
- •1Ұйым қаржысын ұйымдастыру принциптері
- •1. Өткен жылдың бөлінбеген пайдасының сомасы
- •6. Қорлар.
- •3 Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
- •5 Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер дәрежесін томендету
- •6 Ұйымның негізгі капиталы және қаржы ресурстары
- •9 Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары
- •10 Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі
- •Қр Заңы негізінде жшс фирмалық атауы және жшс белгісі болады.
- •17 Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі
- •18 Қарыз капиталың тиімділік қөрсеткіштері:
- •1. Қаржы қаурыттылығы коэффициенті
- •3. Қаражат тарту коэффициенті:
- •5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті
- •6. Капиталдандыру коэффициенті
- •21 Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары
- •23 Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары
5 Кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер дәрежесін томендету
қаржылық тәуекел – кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым қатынас негізінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инвляциялық тәуекелділігі, банк ставкаларының % өсуі, б.қ. Құнының төмендеуі және т.б. себептерге байл.пайда болады
Кәсіпкерлік тәуекелдік – белгіленген іс шара іске аспаған, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз
Кәсіпкерлік тәуекелдер қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды.
Ішкі факторларға: басшының және қызметкердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжиребесіздігі, өзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатады
Сыртқы факторларға:инфляция, банктік %ставкалары мен кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік құқықтық актлерімен заңнамалардағы өзгерістермен толықтырулар, бәсекелі орта, саяси жағдайлар , елдегі эк-қ жағдай және т.б. жатады
Тәуекел дәрежесін төмендету және тәуекелді басқарудың мынадай әдістерін бөліп көрсетуге болады:
әртараптандыру – инвляцияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара байл.емес бірнеше тәуекелді операциялар б-ша бөлуді білдіреді (қаржыны әртарапқа бөліп тастау)
лимиттеу – тәуекелдә операцияларда пайдаланылатын ресурстардың мөлшеріне шектеулер қоюды білдіреді. (рис, шектеу, көп ақшаны алып шықпау)
хеджэрлеу – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелді операцияға қатысушы әріптестермен бөлісуді білдіреді
Өзін-өзі сақтандыру – тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін өздерінің меншікті резервтік қорын құруын айтамыз
сақтандыру – ол тәуекелмен байланысы зиян шеккен жағдайда жеке және заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауын білдіреді
6 Ұйымның негізгі капиталы және қаржы ресурстары
Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни 1 жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа , көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
Негізгі капиталға жататындар; жылжымайтын мүлік, машина мен құрал жабдықтар, өткізгіш тетікте, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.
Кәсіпорынның қаржы ресурсы – қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген және қайта жаңартуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі
Шығуына қарай қаржы ресурстары
сыртқы
ішкі
Ішкі ресурстар – таза пайда және амортизация түрінде, соныымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, салық органдары, бюджеттен тыс мекемелер түрінде болады
Таза пайда – кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындары мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, % т.б) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді
Амортизация – ұйымның негізгі және де басқа да айналымсыз қорлары тозуының ақшалай көрінісі
Сыртқы қаржы ресурстары 2 топқа бөлінеді:
тартылған (кәсіпкерлік капитал)
несиеге алынған (несиелік капитал)
Кәсіпкерлік капитал – пайда алу және кәсіпорынды басқару құқығын иемдену мақсаты мен салынған капитал
Несиелік капитал – өсім түрінде ақы төлеп қайтару талабы мен несиеге беретін ақша капиталы
Тартылған қаржы ресурстары – кәсіпорын құрылған сәтте жинақталып бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорын қарамағанда болатын қаржы ресурстарының нег.бір бөлігі
Несиелік қаржы ресурстары:
банктік несиелер және басқа да несиелер
кәсіпорын облигацияларын шығару және сату
нарықтың өзгеде банктік емес субъектілерінен алынған қарыздар
7 Кәсіпорын инвестициясы.
Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде инвестиция түсінігі негігі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа ж/е жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау н/е жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.
Инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым - «күрделі қаржы салу» деген ұғымды білдіреді. Инвест-я нақты және портфельді(қоржынды) болып бөлінеді. Нақты инвест-я 1 жағдайда инвестор өзінің өндіріс көлемін кеңейтуде – өндірістік негізгі ж/е айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда – инвестор құнды б.қ үлесінен дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды.
Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік ж/е өндірісітік емес етіп жіктеуге болмайды.
Инвестициялардың негізгі түрлері :
Шетелдік
Мемлекеттік
Жеке
Өндірістік
Интеллектуал ды
8 Айналым қаржылары бұл ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте айналым құралы өзінің заттай түрін өзгертіп , өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Өнеркәсәпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді.
Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып , еңбек бұйымын заттай түрде құрайды; оған шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат,аяқталып бітпеген өндіріс, алағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар,жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және т.б. Айналым қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады. Айналым қорларының құрамына дайын өнім,жөнелтілген бірақ әлі ақысы төленбеген тауарлар , банк есепшоттардағы және кассадағы ақша қаражаттары жатады.
Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне айысып отырады.
Айналам құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Мөлшерленетін айналы құралына өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар,ыдыс, аяқталмаған өндіріс алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар және т.б. жатады.
Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтамыз. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз. Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін заттарды жатқызамыз.
Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарында дайындықта жатқан бұйымдар мен бөлшектер.
Айналым құралын мөлшерлеуде табиғи және ақшалай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.
Ұйымдарда барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сиымдылығы (Мс) және оның кері көрсеткіші – өнімнің материал қайтарымдылығын (Мқ) көрсетеді.
Материал сиымдылығы және өнімнің материал қайтарымдылығы тауарлы өнім (Тө) көлеміне есептегенде төменгі формуламен анықталады.
Мш Тө
Мс = ---------------- М қ = -----------
Тө Мш
Сатылған өнім көлеміне (Сө) есептегенде
Мш Сө
Мс = ---------------- М қ = -----------
Сө Мш