Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметтің негізгі түрлері тауарларды экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау – тауарларды сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік стушыдан алу.

Сыртқа экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі.

ҚР аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлеидер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

  • кедендік баж салығы;

  • кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар

  • тауарды сақтауға алынатын кедендік алымдар

  • шығарып салғаны үшін кедендік алымдар

  • ҚР-ң кедекндік органына лецензия бергені үшін алынатын аым

  • Кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамндық аттестатын бергені үшін алым

  • Алдын ала қабылданатын шешімдер үшін алым

Бұл төлемдердің көбісінң мөлшері кедендік тауар құнына тәуеді болып кееді. Олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелге төленген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және оны сатып алушы өтейді.

Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

Адвалорлық – салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелінеді.

ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді.

аралас - салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрленінің екеуіне де үйлестіріледі.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданылатын негізгі құжаттар болып:

техникалық құжаттау - техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, басқару және жөндеу, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т.б.

тауарлы ілеспе құжаттаулары - тауар сапасының сертификаты, буып-тую парағы, құрастырушы тізімдемесі.

транспорттық экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол накладнойы және оның көшірмесі, сақтандыру полисі немесе сертификаты.

қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың құлхаттары, басқа да кепілдік құжаттар.

есеп айырысу құжаттаулары - шот-фактурасы, аударма векселі.

банк құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредитив ашу туралы тапсырмалар, чектер, ҚР-ның кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі.

кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы, тауардың шығуы туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар.

талап құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитажға қойған талап арызы.

бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалатын құжаттаулар - кем шыққанда жасалатын коммерциялық актілер, авария сертификаты.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Акт бойынша тауар жетімсіздігі анықталып тасымалдаушы мекеме кінәлі болып табылған кезде: жетіспейтін сомаға сторно

7010

1330

1

2

Тасымалдаушы кәсіпорын кінәлі болып табылса

1280

2180

3390

3540

4430

3

3

Талап етілген соманы тасымалдаушы мойындаған кезде немесе оның кінәсі сот арқылы дәлелдеген кезде: талап етілген сомаға

3390

4170

6280

2

4

Төленген сома

3340

4430

1030

4

5

Егер тауардың жетпей қалуына тасымалдаушы ұйым кінәсіз болып, сот кімнің кінәлі екенін анықтай алмаса, онда сторнолық жазба жазылуы керек

1280

2180

7410

3390

3540

4170

3