
- •1Ұйым қаржысын ұйымдастыру принциптері
- •1. Өткен жылдың бөлінбеген пайдасының сомасы
- •6. Қорлар.
- •3 Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •5 Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер дәрежесін томендету
- •6 Ұйымның негізгі капиталы және қаржы ресурстары
- •9 Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары
- •10 Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі
- •Қр Заңы негізінде жшс фирмалық атауы және жшс белгісі болады.
- •17 Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі
- •18 Қарыз капиталың тиімділік қөрсеткіштері:
- •1. Қаржы қаурыттылығы коэффициенті
- •3. Қаражат тарту коэффициенті:
- •5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті
- •6. Капиталдандыру коэффициенті
- •21 Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары
- •23 Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары
5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті
СК- қарыз алушының баланс б/ша меншікті капиталы
ДО - қарыз алушының баланс б/ша ұзақ мерзімді міндеттемесі
Осы параметр баланстың ең тұрақты көздің есебінен орны толтыратын активтің бөлігін білдіреді. Коэффициенттің ұсынатын мағынасы 70-80%.
6. Капиталдандыру коэффициенті
7. Борыштық және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті:
19 Айналым құралдарын қолдану тиімділігі
Ұйымдарда айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады.
Айналым құраланың айналым коэффициенті
Айналым құраланың жүктеу коэффициенті
Айналым құраланың айналу жылдамдығы.
Айналым құраланың айналым коэффициенті (Ка) – бір жыл ішінде айналым құралының айналымдылығымен сипатталады, яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құраланың орташа қалдығына бөлі арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді
Сө
Ка = ----------------
Ақ
Мұнда Ка – айналым құраланық айналым коэффициенті
Сө - сатылған өнім көлемі, Ақ - айналым қорының орташа жылдық құны, тенге
Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.
пайдаланғанын көрсетеді.
Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш - айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, ол айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір тенгесімен сипатталады
Сө
Ка = -------------- мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффиц-і
Ақ
Неғұрлым ол аз болған сайын, ұйымда соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.
Ұйымда айналым құралының айналымдылығы келесі факторлаға байланысты болып келеді – өндіріс циклының ұзақтығына, шығарылған өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.
Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклының ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады.
К
Кұз = ---------------- мұнда К – мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)
Ка
Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.