Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.

Тауарды экспорттау келісім шарты бойынша экспорттаушы тауарды жеткізеді, жүк тасымалдау үшін жүкқұжаты толтырылады. Жүк жіберушіге жүкқұжатының көшірмесі беріледі. Ол жүкті қабылдап алу түбіртегінің қызметін атқарады. Экспорттаушы сатушы болып саналады. Егер тауардың ақысы жібергеннен кейін төленетін болса, онда бухгалтерлік есеп бойынша мынадай жазу жазылады:

Дт 1210 Кт 2210

7010 1330

Коммерциялық акт бойынша, тауар жетімсіздігі анықталып, тасымалдаушы мекеме кінәлі болып табылған кезде, бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:Дт 7010,1280,2180 Кт 1330,3390,3540,4170,4430 –

тасымалдаушы кінәлі болып табылған

сомаға.

Талап етілген соманы тасымалдаушы мойындаған кезде, немесе оның кінәсі сот арқылы дәлелденген кезде бухгалтерлік есеп бойынша мынадай жазба жазылады: Дт 3390,3540,4170,4430 Кт 6280-талап етілген сомаға;

1030 1290,2180- төленген сомаға.

Егер тауар жоғалатын болса, ҚҚС қалпына келтіру керектігін ескерген жөн.

ИМПОРТ- Қазақстандық ұйымдар шетелдік кәсіпорындардан тауарларды өздерінің валюталарына сатып алады. Ал ол валюталарды мекемелер валюталық биржалардан немесе уәкілетті банктерден сатып ала алады. Импорттық тауарға байланысты валюталық операцияларды жүргізген кезде бухгалтерлік есеп былай жасалады:

Дт 1280,2180 Кт 1030 –шетелдік валютаны сатып алу үшін,

1030 1280,2180- валюталық шотқа кірістелген шетелдік валюта.

1610,2910 1030- контракт бойынша, тауар жеткізушіге аударылған

сома.

Импорттық операцияларды шетелдік валюталарды пайдалана отырып атқару барысында , олардың нәтижесіне валютаның курстық айырмасы да әсерін тигізеді. Импорттық операциялар кезінде курстық айырмашылық тауарды кедіндік рәсімдеу күнімен , оның ақысы төленген күннің арасында туындайды, соның гнәтижесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың арзандауы немесе қымбаттауы мүмкін.

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша курс айырмашылығы, экспортталған тауарды кедендік рәсімдеу күнгі бағаммен айырбасқа алатын импорттық тауарды кедендік рәсімдеу жасаған күнгі валюта бағамының айырмасынан құралады.

6250- бағам айырмасынан балатын кірістер,

7430- бағам айырмасынан болатын шығындар.

48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.

Толлингтік операция деп өңдеуге берілген н/е акелінген давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бқл операциялар Қазақстан Республикасында да ,сондай-ақ одан тысқары жерлерде де орын алуы мүмкін. Өңдеуге әкелінген тауарлар,кеден заңына сәйкес,кеден бекетінен өтеді, сондықтан кедендік тәртіпте оларға салық салынады. Толлингтік операциялар шикізат пен материалдарды қайтадан өңдеу, тауарларды өңдеу, оған қоса оларды монтаждау ж/е құрастыру; тауарларды жөндеу,оларды қалпына келтіру; өтімділік тауарларын өндіруде қолданылатын материалдар мен тауарларды пайдалану жөнінде жасалатын операцияларды білдіреді. ҚР-ң кеден аймағында тауарларды қайта өңдеу процессі тек орталық кеден органдарының рұқсаты бар болса ғана жүргізіледі. Бұндай рұқсат қазақстандықтарға әкелінген тауарға ұқсас өңдейтін мүмкіндігі ж/е өндірісі, сондай-ақ оның өңдеу қуаты бар болса ғана беріледі.Кеден аймағына өңделетін тауарлардың мерзімін орталық кеден органы белгілейді. Бірақ белгіленген мерзім экономикалық жағынан дәлелденіп берілуі тиіс. Толлингтік операциялардың нәтижесінде алынған «Тапсырыс берушінің» еліне н/е үшінші бір елдерге апарылмаған компенсациялық тауарларға кедендік салынған кедендік тарифте қарастырылған импортталатын тауарларға салынатын салық көлемінде толық төленген жағдайда ҚР-ң аумағында еркін айналымға түсіп, содан соң олар сатылуы мүмкін. Олар импортталатын тауарлар ретінде өткізу үшін кеденге белгіленген үлгіде арыз берілген күні мұндай тауардың кедендік құнын анықтау күні болып табылады.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Толлиингтік тауарды өңдеу бойынша шығындар сатылған тауарға есептен шығарылады

7010

8110

1

2

Толлингтік тауарды өңделгені үшін тапсырыс берушіге шот ұсынылады

1210

6010

3

3

Толлингтік операциялар бойынша табыстағы жиынтық табыс есебінен шығарылады

6010

5610

2

4

Толлингтік операциялар бойынша шығындағы жиынтық табыс есебінен есептен шығарылады

5610

7010

4