
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері.
- •2.Адамның сілекей бездерінің қызметін зерттеу.
- •3.Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Ас қорыту жүйесінің қозғалыс қызметін (моторикасын) зерттеу әдістері.
- •2.Организмнен бөлініп алынған ішектің қозғалысын зерттеу. (Магнус әдісі)
- •7. Сабақ мазмұны:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •7. Сабақ мазмұны:
- •6.Әдебиет:
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
-ас қорыту жүйесінің қозғалыс қызметінің маңызы
-қозғалысты қамтамасыз ететін құрылымдар және олардың белсенділігін реттейтін механизмдер
-қоректі заттардың қанға сіңуі
-ас қорыту трактасының әр бөлімдерінің моторлық белсенділігі
Студент жасай білуі керек:
-қарын сөлін, өтті лабораториялық зерттеу нәтижесін бағалау
-әртүрлі тітіркендіргіштер әсер еткенде сілекей бөлінуінің қарқынын зерттеу
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қимыл-қозғалыстың ас қорытудағы маңызы, оны жүзеге асыратын құрылымдар
2. Ауыз қуысының қимыл- қозғалыс қызметі: шайнау, жұту, фазалары. Реттелуі
3. Қарынның қимыл- қозғалыс қызметі. Ас кесегінің эвакуациялану механизмі. Қимыл-қозғалыс қызметінің реттелуі
4. Аш ішек пен тоқ ішектің қимыл-қозғалыс қызметі. Реттелуі. Дефекация.
5. Ұйқы безі: сөлдің құрамы мен қасиеттері, оның реттелуі. Панкреатикалық сөліністің реттелуі.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
1.Ас қорыту жүйесінің қимыл-қозғалыс қызметін зерттеу әдістері
2.Организмнен бөліп алынған ішектің қозғалысын зерттеу (Магнус әдісі бойынша)
Ішектің қозғалысына адреналин, ацетилхолин және өттің тигізетін әсерлерін бақылау
1.Ас қорыту жүйесінің қозғалыс қызметін (моторикасын) зерттеу әдістері.
А) Қарын мен ішекті рентген сәулесімен зерттеу
Қазіргі кезде қарын мен ішектің қозғалыс қызметі туралы түсінікті сонымен қатар олардың пішіні тонусы және рельефі жөніндегі мәліметтерді рентгенологиялық әдістер арқылы алуға болады (рентгеноскопия, рентгенография және т.б)
Қарын мен ішекті рентген сәулесімен зерттеуде адамға контрасты затты (күкірт қышқылды барийдің сулы суспензиясы) ішкізеді, ал тоқ ішекті клизма жасап толтырады.Сонда қарын мен ішектің кілегейлі қабатының рельефті пішіні және әртүрлі бөлімдерінің қозғалыс қызметі тексеріледі.
Б) Электрогастрография-қарында пайда болатын электрлік потенциалды тіркеу әдісі.Бұл әдіс бойынша адамның құрсақ терісінің бетінде қарынның үстіңгі жағында орналасқан электрод арқылы оның перистальтикалық ырғағына сәйкес келетін биотоктардың баяу (минутында 2-3 тербеліс) өзгерісін тіркеуге болады. Электрогастрограмманы жазу таңертеңгі астан (150г ақ нан және 1 кесе шай) кейін 20 мин өткеннен соң жасалады.
Электрогастрографты айнымалы ток торабына қосады да 15-20 мин қыздырады. Осы уақыт ішінде зерттелетін адамды дайындайды: оны кушеткаға жатқызып электродтар қойылатын тері бетін (құрсақ және балтыр терісі) спиртпен тазалайды да 10%-тік NaCI ерітіндісімен дымқылданған дәке салфеткаларын қояды. Белсенді электродты құрсақ терісінің жоғарғы бөлігінің ортасына қарынның үстіне орналастырады. Индиферентті электродтар екі аяқтың балтыр терісінің бетіне қойылады.Тері бетіндегі биотоктар электродтар арқылы тіркеліп,аспапта күшейтіледі. (калибрлік сигнал 0,2мВ—10мм қалам қозғалысына сәйкес) лента тартатын механизм іске қосылып электрогастрограмма қисығын тіркеу 1-3 сағат арасында жүргізіледі. Жазылып алынған гастрограмманы бағалауда биопотенциалдардың жиілігіне, ырғағына, амплитудасына көңіл аудару қажет. Дені сау адамның ас қорыту кезіндегі биопотенциалдарының амплитудасы 0,2-ден 0,8 мВ дейін болады. Негізінде үш түрлі электрогастрограмманы ажыратады.
-нормокинетикалық-тісшелерінің амплитудасы 0,2 мВ шамасында
-гиперкинетикалық тісшелерінің амплитудасы 0,3-0,4 мВ
-гипокинетикалық тісшелері 0,2 мВ төмен болады.
ЭГГ-лық әдіс қарапайым және қолайлы физиологиялық әдістердің бірі болып есептеледі. Ол қарынның ас қорыту кезіндегі перистикалық қозғалыс белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.