Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).

Субьектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып сату мақсатымен алынған негізгі құралдар – ТМҚ құрамында, ал субьектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын НҚ қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. НҚ-ы есептеу үшін 2400 НҚ бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.

НҚ қабылдау, тапсыру актісімен (№НҚ-1ф) рәсімделеді. Субьектілер пайдалы қызмет ету мерзімін өз бетінше белгілейді.

НҚ қабылдау, тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерияда, мүліктік карточка ашылып НҚ-ң талдамалы есебі жүргізіледі. НҚ-ң әрбір обьектісіне мүліктік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік номер беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік сериялық жүйе бойынша жасалады. Толтырылған мүліктік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «НҚ-ы есептеу, мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» ( №НҚ-6) тірекеледі. Істен шыққан НҚ бойынша категорияларды архив картотекасы бөліміне қояды.

НҚ-ң істен шығуы.

НҚ обьектілері субьектінің ухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:

1. Физикалық немесе сапалық тозу

2. Шаруащылық қызметінде пайдаланылмайтын обьектілерді өткізуде

3. Басқа субьектілерге НҚ-ы жарғы капиталына салым түрінде беру.

4. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру

5. Обьектілерде ұзақ мерзімді ( қаржыландырылған) жалға беру

6. Кем шығу, табиғи апаты және басқа обьектілер.

НҚ обьектілерін өтеусіз беру туралы келісім шарт шаруашылық жүргізуші субьектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

НҚ-ң жарамсыздығы, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін субьект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін косммисиялар құрады.

Комиссия обьектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейлі, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «НҚ-ы есептен шығару актісі (№НҚ-3ф)» және автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен ( №НҚ-4 ф) 2 данамен рәсімделеді.

НҚ-ң бағалануы

№ 16 ҚЕБХС сәйкес НҚ мыналар бойынша бағаланады:

1. Бастапқы құн немесе өзіндік құн – активті сатып алуға берілген және де сатып алуға байланысты жұмсалған барлық шығындар сомасы

2. Ағымдағы құн мен - белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға

3. Өткізу немесе сату құнымен – сатушы мен сатып алушының арасындағы келісілген баға.

4. Жойылу құн: істен шыққан активтің болашақта бір бөлшектерінен пайда түседі деп үміттенетін баға.

5. Баланстық құн – жинақталған залал сомасы шегергенде баланста мойындалған сома.

6. Амортизациялық құн: бастапқы құн мен жойылу құн арасындағы айырма.

2410- НҚ

2411- жер

2412- үйлер мен ғимараттар

2413- машиналар мен жабдықтар

2414- көлік құралдары

2415 – компьютерлер, перефериялық қондырғылар

2416- кеңсе жиһазы

2417 – өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар

2420- НҚ-ң амортизациясы мен тозуы

2422- ғимараттардың құнсыздануы

2423- машиналар мен жабдықтардың тозуы

2424 – машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2425- көлік құралдарының тозуы

2427- компьютерлік перефериялық қондырғылардың тозуы

2429- өндірістік құрал-саймандардың керек жарақтардың тозуы

2428- кеңсе жиһазының тозуы

2430 – НҚ құнсыздануынан болған шығындар