
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері.
- •2.Адамның сілекей бездерінің қызметін зерттеу.
- •3.Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Ас қорыту жүйесінің қозғалыс қызметін (моторикасын) зерттеу әдістері.
- •2.Организмнен бөлініп алынған ішектің қозғалысын зерттеу. (Магнус әдісі)
- •7. Сабақ мазмұны:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •7. Сабақ мазмұны:
- •6.Әдебиет:
1.Тақырып 1: Ас қорыту жүйесінің құрылымын зерттеу әдістері. Қарында және ішектің әр түрлі бөліктеріндегі ас қорытудың физиологиялық негіздері.
2.Мақсаты: ас қорыту жүйесінің қызметін реттейтін физиологиялық процесстерді түсінуге және оларды клиникалық зерттеу әдістерімен бағалай білуді үйрету; организмдегі қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалдық жүйе туралы білім беру.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
-ас қорыту процессінің жалпы схемасын, реттелу механизмін
-ауыз қуысының, қарынның, бауырдың ішектің сөлдерінің құрамын
-ас қорыту жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі тамақ компоненттерінің гидролизденуінің маңызын
Студент жасай білуі керек:
-қарын сөлін, өтті лабораториялық зерттеу нәтижесін бағалау
-әртүрлі тітіркендіргіштер әсер еткенде сілекей бөлінуінің қарқынын зерттеу
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қоректік заттардың организмде қалыпты деңгейін ұстап тұратын функционалдық жүйенің компоненті-ас қорыту
2. Ас қорыту типтері, негізгі этаптары. Ас қорыту реттелуінің механизмдері мен принциптері.
3.Ауыз қуысындағы астың қорытылуы, сілекейдің құрамы мен қасиеттері. Сілекей бөлінуінің реттелуі
4. Қарындағы астың қорытылуы. Қарын сөлінің құрамы мен қасиеттері. Қарын сөлінісінің реттелуі, фазалары.
5. Ұлтабардағы (12-елі ішектегі) астың қорытылуы: дуоденалдық сөлдің құрамы, маңызы, реттелуі.
6. Аш ішек және тоқ ішектегі астың қорытылуы. Ішек сөлінің құрамы мен ферменттік қасиеттері.Реттелуі. Ішек микрофлорасының және газдардың маңызы.
7. Аш ішек және тоқ ішектердің сөлініс қызметін зерттеу әдістері.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
1.Ас қорыту жүйесінің сөлініс қызметін зерттеу әдістері
2.Адамның сілекей бездерінің қызметін зерттеу.А.С.Сайдахметова практикумы 153бет 1-жұмыс; 155 бет 2-жұмыс.
3.Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.
Зертханалық жұмыстарды орындау жолдары:
1.Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері.
Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде кең таралған фистулалық әдіс. Бұл әдісті қолданып жануарлардың созылмалы тәжірибеде ас қорыту жүйесінің түрлі бөлімдерінің сөлдерін ( сілекей ,қарын және ішек сөлдері және т.б) зерттеуге болады.
Таблицалар және оқу құралдары бойынша ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістерімен толық танысу керек.
2.Адамның сілекей бездерінің қызметін зерттеу.
Жұмысты орындау:Бұл тәжірибе адамға жасалады. Алдын-ала салмағы өлшенген, дәкеден жасалған бес тампон ақ қағаздың бетіне орналастырылады да, әрқайсысының бастапқы салмақтары жазылады. Зерттелуші адам бірінші тампонды қысқышпен тілінің ортасына салады да, оны 20-30 с өткеннен соң аузынан шығарып алып, салмағын өлшейді. Тампонның бастапқы салмағы мен әсер етуден кейінгі салмағының айырмашылығы қалыпты жағдайдағы сілекейдің бөлінуін көрсетеді. Осылай басқа тампондарды қолданып, кестеде көрсетілген жағдайлардағы сілекейдің бөлінуін анықтау керек.
№ |
Тәжірибе шарты |
Тампон ның бастапқы салмағы (мг) |
Тампонның әсерден кейінгі салмағы |
Сілекей мөлшері (мг) |
Ескерту |
1
2
3
4
5
|
Сілекейдің бастапқы бөлінуі Тыныс тоқтатқандағы сілекейдің бөлінуі Лимон қышқылының әсері Тағам түрлері мен иісінің әсері Тағам туралы әңгіменің әсері. |
|
|
|
|
Тәжірибені жасап болғаннан соң оның нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау керек.