Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.

Көптеген халық қайта құру саясатын жүргізген кезде, сауданың жеке меншік қолға өтуі, бірденінен барлық мәселелерді, яғни сауда орындарының тек қана сапалы тауарлармен толуы ғана емес, оған қоса халықты алдап-арбау, артық ақша алу т.б сияқты сауда кемсіктері жойылады деп сенген еді. Бірақ жаңа шарттар ескі мәселелерді шешіп қана қоймай, оған қоса жаңа жолдардың шығуына негіз болды. Негізінде меншікке айналу, халықтың жұмысбастылық құрылымындағы өзгерістер саудаға үлкен мөлшердегі кәсіпшілік дайындығы жоқ адамдар ағысын алып келді. Енді сауда орталығында тек қана ықылассыздықтан ғана емес, тағы квалификациясы жоқ, іс-әрекеттерден қорғану қажет болды. Шын мәнісінде де кәсіпорындардың ең басты негізгі мақсаты өнімнен үлкен пайда түсіру, ал ол үшін тұтынушының көңілінен шығатын өнімдердің сапасы мен бағасы сай келуі қажет екенін енді түсіне бастаған сияқтымыз. Міне сондықтан да қазір сауда жасауға лицензия өте қажет.

Лицензия мемлекеттік іс-әрекеттерді тәртіпке салушы жаңа шарттардың бір түрі. Оның ең басты міндеті сауда орталығына сапасы жоқ тауарлар мен кәсіби және материалды дайындығы жоқ кәсіпкерлердің қызметінен, сонымен қатар сауда орталығынан тәртіпті бұзушылардың, ережені сақтамаушылардың көзін жою болып табылады.

Біздің ойымызша, лицензия мемлекеттік ортадағы, сауданы тәртіпке салу жолындағы демократиялық әдіс, өйткені, ол тұтынушылардың, өнеркәсіптің және мемлекеттің құқығын бірігіп қорғауға мүмкіндік береді. Тұтынушылар лицензиясы бар кәсіпорындарға барып толық кепілді квалификациялық қызметті көре алады. Ал кәсіпорын болса ықылассыз бәсекеліктен сақталып қалады. Лицензия өнеркәсіптің дамуына шек қояды деген мағлұматты жиі ести бермейміз. Лицензияны әркімге бере бермейді. Бірақ олардың санында шек жоқ, Сондықтан да қандай да болса кәсіпкер, егерде толығымен қажетті талаптарға сай келсе, онда ол лицензия ала алады. Сөйтіп, лицензия өнеркәсіп квалификациясының дамуына жағдай жасайды. Егерде оның өсуі шектелген болатын болса, онда көптеген меншік иелеріне жақсы болып қалар еді. Сол немесе басқа сауда әрекетіне берілетін лицензияның мөлшері оның қандай өріс алғанына байланысты.

Тауарларды қабылдап алу, өткізу жұмыстарын құжаттарды дайындау.

Әр түрлі көтерме компанияларда тауарларды қоймаға қабылдап алу әр түрлі жүргізіледі, ол жабдықтаушыларға, тауарлардың түрі, қоймаға келіп түсуге байланысты екендігі айтылды. Сонымен, бұл операцияларды жүзеге асыру үшін жалпы жұмыс түрлерін анықтауға болады. Оларға жататындар :

-тауарларды түсіру;

- тауарлар саны бойынша тексеру;

- Қабылдап алынған тауарлар бос қоймаға ауыстыру;

- Тауарларды қаптау;

-Тауарларды сапасы бойынша тексеру;

- Тауарларды сақтау орнына жеткізу;

-Қабылдап алу, өткізу құжаттарын толтыру;

-Қабылдап алынған тауарларды тіркеу.

Тауарларды қабылдап алу және тексеру

Әдетте тауарлардың жолда жүруі мен олардың қабылдап алу-өткізу құжаттары көлік жүргізушілерге жүктеледі. Тауарларды түсірген соң, көлік жүргізушісі көтерме кәсіпорынның қабылдап алушысына жүк накладнойын береді. Осы жүк накладнойы арқылы тауар саны анықталады. Ыдыстардағы тауарлар жүк орнымен қабылдап алынады. Тауар қабылдап алынғаны туралы жүк накладнойында тауар қабылдап алған тұлға қолымен расталады. Сол кезден бастап сақтығы көлік жүргізушіден қабылдап алған адамға жүктеледі. Түсірілген тауар саны жүк накладнойында берілген мәліметтермен тура келмесе, сонымен қатар контейнерлердің немесе қаптаулардың бұзылғаны анықталса, онда жүк накладнойына белгіленеді. Тауарлардың сапасы қаптауларды ашқан соң ғана тексеруге мүмкіндік бар. Қабылдап алған тауарларды тіркеу керек. Қабылдап алған тауарларды тіркеу журналы қоймаға келіп түскен тауарларды растайтын құжат болып табылады. Қабылдап алынған тапсырысты журналға тіркеу нөмерімен жазылады. Сонымен қатар тіркеу нөмірі жүк накладнойларында немесе тауарды қабылдап алу квитанцияларында жазылады және ол қоймадағы тауарларды қайта жасау бойынша келешекте жасалатын операциялары бойынша анықтама ретінде қызмет етеді.

Тауарларды тексеру әдістері

Бұл операциялардың негізгі көтерме кәсіпорындарының тауарларға берген тапсырысы бойынша нақты келіп түсуінде. Мұндай тексерулер келіп түскен тауар саны мен сапасын анықтауға және осы тексерулердің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.

Біздің практикамызда тауарларды тексерудің келесі әдістері қолданылады:

-накладной бойынша тексеру;

-соқыр тексеру әдісі;

- толық емес соқыр тексеру әдісі.

Накладной бойынша тексеру әдісі- тексерудің нәтижелері жабдықтаушылардың накладнойымен тексеріліп, салыстырылуымен сиаптталады.

Соқыр тексеру әдісі накладноймен жұмыс істемейді және тауар санын анықтаумен алынған мәліметтердің қабылдау журналында тіркелуін және тауар қабылдап алғаны жөнінде есеп берумен рәсімделеді.

Толық емес тексеру әдісі- накладной арқылы тек тауар түрі бойынша тексеру. Тексеру жүргізілгеннен кейін олардың саны накладнойға жазылады. Бұл әдіс арнайы наладноймен жұмыс істеуді талап етеді. Бұл накладнойда жабдықтаушы жіберілген тауар түрін жазады. Қойма меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладнойымен сәйкестігін тексеріп, санын есепте жабдықтаушы накладнойына жазып береді.