Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ас қорыту тәж.ӘН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.21 Кб
Скачать

3.Оқытудың міндеттері:

Студент білуі керек:

  • бауырдың барлық қызметтерін;

  • өт түзілу мен өт бөліну механизмдерін;

  • ас қорыту бөлімдерінде заттардың сіңірілуі;

Студент жасай білуі керек:

  • өттің құрамы мен қасиеттері;

  • өт түзілуіне әртүрлі тағамдардың әсері;

  • өт анализін бағалай білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бауырдың ас қорыту және басқа да қызметтері

2. Өттің құрамы мен қасиеттері

3. Өт түзілу және өт бөліну механизмдері. РЭЖ-де өттің айналымы. Өт бөлінуінің реттелуі.

4. Қоректік заттардың қуыстық және мембраналық гидролизі.

5. Ас қорыту трактысының әртүрлі бөлімдерінде заттардың сіңірілуі

6. Қоректік заттардың қанға тасымалдану механизмдері. Сіңірілудің реттелуі.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.

1. Өттің бөлінуін зерттеу әдістері

А) Өт қабына фистула енгізу

Өт қабы қабырғасының тесігіне түтікті орналастырып, айналасына кисетті тігіспен тығыз тартып орап, фистуланың екінші ұшын іш қабырғасының тілігіне тігеді. Бұл әдіс өттің бөліну механизмін және динамикасын оқып үйренуде қолданылады.Өттің ішекке құйылуын болдыртпау үшін, бір мезгілде өт қабына фистула енгізумен бірге жалпы өт өзегін байлап тастау қажет. Сол кезде бөлінген өт өт қабына жиналады да, сол арқылы фистула көмегімен оны жинап, зерттеуге болады.

Б) Өт өзегіне фистула енгізу

Он екі елі ішектің қабырғасының өт өзегінің тесігі орналасқан жерінен қабығы сыдырылып алынады. Алынған қабықты іш қабырғасының тілігіне бекітеді. Бұл әдіс өттің ішекке түсу механизмін және шарттарын оқып үйренуге мүмкіндік береді.

В) Он екі елі ішекті зондтау әдісі

Аш қарынға зонд енгізеді. Олива он екі елі ішеккке өткеннен кейін зондтан өтпен боялған он екі елі ішек сөлі бөлініп, оны пробиркаға жинайды. Өт қабының рефлексін туғызу үшін зонд арқылы 20 мл 30% күкіртқышқылды магнезия ерітіндісін енгізеді. Зондтау процессінің кезінде 3 порция өт алынып, олардың мөлшері, рН, билирубиннің концентрациясы, өт қышқылдары, холестерин, эпителиальды және лейкоцитарлы клеткалары, кристаллдар және басқа элементтері зерттелінеді.

А порциясы – дуоденальды өт он екі елі ішектің сөлі қосылған, ашық сары түсті, меншікті салмағы- 1,007-1,015; рН- сәл сілтілі, мөлшері – 15-20 мл, билирубин –

0,3-0,6 г/л.

В порциясы – көпіршікті өт (магнезия енгізгеннен кейін) мөлшері 40-60 мл, қою жасыл түсті, меншікті салмағы - 1,016-1,034; рН- 6,5-7,3; билирубин 1-2 г/л.

С порциясы – бауыр өті, жылтыр сарғыш түсті, меншікті салмағы- 1,007-1,010; рН- 7,5-8,2; билирубин- 0,3-0,6 г/л.

Дуоденальды сөлдің құрамын зерттеу өт жолының қабынуы, өт қабы мен он екі елі ішек ауруларының диагностикасында қолданылады.

7. Сабақ мазмұны:

6.Әдебиет:

Негізгі

Орыс тілінде:

1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии.

К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002,

957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Қосымша:

1. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  1. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва,

Высшая школа, 1987 .

  1. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека.

А. А. Утепбергенов, 1995 .

  1. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева,

Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев., Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.

Қосымша:

1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006, 52 б.

7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)

Н БҚММУ 703-06-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Бірінші басылым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]