбы құжаттың қысқаша мазмұнын көрсетеді.
Мысалы: «Агенттіктің құрамын қайта құру туралы»бұйрық.
Мәтін-құжаттың негізгі деректемесі. Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді. Бірінішісі-құжатты толтыруға негіз болған жағдай көрсетіледі.
Екіншісінде-қорытындылар,ұсыныстар,нұсқаулар немесе өтініш-тілектер жазылады.
Формуляр-үлгі – құжаттың біріңғай пішімге түскен моделі.Оны құжаттың пішімі деп те атайды. Формулярда түрлі деректемелердің-тұрақтыларының да,өзгеріп тұратындарының да – орналасу аумағы анық көрсетіледі. Құжаттың екі түрі бар.
1.Тұрақты деректеме-дайын типографиялық бланкілерде кездеседі.
2.Ауыспалы деректеме- күнделікті толтырылатын құжаттарда кездеседі.
Сұрақтар:
Деректеме дегеніміз не?
ГОСТ бойынша неше деректеме бар?
Міндетті деректемелерді ата?
Бекіту белгісі неден тұрады?
Мекен-жай қалай жазылады?
Формуляр-үлгі дегенімз не?
Тұрақты деректемелер деп қандай деректемелерді айтамыз?
Ауыспалы деректемелер қайда кездеседі?
Скала журналынан деректемелердің орналасу тәртібімен таныс.
*Сөздік
Деректеме- реквизит
Формуляр-үлгі- формуляр-образец
Бекіту белгісі- нриф утверждения
Мекен-жай-адрес
Тапсырма:
Деректемелердің орналасу тәртібін сызып көрсет;
Деректеме сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
Міндетті деректемелерді жатқа айт.
Курс тақырыбы: I.Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшелігі
Сабақ тақырыбы: I.6.Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттар
1.Іс жүргізудегі коммерциялық құпия құжаттар
2.Коммерциялық құжаттардың сипаты және қорғау жолдары.
Бүгінгідей бәсікелестік жағдайында жеке кәсіпорынның коммерциялық құпиялылығын құрайтын мәліметтерді анықтау қажеттілігі туды.Оған идеялара,жаңа технологиялар,фирманың табысы,тауар жеткізуші,тауар өткізу жүйесі, байланыстар туралы мәліметтер жатады.Қ.Р. Азаматтық Кодексі коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін мәліметтердің тізімін көрсетеді.Кәсіпорынның өзі заң негізінде коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің тізімін нақты анықтайды.Іс жүргізу туралы мәліметтер де коммерциялық құпияға жатуы мүмкін.Оларға:
-клиенттермен қаржылық есептесу,несие туралы мәліметтер;
-табыс,өнімнің өзіндік құны мен қызмет көрсету туралы мәліметтер,олдардың көлемі мен өту бағалары;
-кәсіпорынды дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары,тауардың бар-жоқтығы мен тапсырыстар көлемі;
-ішкі және сыртқы саудадағы өнім мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін талдау;
-жарнама қызметінің жоспары;
-бәсекелестер,делдалдар туралы,олардың қаржылық жағдайы мен қызметкерлер құрамы туралы тізімдер мен басқа да мәліметтер;
-жасалған және жоспарланған келісімдер мен олардың шарттары,көлемі,сипаты туралы мәліметтер.
Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды,құпия мәліметттерді білетін адамдардың тізімін белгілейді.
Мемлекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:
-мәліметтің коммерциялық құпияға жату ережесін;
-коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін;
-құпиялылық режімін,яғни,коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін,оның есебін,құпиялылығын сақтау,көбейту,жою мерзімі және тәртібі;
-құпия мәліметі қорғаудың техникалық шарттарын.
Арнайы бұйрықпен басшы”Кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерінің тізімін“ бекітеді.Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрықпен танысады.
Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттарға қандай құжаттар жатады?
Құпия құжаттарды қорғау жолдары?
*Сөздік
Құпия- секретно
Табыс- доход
Бәсекелестік- конкуренция
Делдал-посредник
Мәлімет- информация
Тапсырма:
Коммерциялық құпияға жатқызуға болатын құжаттардың тізімін жаса;
Хабарлама дайында;
Тест дайында.
«Алгоритм» ойынын өткізу
I-ші курс тақырыбы:Жазбаша жанрлардың өзіндік ерекшеліктері.
1-6 сабақ тақырыптары бойынша сұрақтар:
Құжат деген не?
Құжат тілінің стилдік қырлары іс-жүргізуде неше топқа бөлінеді?
Ресми іс қағаздар қандай түрлерге бөлінеді?(анықтама беріңіз)
Іс жүргізу мәтінінің тілдік құралдарының үш тобын атаңыз.
Құжатты топтастырудың неше түрі бар?
Шығу тегіне қарай құжаттар нешеге бөлінеді?
Құжаттарға қойылатын талаптар.
Деректеме деген не, оның түрлері.
Құжаттың формуляры дегніміз не?
Гриф деген не?
Қазақстан Республикасының Президенті шаруашылық серіктестіктер туралы жарғыны қашан қабылдады?
Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың түрлерін ата?
Құжат толтыру Ережесі қай жылы бекітілген?
К.т. 2.Құрылтай құжаттары
С.т. 2.1.Ұйымдық нысандарын іздестіру
1.Ұйымдық нысандарды іздестіру туралы
2.Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алуды қажет етеді. Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңдау объективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясыен, кәсіпорын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ құрылтайшылардың талғамдарына да байланысты болады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары:
Бұлар еліміздің азаматтық заңдарымен, соның ішінде, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған ҚР Азаматтық Кодексімен белгіленген.Бүгінгі таңда бұдан басқа:
1995 жылдың 17 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы;
1995 жылдың 2 мамырындағы ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестер туралы» Жарлығы;
1995 жылдың 19 маусымындағы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығы және т.б. заң актілері басшылыққа алынады. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық- шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленеді.
Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі белгіленеді:
жекелік –меншікке жеке –дара иеленуге негізделген;
ұжымдық – меншікке ұжымдық басшылық жасалады және мүлікке ұжым ие болады.
Осымен байланысты кәсіпкерлікпенайналысушы азаматтар заңды тұлға болып құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.
Азаматтық кодекстің 33-бабына сәйкес, дербес балансы, өз атауы жазылған мөрі, дербес мүлкі бар ұйым заңды тұлға болып табылады.
Заңды тұлғаның мақсаты табыс табу болуы мүмкін, онда ол коммерциялық ұйым деп аталады. Коммерциялық емес ұйымдар алдына басқа мақсаттар қояды.
Заңды тұлға фирманың «ішкі негізгі заңы» сияқты болып есептелетін еліміздің заңдары мен құрылтай құжаттары негізінде әрекет жасайды. Жекелеген іс-әрекет түрлері, соның ішінде туризм лицензияны қажет етеді. Өйткені бұл қызмет түрі азаматтардың қауіпсіздігімен және денсаулығымен байланысты болып келеді. Лицензиялық қызмет түрлерінің тізімін заң актілері белгілейді.
Коммерциялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісімшарт пен жарғы негізінде жұмыс істей алады. Заңды тұлғаның құрылтай шарты құрылтайшылар арасында жасалады және кәсіпорын мүшелерінің арақатынасын айқындайды.
Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компаниялардың ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпорациялар, консорциумдар, өнеркәсіптік-делдалдық және басқа да шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, коммерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар жатады.
1.Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандарын ата.
2.Коммерциялық емес ұйымдарға нелер жатады?
3.Заңды тұлға деп кімді атауға болады?
4.Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың түрлерін ата.
5.Серіктестіктердің нысандарын ата
*Сөздік
Кәсіпкерлік- предпринимательство
Шаруашылық- хозяйственный
Заңды тұлға- юридическое лицо
Серіктестік- партнер
Қор биржасы- фондовая биржа
Тапсырма:
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың сызбасын құрастыр;
Хабарлама дайында;
Тест, сұрақтар дайында.
К.т.2. Құрылтай құжаттары
С.т.2.2. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты
Фирма жарғысы туралы
Құрылтай шарты туралы
Құрылтай құжаттарының формуляр-үлгісі туралы
Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландырылуды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Екі құжат та мамзұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді.
ЖАРҒЫда фирманың ұйымдық-құқықтық жағы көрсетілуі тиіс. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін- ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Жарғының мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс:
-жалпы ережелер: ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы;
-қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық, делдалдық қызмет т.б.)
-серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі;
-мүлкі, қоры, табысы;
-басқару және бақылау органдары;
-жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;
-есепке алу және есеп беру;
-дауларды шешу;
-қызметін тоқтату.
Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса, жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «КЕЛІСІЛДІ»деген арнайы белгі қойылуы қажет.
Жарғының деректемелері:
Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі;
Мемлекеттік тіркеудің белгісі;
Мәтіннің атауы;
Жарғының мәтінін;
Фирманың атқарушы органы басшысының қолы.
Құрылтай шарты- бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндіруге басқа қызметке қажет қаржыларын немесе басқа мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім. Құрылтай шарты құжаты кәсіпорынды қалыптастырудың мүліктік жағына ерекше көңіл бөледі. ҚР.Азаматтық Кодексіне сәйкес құрылтайшылар заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді.Шартта табыс пен шығынның құрылтайшылар арасындағы бөліну тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқару, құрылтайшылар мүшеліктен шығуы, заңды тұлғаға қажет болған жағдайда оның жарғысын бекіту көрсетіледі.
Құрылтай шарты мәтінінде мына бөлімдер болуы тиіс:
-құрылтайшылары аталған кіріспе бөлім;
-шарттың мәні-ұйымды құру, ұйымды қандай мақсатпен құрғаны; оның заңды мекен-жайы;
-серіктестік қызметінің шарттары;
-серіктестікті басқару;
-құрылтайшылардың міндеттері;
-құрылтайшылардың құқықтары;
-құрылтайшылар мен серіктестіктің жауапкершілігі;
-серіктестіктің қызметін тоқтатуы.
Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары жөніндегі анықтама қосымша тіркеледі, кейін девиденттер соған сәйкес бөлінуі қажет.
Құрылтай шарты деректемелері:
1.құжаттың атауы
2. шарттың жасалған орны
3.шарттың жасалған күні
4. шарттың мәтіні
5. құрылтайшылардың қолы.
Ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында көптеген құжаттар толтыру қажет. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу турлаы» Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.
ЖШС үшін тәркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:
тіркеу туралы арыз;
құрылтайшылар бекіткен жарғы;
құрылтай шарты;
құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25% банк депозитіне төленгендігі жқніндегі банктен алынған анықтама
санақ карточкасы;
егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;
заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат;
тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.
1.Фирма жарғысы қандай құжат?
2. Фирма жарғысы құжатының деректемелері?
3.Құрылтай шарты дегеніміз құжат не?
4.Деректемелерін ата.
5.Құжаттың мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
*Сөздік
Жарғы- устав
Құрылтай шарты- учредительный договор
Арыз- жалоба
Жарғылық қор-учредительный фонд
Тапсырма:
Фирма жарғысы құжатын құрастыр;
Құрылтай шарты құжатын құрастыр.
«Қарлы кесек» ойынын ұйымдастыру. Топты 5-ке 3 оқушыдан бөліп , әр топқа сұрақтар беріп, білімдерін тексеру, үздік ойыншыны анықтау(фирма жарғысы, құрылтай шарты, құрылтай құжаттарының формуляр-үлгісі).
II-ші курс тақырыбы: Құрылтай құжаттары.
7-8 сабақ тақырыптары боынша сұрақ-жауап тапсырмалары.
Жарғыда не көрсетіледі?
Жарғының негізгі деректемесі не?
Құрылтай шарты дегеніміз не?
Құрылтай шартының мәтінінде болатын тиісті бөлімдер.
Құрылтай шартының деректемелері.
Жарғы құрастыру
Құрылтай шартын құрастыр
К.т. 3.Ұйымдық құжаттар
С.т. 3.1.Басқару құрылымы және құжат толтыру ережелері
1.Басқару құрылымы туралы
2.Құжат толтыру ережелері
Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесі күрделене түседі.Сол себепті, басқару құрылымына мекеменің білікті мамандары, ғылыми қызметкерлер кіреді. Басқару құрылымын мекеменің жоғарғы органдары сайлайды. Мекеме ішінде басқару құрылымы екі түрге бөлінеді:
1.жоғарғы басшылық орган-тек маңызды мәселелерді шешеді.
2.төменгі басшылық орган- жоғарғы басшылық органның қызметін орындайды.
Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған деп бөлінуі мүмкін.
Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөніндегі вице-президентке бағынады.Басқа вице-президенттер президентке бағына отырып, бөлімдер мен қызметтерді тікелей басқармайды.(өндіріс, трнаспорт, өткізу, қаржы т.б.)
Орталықтандырылмаған жүйе- арнаулы қызметтердің вице –президенттерге бағынуын қажет етеді.
Басқарудың негізгі мақсаты: басқару, жауапкершілікті арттыру, қызметті бөлу, мекеменің үзіліссіз еңбек етуін қамтамасыз ету, қадағалау.
Құжат толтыруға байланысты ережелер:
1.құжат формулярын дұрыс құрастыру
2.құжат деректемелерінің дұрыстығы
3.құжат атауына мазмқнының сәйкестігі
4.құжат мәтінің толықтығы, нақтылығы, қысқалығы
5.құжаттың сауатты жазылуы
6.құжаттың таза, ұқыпты толтырылуы
* Сөздік:
Жоғары- высшее
Орталықтандырылған- централизованный
Орталықтандырылмаған-децентрализованный
Төменгі- низкое
Тапсырма:
Басқару құрылымы нешеге бөлінеді?
Орталықтандырылған құрылым дегеніміз не?
Басқару құрылымында кімдер қызмет атқарады?
Құжат толтыру туралы қандай ережелер бар?
К.т.3. Ұйымдық құжаттар
С.т. 3.2.Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер
1.Құрылымдық бөлімшелере туралы ережелер
2.Құжат үлгісі
Құрылымдық бөлімшелер жарғыға бағына отырып , соның негізінде күнделікті жұмыстарын жүзеге асыратын құжатқа ие болады.(бухгалтерия, жарнама, күзет, өткізу). Ондай құжат құрылымдық бөлімше туралы ереже деп аталады. Ереже әрбір бөлімше үшін жеке жасалады. Және онда бөлімшенің құқықтық мәртебесі, міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершілігі мен міндеттемелері көрсетіледі.
Мәтіннің бөлімдері:
«Жалпы ержесінде» бөлімшелердің бағыныштылығы, басшыны тағайындау және босату тәртібі, басшыға қойылатын квалификациялық талаптар, басшы болмаған жағдайда оны ауыстырудың тәртібі көрсетіледі. Бөлімде құрылымдық бөлімше басшылыққа алатын құқықтық актілер аталады.
«Негізгі міндеттер» атты бөлімде аталған бөлімшенің қызметінің бағыты көрсетіледі.
«Қызметтер» бөлімінде шаруашылық қызметінің нақты түрлері баяндалады.
«Құқықтары мен міндеттемелері» бөлімінде бөлімшенің басшылық пен басқа бөлімшелерге және өзге ұйымдарға қатысты алғанда орындайтын міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруға қажет құқықтары ашылады.
«Жауапкершілік» бөлімінде міндеттемелердің мезгілінде орныдалмағаны немесе сапасыз орындалғаны үшін, яғги, берілген құқығын дұрыс пайдаланбағаны үшін бөлімше басшысын қандай, қай мөлшерде және кім жауапкершілікке тартылатыны сипатталады.
«Өзара қарым-қатынас. Байланыстар» бөлімінде аталған бөлімше кіммен және қандай бағытта әрекет ететіні, кіммен бірлесіп жұмыс жасайтыны анықталады.
«Жұмысты ұйымдастыру» бөлімінде бөлімшенің жұмыс тәртібі, қызметін тексеру қалай жүзеге асатыны, оның қайта құрылуы мен тартылуы сияқты мәселелер айқындалады.
Бұл ережелерді бөлімшелердің жетекшілері, вице-президенттер жасап, бірінші басшы бекітеді. Осы бекіту сатысында кәсіпорын қызметтері арасындағы жауапкершілік пен құзіреттерін бөлу нақты жүзеге асады.
ҚҰЖАТ ҮЛГІСІ:
Кәсіпорын атауы
ЕРЕЖЕ
БЕКІТЕМІН
№ 00 Кәсіпорын басшысы
Семей ______ (тегі, есімі,
әкесінің аты)
__________туралы
(Бөлімшенің атауы)
Күні
Мәтіннің құрылысы
Құрылымдық бөлімшенің
басшысы қолы тегі, есімі, әкесінің аты
1.Құрылымдық бөлімше туралы ережеде не көрсетіледі?
2. Құжат мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
3. Құжат деректемелерін ата.
* Сөздік
Ереже- положение
Құрылымдық бөлімше - структурное подразделение
Жауапкершілік-ответственность
Құқық- право
Жұмысты ұйымдастыру-организация труда
Жалпы ережелер- общие положения
Тапсырма:
Бухгалтерия құрылымдық бөлімшесінің ережесін құрастырыңыз
Курс тақырыбы: 3. Ұйымдық құжаттар
Сабақ тақырыбы: 3.3.Лауазымдық нұсқаулықтар
1.Лауазымдық нұсқаулық туралы
2.Лауазымдық нұсқаулықтың нысаны
1.Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағындайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. Тиімді басқару жұмысы лауазымды адамның қызметі мен сол қызметті жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің тепе-теңдігі арқылы болуы мүмкін болады. Лауазымға тек оларды орындауды қамтамасыз ететін құралдар арқылы орындалатын қызметтер ғана беріледі. Құқықтары мен міндеттері өзара теңестірілуі керек. Жауапкершілік көлемі және билік көлемі де солай сәйкестендірілуі қажет.
Лауазымдық нұсқаулықтың мәтінің «Жалпы ережесінде» маманның қызмет аясы, оны тағайындау, ауыстыру және босату тәртібі көрсетіледі, квалификациялық талаптар айқындалады. Сонымен қатар, кімге бағынады, кімді басқаратыны айқындалады. Бөлімде маман өз жұмысында басшылыққа алуға заң актілері көрсетіледі.
«Қызметтері» бөлімі маманның қызметінің бағыттарын анықтайды.
«Лауазымдық міндеттемелері» бөлімінде маманның нақты міндеттері, оның басқару процесіне қатысу түрлері санамалап көрсетіледі.
Құқықтары бөлімінде маманның өз міндеттемелерін орындаудағы құқықтары көрсетіледі.
«Жауапкершілік» бөлімі өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
«Лауазым бойынша байланыстар» бөлімінде хабар алмасу мен қызметтік өзара қатынастар шеңбері,құжаттардың жүргізілу тәртібі көрсетіледі.
Лауазымдық нұсқаулықты бөлімше басшысы дайындайды және ұйым басшысы бекітеді.
«Кәсіпкерлік істің негіздері»атты кітапта лауазым иесінің бірінің мәртебесі, қызметтері және міндеттері былай сипатталады.
Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президент бас директорға бағынады.Ол барлық болашақ мақсатты жоспарлауға байланысты өтетін мәжілістерге қатысады.Ұйымдастыру және басқару бойынша вице-президенттің бөлімі мынадай қызметтердің орындалуына әкімшілік жауапкершілікте болады:
*жоспарды ұйымдастыру;
*қаржылық жоспарлау мен бақылау;
*іс жүргізу жүйесі;
*болашақ жоспарлау.
Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президент:
-компания мен оның бөлімдері үшін олрадың табысы мен активтерін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлаудың әдістерін ұсынады,әдістерді енгізіп,қолдану туралы өкім береді.;
-компанияның қаржы жоспарлары мен олардың нәтижелерін түсіндіріп талдайды;
-фирманың бас бөлімшесінің ұйымдық құрылымын қарастырады және қабылданған бюджеттің орындалуына басшылық жасайды;
-басқару қызметіндегі маңызды орындарға кадрларды таңдап ұсынады;
-қаржы операцияларын жоспарлау бойынша зерттеулер жүргізеді.
Тапсырма:
Лауазымдық нұсқаулық дегеніміз қандай құжат?
Лауазымдық нұсқаулық құжатының мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
Лауазымдық нұсқаулық құжатының деректемлерін атап бер.
Бухгалтер қызметінің лауазымдық нұсқаулығын дайындаңыз.
Курс тақырыбы: 3. Ұйымдық құжаттар
Сабақ тақырыбы: 3.4.Жеке құрам бойынша ереже.Штат кестесі
1.Жеке құрам бойынша ереже туралы
2.Штат кестесі туралы
Жеке құрам бойынша ереже дәстүрлі түрде «Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі»деп аталады.Онда жұмысшыларды жұмысқа алу,босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары,міндеттері,кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады.
Құжат мәтінінің бөлімдері:
-«Жалпы ережелерде» ереженің құқықтық негізі анықталады,мамандардың санаттары белгіленеді.
-«Жұмысқа алу»бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі мен мерзімі,еңбек қатынастарын ресімдеудің тәртібі түсіндіріледі.
-«Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты» бөлімінде жұмыс аптасының,жұмыс күнінің ұзақтығы,демалыс күндері,мерізімінен артық жұмыс істеудің шарттары белгіленеді.
-«Еңбек демалысы»бөлімінде демалыстың ұзақтығы, кезеңдері,ақы төлеу және демалыстың әртүрлі түрлерін алудың тәртібі ұарастырылады.
-«Іссапар және ауыстыру»бөлімінде басқару істерінің мерзімі,шарттары және тәртібі белгіленеді.
-«Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақы төлеу»бөлімі өте маңызды бөлім болып есептеледі.Бұл бөлімде еңбекақының түрі,еңбегі үшін сыйақының көлемі мен шарттары,еңбекақыны төлеудің кезеңдері,өтемақының мөлшері мен төлену тәртібі анықталады.
-«Мадақтау және жазалау шаралары»бөлімінде моральдік және материалдық мадақтау,жазалаудың түрлері,шарттары және тәртібі белгіленеді.
-«Қызметтен босату»бөлімінде әртүрлі санаттағы жұмысшыларды қызметтен босатудың шарттары мен тәртібі,бұл жағдайдаңы кепілдіктер мен өтемақылар қарастырылады.
-«Еңбек дауларын қарау»бөлімінде қызметке алу,босату,жазалау жөніндегі еңбек даулары бағыныштылық немесе заңдар негізінде шешіледі.
Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы «Құрылым және штат саны»деген құжатта бекітіледі.Онда кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері,оларға кіргізілетін қызмет түрлері және әр қызмет түрі бойынша штаттық тұлғалар саны көрсетіледі.
Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып,оған басшының орынбасары қол қояды,бас есепшімен келісіліп,бірінші басшы бекітеді.
Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны,еңбекақының айлық қоры көрсетіледі.
Жеке құрам бойынша ереже дегеніміз қандай құжат?
Жеке құрам бойынша ереженің мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
Штат кестесі деген қандай құжат?
Штат кестесін кім дайындайды?
Штат кестесінде не көрсетіледі?
Штат кестесі құжат жаса.
Тапсырма:
ЖШС «Текстиль» кәсіпорынының ішкі еңбек тәртіп ережесін дайындаңыз.
Ағымдағы жылдың штат кестесін құрастырыңыз.
*Сөздік:
Жеке құрам-личный состав
Штат кестесі-штатаное расписание
III- курс тақырыбы: Ұйымдық құжаттар.
9-12 сабақ тақырыптары бойынша сұрақ-жауап тапсырмалары.
Басқару құрылымы туралы.
Мекеме ішіндегі басқару құрылымы нешеге бөлінеді? Анықтама беріңіз
Құжат толтыруға байланысты негізгі 6 ережені атаңыз.
Құрылымдық бөлімше туралы ереже дегеніміз не?
Құрылымдық бөлімше туралы ереженің мәтәні қандай бөлімдерден тұрады?
Жеке құрам бойынша ереже мәтәнініің бөлімдерін атаңыз?
К.т. 4.Бұйрық-жарлық құжаттары
С.т.4.1. Бұйрықтар
1.Бұйрық туралы түсінік
2. Бұйрық деректемелері
1.Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына бірінші басшы-несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары-құрылымлық бөлімше жетекшілері нұсқау мен жарлықтар бере алады. Басшылықтың алқалық органдары(кеңестер, конференциялар) шешім қабылдау барысында қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.
БҰЙРЫҚ- қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді.
Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін.
Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгерлермен, бас бухгалтермен (қаржы жөніндегі), кадрлар бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды.Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.
Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган, немесе сот жояды.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы т.б.), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат- міндеттері, бұйрық щығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты- жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме жасалуы тиіс (қосымшаға сәйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.
1.Бұйрық дегеніміз қандай құжат?
2.Бұйрық беруге кім құқылы?
3.Бұйрық құжаты қандай сөзден басталады?
4.Бұйрық құжатының мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?
5.Бұйрық құжатының деректемелерін ата.
*Сөздік
Бұйрық- приказ
Жеке құрам бойынша-по личному составу
Міндет- обязательство
Негізі қызмет- основная деятельность
Тапсырма:
Тест құрастырыңыз:
құжат үлгісі негізінде жұмысқа қабылдау бұйрығын құрастырыңыз;
жұмыстан шығару бұйрығын құрастырыңыз;
бір қызметтен бір қызметке ауыстыру бұйрығын құрастырыңыз;
ішкі еңбек тәртібі бойынша бұйрық құрастырыңыз
К.т. 4.Бұйрық-жарлық құжаттар
С.т. 4.1.Нұсқаулар мен жарлықтар
1. Нұсқау туралы
2. Жарлық туралы
3.Өкім туралы
Нұсқау-ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қоюға құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие.
Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.
Белгілеуші бөлігі «орындау мақсатымен» , «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылады.
Нұсқаудың басқару бөлігі «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.
Жарлық-басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімше жетекшілері қол қояды.
Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Жарлық құжатының сапалы болуы үшін пішімі жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты.
Жарлық құжаты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келсе, кімге не істеу қажеттігі нақты айтылуы қажет.
Өкім-кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасарлары шығаратын құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерінде ресімделеді және оған директор немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Өкімнің мәтініне:
нақты тапсырма
жауапты орындаушы
орындау мерзімі кіреді.
Басқару бөлігі әдетте «Міндеттеймін», «Белгілеймін» деген сөздермен аяқталады.
1.Нұсқау қандай құжат?
2.құжат мәтіні қандай бөлімнен тұрады?
3.деректемелерін атап бер.
4.Жарлық құжаты дегеніміз не?
5.Жарлық құжаты қандай кезде шығарылады?
6.Өкім дегеніміз қандай құжат?
7.Ол қандай бланкіде толтырылады?
8.Нұсқау құжатында қандай сөздерді қолдануға болады?
*Сөздік
Нұсқау- указание
Жарлық- распоряжение
белгілеуші-
Тапсырма:
Кезекті демалыс кестесін құру бойынша нұсқау құжатын құрастыр;
Жөндеу жұмыстары бойынша жарлық құжатын құрастырыңыз.
К.т. 4.Бұйрық-жарлық құжаттар
С.т. 4.3.Қаулылар, шешімдер, хаттамалар
1.Құқықтық актілер туралы
2.Қаулылар мен шешімдер туралы
3.Хаттама туралы
Мұндай құқықтық актілерді алқалық басқару органдары қабылдайды. ҚР Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады:
-Министрлер Кабинеті –қаулылар;
-Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар;
-министрліктер-министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін;
-комитеттер мен комиссиялар-қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар;
-кооперативтік ұйымдар-шешімдер;
-қоғамдық ұйымдар- қаулылар, жарлықтар.
Үлгісі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайысысы үшін құқықтық күшке ие болады.
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.
Шешім немесе қаулы өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық органдардың құжаттарын білдіреді. Шешім «ШЕШІЛДІ», «ШЕШТІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөздерді пайдалана отырып, басқару құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге алқалық органның Төрағасы және оның мүшелері немесе Төраға мен хатшы қол қояды.
Шешім мен қаулы тек қана дербес құжат емес, сонымен бірге мынадай ереже бойынша жасалатын хаттаманың құрамдас бөлігі болып табылады.
Хаттама-жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісінің нысанында таза параққа, негізгі деректемелерді:
мекеменің атауы;
құрылымдық бөлімшенің атауы;
құжат түрінің атын;
отырыстың күнін;
құжаттың тіркеу нөмірін;
отырыстың орнын;
мәтінге тақырыпты;
құжаттың мәтінін;
қолдарды ескере отырып ресімделеді.
Хаттама бірқатар жағдайларда бекітуге жатады және оның бекіту грифі болады. Хаттамалар отырыс барысын көрсету толықтығына қарай толық және қысқа болады.
Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет.
Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі көрсетілсе; Негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшы қол қояды.
Хаттама дегеніміз қандай құжат?
Хаттама құжатының түрлерін ата?
Хаттама құжатының деректемелерін ата?
Тапсырма:
Топ жиналысының хаттамасын құрастырыңыз.
*Сөздік:
Жиналыс-собрание
Хаттама-протокол
IV-курс тақырыбы: Бұйрық, жарлық құжаттар.
13-15сабақ тақырыптары бойынша сұрақ-жауап тапсырмалары.
Бұйрық дегеніміз не?
Бұйрықтың деректемелері, түрлері.
Бұйрықтың мәтәні неше бөлімнен тұрады? Анықтама беріңіз.
Бұйрық үлгісін құрастырыңыз.
Нұсқау дегеніміз не?
Нұсқау мәтіні неше бөлімнен тұрады?
Нұсқауға кім қол қояды және бекітеді?
Жарлық дегеніміз не?
Жарлық құрастыру.
Нұсқау құрастыру.
Хаттама дегеніміз не?
Хаттаманың деректемелері.
Хаттаманың түрлерін атаңыз.
Хаттама құрастырыңыз.
Қаулы дегеніміз не ?
Шешім дегеніміз не?
17.Бұйрық құрастыр.
К.т. 5.Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
С.т. 5.1.Қызметтік хаттар. Жедел хаттар
1.Қызметтік хаттар туралы
2. Жеделхаттар туралы
Қызметтік хаттар-бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.
Қызметтік хаттар басқрау қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны және мақсаты бойынша хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, хабарлау хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.
Қызметтік хаттар кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар арасын байланыстыратын звено болып табылады және мекеменің 80% -ын құрайды. Олар бухгалтерия қызметінде де жиі қолданылады.
Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады.Ол екі бөліктен тұрады:
-кіріспе бөлігінде фактіге, күнге, хатқа сілтеме жасай отырып, хатты жазудың себептері көрсетіледі.
-екінші бөлігінде хаттың негізгі мақсаты(ұсыныс, бас тарту, өтініш, кепілдік)айтылды.
Мәтінді құрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, қсынамыз, хабарлаймыз, мәлім етеміз.Хаттарда көрсетілетін мәселелердің алуан түрлілігіне қарамастан, іс-әрекетті негіздеу кезінде бастапқы және қорытынды сөздер мен сөз тіркестерінің шектелген жиынтығы: «Айырбастау тәртібімен…», «байланысты», «ерекше жағдайда…», «сәйкес…», «мақсатында…» деген тіркестер қолданылады. Шешімдерді қабылдау себептері көсемше арқылы беріледі: «есепке ала отырып», «назарға ала отырып», «қарап», «басшылыққа ала отырып» және т.б.
Қызметтік хаттар арнай бланкілерге толтырылып, келесі деректемелерден тұрады: қабылдаушы, бұрыштама, бақылау белгісі, мәтін тақырыбы, мәтін, қосымшаның бар екендігі туралы белгі, қолы, орындаушы туралы белгі, хаттың келіп түскені туралы белгі.
Жеделхаттар-ақпарат беру әдісі жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Жеделхаттың ішіне мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі(үкіметтік, халықаралықғ жедел, кезектен тыс, байланыс, апат); мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөрі, күні.
Жеделхаттар сондай-ақ тапсырылғанын ескертетін, талап ету бойынша алатын, қабылдаушының өз қолына тапсырылатын, жеткізіліп берілетін, жауабына ақысы төленген түрлерде де болады. Жеделхаттар мен телептайпхаттар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады, олар жоқ болса, қажет пішімдегі жай қағаздарға толтырылады. Жеделхаттың екінші данасы ұйымның іс қағаздарында сақталады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды.Мәтін қысқа, жинақтылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс.
Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.
Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек.
Деректемелері: кәсіпорын атауы
құжат түрі
қабылдаушы
күні
индексі
мәтіні
қолы
жіберілу уақыты туралы белгі
телефонограмманы жіберген және қабылдаған адамның лауазымы мен аты-жөні.
Телефонограмманы беру кезінде есте сақтау қажет:
*қарапайым және жедел хабар беру;
*жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру;
*күрделі сөздерді қолданбау;
*сирек қолданылатын сөздерді пайдаланбау;
*ұғынылуы қиын сөздердің әріптерін жеке-жеке атап беру.
Қызметтік хат дегеніміз қандай хаттар?
Қызметтік хат мәтіні неше бөліктен тұрады?
Қызметтік хат деректемелерін ата?
Жеделхат дегеніміз қандай хат?
Жеделхат мәтіні неше сөзден аспауы қажет?
Жеделхат жіберуде нені есте сақтау қажет?
Тапсырма:
Еске салу хатын құрастыр.
Қалалық ғылыми студенттік конференция өтетіндігі туралы телефонхат құрастыр.
*Сөздік:
Ақпараттық- информационный
Қызметтік- служебный
Жеделхат- телеграмма
Тасымалсыз- без переноса
Күрделі- сложный
Халықаралық- международный