Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.

51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.

Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

  1. бухгалтерлік баланс,

  2. пайда мен зияндар туралы есеп,

  3. ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,

  4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп,

  5. түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, ҚР бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес белгіленеді.

Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтер, немесе дара кәсіпкер қол қояды. Қаржылық есептілік элементтері:

  1. Активтер, міндеттемелер, және капитал.

  2. Кірістер мен шығыстар.

Активтер-дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.

Міндеттеме- дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп сағады.

Капитал- дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.

Кірістер- есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында э\кономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар- есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелрдің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалаға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.

Жылыдқ қаржылық есептілік үшін есепті кезең 10 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.

52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.

ХҚЕС бойынша есеп беру формасы қарастырылмаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілетін көрсеткіштердің ең аз деген түрлері берілген.

ХҚЕС бухгалтерлік баланстың жеке бөлімдері сияқты активтер мен міндеттемелерді қысқа және ұзақ мерзімді етіп бөле қарастырады. Алайда ұйымдардың оларды бөлмеуіне болады, онда активтер міндеттемелерді баланста оларды жойылу мерзіміне сай көрсетеді.ХҚЕС тек қана қаржылық есепте пайдаланып, басқаша ақпарат немесе есепке қосымша ретінде қаралмайтыны атап өтіледі.

ХҚЕС 1 барлық үлгідегі мекемелер үшін қолданып, оның ішіне банктер мен сақтандыру компаниялары да кіреді.

Қаржылық есептілікті табыс ету:

  1. Құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға,

  2. ҚР-ның статистика органдарында тіркелу орны бойынша ҚРмемлекеттік статистика органдарына,

  3. ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзіреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады.

Қаржылық есептілік ҚР ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.

Ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті есепті кезеңнен кейігі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.