- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы ҚЕХС №2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсыныспен реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік азық-түліктердің құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.
Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік азық-түліктердің өндіру және өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым және әдеттегінше шығын элементтерінің қимасында (в разрезе)) ескеріледі.
Жанама шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі, жарнамалық (каталогтар) және сувенирлік өнімдерді дайындау, жалдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.
Туристтік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық мазмұнына және ҚЕХС 2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:
а) экономикалық элементтермен:
• материалдық шығындар;
• еңбекақы шығындары;
• аударым;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар,
ә) шығын баптары бойынша:
• материалдар;
• еңбекақы;
• аударым;
• үстеме шығындар.
Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне 8110«Негізгі өндіріс», 8310«Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 84110«Үстеме шығындар» жинау-бөлу шоты және «Алдағы кезең шығындары» 1610 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 8110,8310,8410 шоттардың сальдосы жоқ және айдың бітуі бойынща бұл шоттарға дебет бойынша жиналған шығындар шығындар «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» 7010 шот дебетінде есептен шығарылады.
ҚЕХС 2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құнына мыналар қосылады:
1) туристік субъектілерді туристік азық-түлікті қалыптастыратын жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығындары;
2) аударым (әлеуметтік салық);
3) көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (әуе, темір жолдары, су жолы);
4) туристік фирмалардың асырау, қызмет ету және басқару шығындары;
5) жаңа туристік азық-түлікті әзірлеу және игеру шығындары;
6) турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы субъектілерге (тұлғаларға) төлемақылар;
7) контрагенттерге комиссиялық сыйақы;
8) басқадай шығындар мен төлемдер.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі. Еңбекақы шығыны нормаланбайды және туристік кәсіпорындарда қабылданған есептік саясаттың тәртібіне сәйкес әрекет ететін туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылады.
Туристік субъектілер еңбекақының формасын, жүйесін және мөлшерін ҚРЗ №493-1 «Қазақстан Республикасында еңбек туралы» ҚР Заңына, еңбекақының формасы (мерзімдік және кесімді) мен жүйесі (жай мерзімді, мерзімдік-сыйлықақылы, тікелей кесімдіақы, кесімді-сыйлықақылы, ілгері-кесімдіақы, жанамалы кесімдіақы, аккордтық) белгіленген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 12.05.2000ж. №111-п. Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2000ж. №1942 «Қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы нұсқау» және «ҚР еңбек мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар>» қаулысына сәйкес дербес белгілейді.
Туристік субъектілерді жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығыны мына жазу бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады:
8112«Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті
3350«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 60000.
Аударым (әлеуметтік салық) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және Қазақстанда тұрақты тіршілік ететін азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы қорынан Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекақы қорынан аудару (әлеуметтік салық) сомасына бухгалтерлік есепте мына жазулар жазылады:
8113,8313,8413«Еңбекақыдан аудару» шоттар дебеті
«Әлеуметтік салық» шот кредиті.
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жарнасын төлеу 20.06.97ж. №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен, ҚР Үкіметінің 16.09.97ж. №1342 «Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа Қазақстан Республикасы азаматтарына Әлеуметтік жеке код иемдену тәртібін бекіту туралы» қаулысымен, ҚР Үкіметінің 15.03.99ж. №245 «Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және аудару Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және қызметкерлердің еңбекақысының басқа да нормативті құжаттарымен реттеледі.
Мұнда мына жазулар жазылады:
3430«Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу» шот дебеті
3220«Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» шот кредиті 6000.
Негізгі құралдар амортизациясына байланысты шығындар туристік фирмалардағы есептік саясатқа қабылданған әдістермен анықталып, көрініс табады:
7210«Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110«Өнімді өткізу шығындары», 8415«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттар дебеті
2421-2429«Негізгі құралдардың тозуы» шот кредиті 1820.
Жалпы шаруашылықтың шығындарына келсек, туристік азық-түліктердің өзіндік құнындағы субъектілерге қосылмай, қорытынды табысты кеміту есебінен орны толтырылатын кезең шығындары (есептік кезеңге көшірілетін шығындар) ретінде танылады. Олар өндіріс көлеміне тәуелді емес және нақты туристік өнім түрлерімен байланысты жоқ тұрақты шығындар ретінде анықталады.
• Көлік шығындары: тасымалдаушының (көшірушінің) қызмет
көрсетулері (әуе, темір жолдары, су, ауа жолдары және т.б. төленген комиссиялық сыйақыны қосқандағы турға қосылатын жол құжаттары) мұнда мындай жазу жүзеге асырылады:
а) алынған жол құжаттарының сомасына (комиссиялық сыйақыны қосқанда):
8418«Басқадай» үстеме шығындар шот дебеті
4110«Төленуге тиісті шоттар», 4240«Басқадай кредиторлық берешек» шоттар кредиті 459000,
ә) жол құжаттарының төлемақысы:
4110«Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті
1030«Ағымдық шоттағы ақш», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шоттар кредиті 459000.
• Туристік фирманың асырау, қызмет ету және басқару шығындары.
1. Материалдық шығындар:
7210«Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті
1310-1315,1317«Материалдар» шоттар кредиті.
2. Басқарушы қызметкерге еңбекақы есептеледі:
7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті
3430«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті.
3. Басқарушы қызметкердің еңбекақы қорына аудару сомасына (әлеуметтік салық):
7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті
3150«Әлеуметтік салық» шот кредиті.
4. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары: 7110«Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу шығындары» шот дебеті
4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.
• Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың
субъектісіне (тұлғасына) төлемақылар.
Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер- қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. көрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісімшартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады:
а) тұрғаны үшін:
8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті
4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 3060000,
ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:
4110«Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті
1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті 3060000.
• Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына
менеджерлерге таныстыру турының шығындары, қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары, басшылардың келісімшартқа қол қоюына қызметтік іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.
а) жүзеге асырылған шығындар сомасына:
1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті
4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті
ә) есептеу принциптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:
8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті
1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот кредиті.
• Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге комиссиялық сыйақы:
а) туристік азық-түліктерді сату:
8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті
ә) комиссия келісімшарты бойынша сыйақы төлеу:
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті.
• Басқадай шығындар мен төлемдер.
Визалық (рұқсатнамалық) қызмет көрсету- туристік фирмалар әдетте туристік азық-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп алады. Мұнда мына жазулар жүзеге асырылады:
а) туристерден консульдық алымды өндіріп алу сомасына:
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті
ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:
1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот дебеті
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті
б) аванстық есеп берудің негізінде:
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот кредиті.
• Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік
агенттік болып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді. Агенттік келісім- жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындалғаны туралы және сенімхат боыйынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндеті түрлеріндегі принципиал мүддесіндегі келісімшарт түрі. Агенттік келісімге қол қоюда агентке сақтандыру полисының бланкілері беріледі. Бланкінің жылжу есебі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агенттің берешегі мен комиссиондығын сақтандыру келісімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат- бордероны алудағы келісімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:
• туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті
• туристерден өндіріп алған комиссиялық сыйақы сомасына:
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті.
• сақтандыру компаниясы төлеген берешектер сомасына:
4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті
1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті.
Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі
22.02.02ж. №296-II «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айырысуларды келтіруге болады:
Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:
1. Туристік азық-түліктердің құны 2208000.
2. Туристік компаниялардың шығыны (7110-7210) 180000 .
3. Жоспарлы рентабельділік-10% 220800.
4. Үстеме 400800.
Үстемелер деңгейі- 18%
5. Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым
2608000.
6. Салық салынатын айналымдағы ҚҚС 417408.
7. Сату көлемі 3025408.
Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге
асырылады:
а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:
7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот дебеті
8110«Негізгі өндіріс» шот кредиті 2208000,
ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:
1210«Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті
6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000,
б) ҚҚС сомасына:
1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті
Шот кредиті 3130«ҚҚС» 417408,
в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:
1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шоттар дебеті
1210«Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті 3025408.
Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:
а) сатудан түскен түсім сомасына:
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
6010«Дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000, ә) ҚҚС сомасына:
1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті
3130«ҚҚС» шот кредиті 417408,
б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:
3130«ҚҚС» шот дебеті
1040«Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 417408.
Есептік кезеңнің соңында:
а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:
5420«Жиынтық табыс» шот дебеті
7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар,жұмыс,қызмет) өзіндік құны» шот кредиті 2208000,
ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылады:
6010«Дайын өнімдерді сатудан алынатын (тауарлар,жұмыс,қызмет) табыстар» шот дебеті
5420«Жиынтық табыс» шот кредиті 2608000,
б) қорытынды табысты кемітудің кезеңдік шығындары есептен шығарылады:
«5420Жиынтық табыс» шот дебеті
7210«Жалпы және әкімшілік шығындары», 7110«Тауарларды (жұмыс,қызмет) сату шығындары» шоттар кредиті 180000, в) корпоративтік табыс салығы есептелді- 30%
7710«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шот дебеті
3110«Төлеуге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шот кредиті 66000,
г) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылады:
5420«Жиынтық табыс» шот дебеті
7710«Жиынтық табыс салығы бойынша шығындар» шот кредиті 66000,
ғ) таза табыс анықталып, есептен шығарылады:
5420«Жиынтық табыс» шот дебеті
5410«Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот кредиті 154000.
