
- •1Ұйым қаржысын ұйымдастыру принциптері
- •1. Өткен жылдың бөлінбеген пайдасының сомасы
- •6. Қорлар.
- •3 Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •5 Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер дәрежесін томендету
- •6 Ұйымның негізгі капиталы және қаржы ресурстары
- •9 Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары
- •10 Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі
- •Қр Заңы негізінде жшс фирмалық атауы және жшс белгісі болады.
- •17 Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі
- •18 Қарыз капиталың тиімділік қөрсеткіштері:
- •1. Қаржы қаурыттылығы коэффициенті
- •3. Қаражат тарту коэффициенті:
- •5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті
- •6. Капиталдандыру коэффициенті
- •21 Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары
- •23 Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары
Қр Заңы негізінде жшс фирмалық атауы және жшс белгісі болады.
ЖҚС-тің фирмалық атауы «жауапкершілігі қосымша серіктестікке» немесе ЖҚС сөзімен сәйкес болуы керек.
ЖШС азаматтық құқыққа ие коммерциялық ұйым болып табылады. ЖШС-тің тұрақты орны болып оның негізгі қызмет органының орны болады.
Басқа жерлерде ЖШС филиалдар мен өкілеттіктер аша алады. ЖШС құру оның құрылтайшыларымен құрылтайшылық келісім-шарт жасасу арқылы және серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеуімен аяқталады.
ЖШС-ң құрылтайшылық келісімшарты:
Жазбаша түрде бекітіледі
әр құрылтайшымен немесе оның өкілетті өкілімен қол қойылады
нотариуспен куәландырылады
Заңды тұлға құрылтайшысы құрамына енетіндер олардың жетекшілерінің айтуымен заңды тұлға атынан сенімхатсыз жұмыс істей алады. Келісімшарттан бас тарту серіктестікке кіруден бас тарту болып табылады. Келісімшартты түсінік негізінде жасауға жол берілмейді. Серіктестіктің жеке қатысушыларының статусы туралы келісімшартта көрсетілуі тиіс. Құрылтайшылық келісімшарт нотариуспен бекітіледі.
Құрылтайшылық келісімшартқа қол қоюшылар мемлекеттік тіркеуден кейін серіктестік құрамына кіреді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысы серіктестіктің заңды тұлғалық құқығын анықтайтын құжат болып табылады.
Серіктестік жарғысының даналары, сонымен қатар басқа да өзгергені туралы құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органда сақталады.
Нарықтық экономикада кәсіпкерліктің негізгі түрі акционерлік қоғамдар болып саналады.
Акционерлік қоғам–бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.
Акция–бұл оның иесі акционерлік қоғамның капиталына өз үлесін қосқанын және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы дивиденд деп аталады.
Табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі:
Рендит=Дивидент *100. Сатып алу бағасы
Акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды: Акция бағамы= Дивидент *100 Қарыздық пайыз
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді.
Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады:
акция бағамы = бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы* бағам
акцияға келетін таза пайданың орташа қатынас.
16 . Коммерциялық қызметтің қаржысы.
Коммерциялық кәсіпорындар табыс табу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мына нысандарда жүзеге асыра алады.
Баға – нақты кәсіпорынға арналған, оның кірісі мен шығынын, яғни, қаржылық тұрақтылық және өндірістік және әлеуметтік дамуын, меншік иесінің кірісін алдын-ала анықтайтын маңызды көрсеткіш.
Нарық жүйесінде шаруашылық баға ең басты құрылымды анықтаушы және келесі сәттермен сипатталады.
Бағаның соңғы деңгейінің қалыптасуы өндіріс кезінде емес, өнімді сату кезінде анықталады
Өнімге, қызметке, таурға баға баға меншік иесімен, шаруашылық субъектімен анықталады.
Баға– сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікті ұстайды.
Баға бәсекелестік жағдайды қалыптастырады.
Бағаның 3 түрлі функциясы бар:
Өлшеуіш – баға арқылы тауар құнын анықтауға болады.
Реттеуіш – сұраныс пен ұсынысты реттейді.
Стимулдық – өндеушілердің өндіріс көлемін көтеруде қызығушылығын сипаттайды.
Бағаның түсуі келесі себептерге байланысты:
Бәсекелестік жағдайында өз позициясын сақтап қалу.
Бәсекелестің баға түсіруіне жауап, нарықтың үлкен бөлігі жаулап алуға деген ұмтылыс.
Тауарға сұраныстың аз болуы.
Өндіріс көлемін өзгерту қажеттілігі.
Бағаның азаюы табыс пен кірісті азайтуға әкеліп соқтырады және де тұтынушылар өнім сапасының төмендеуі деп түсінеді. Экономикалық тұргыдан қарағанда, бағаның төмендеуінің сату көлемі ұлғайып, сұраныс көбейсе ғана оң нәтиже береді.
Бағаның өсуі келесі себептерден туындайды:
Тұрақты инфляция кезінде , яғни, тауар бағасы өсуіне әкеліп сақтайды.
Сұраныстың шамадан тыс өсу, яғни, тұтынушылық қажетті мөлшерден тыс төлеуге келісуі.
Бағаның өсуі сұранысты азайтуы да ықтимал, ол басқа тауарға және бәсекелес тауарға сұранысты арттыруы мүмкін. Егер бәсекелестер де тауарға бағаны көтеретін болса, табыс көбейеді, өйткені сұраныс басқа тауарға ауыпайды.
Бағаның өзгеруінің нәтижеге тигізетін әсерін келесідегідей қарастырады:
1) осы уақыттағы тауар айналымы = жалпы табыстың базалық сомасы/ жалпы табыстың жаңа деңгейі.
2) маржиналды табыс=жалпы табыстың базалық сомасы– аралық шығын деңгейі
3) жаңа тауар айналымы= қазіргі деңгейдегі тауарға қосу
маржиналды табыс * ж.т. жаңа деңгейі
ж.т. базалық сомасы