Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары,көрсеткен қызметтері,сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары-Дебиторлық қарыздар деп аталады.Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.Қысқаша айтқанда Дебиторлық қарыз дегеніміз бұл-иелік ететін құқықты қосқанда заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар мекемелердің құқықтары мен міндеттері болып саналады. Яғни бірі қарыздарды қайтаруды талап ететін болса, екіншісі қайтаруға міндетті.

Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетуге болады.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен (өніидер) көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде мысалы, субьект қызметкерлеріне аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талаптар және басқа жағдайларда пайда болады.

Дебиторлық берешек шот фактуралармен расталады.

1200

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1210

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1220

Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1230

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1240

Филиалдар мен құрылымдық

бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1260

Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1270

Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар

1280

Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1290

Күмәнді талаптар бойынша резерв

Бұл шоттар: активті, негізгі, есеп айырысу.

Кредиторлық берешек бұл міндеттеме болып табылады.

Міндеттеме – өткен кезең оқиғасынан пайда болған субьектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мен ресурстар ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық аққшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзінде жүзеге асырылады,

  • Ақшалай қаражат пен төлеу

  • Активтерді табыстау

  • Қызмет ұсыну

  • Міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру.

  • Міндеттемені капиталға аудару.

Міндеттеме ағымдық ( қысқа мерзімді кредиторлық берешек) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Күмәнді дебиторлық берешек.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қаблеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысаны болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгілеген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» д.а.. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қ.Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есе,птен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178- бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 жыл болып белгіленеді. 3 жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қараздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.Қ.Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған қарыз бойынша резерв есебінен есептеп шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылды.

Кез келген к/о мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттарды төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтпрдың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдіс қолданылады:

  • несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі ( қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);

  • дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есепетеу әдісі ( бухгалтерлік баланста).

Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлың борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген к/о-дар мен ұйымдарға бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.Жоғарыдан аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатнастардың орташа пайызы күмәндә қарыздар есебін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебпиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:

  • негізгі дебиторлық борышқа жасалған біріңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;

  • алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

дт

кт

тип

1

Ағымдағы жал бойынша жалға берілген құралдарға қкС есептелінді

1260

3130

3

2

Ағымдағы жал бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жал төлемдері аударылды:

3360

1030

4

3

Акционерлік қоғам жұмысшыларының еңбекақысынан зейнет ақы жарнасы ұсталынды:

3350

3220

2

4

Бартерлік мәміле бойынша ҚҚС сомасы есепке жатқызылды

3130

1420

4

5

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорыннан қосалқы бөлшектер сатып алынды:

1310

3330

3

6

Банк несиелері үшін пайыздар есептелінеді

7310

3380

7

Валюталық шотқа шетелдік сатып алушылардан ақша келіп түсті:

1032

1210

1

8

Қаржыландырылған жыл бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жалдық төлем төленді

4150

1030

4

9

Сатып алушыларға сатылған негізгі құралдар үшін шот ұсынылды:

1210

6210

10

Тапсырма №437 тауарды кеденнен өткізген кезде ққс есептелінді

1420

3390

3