- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Өнімнің ырғақты түрде шығарылып тұруы, «Сатып алушыларға өнімдерді жіберіп тұру» туралы келісім шарт бойынша қабылданған міндеттерін уақытында орындауға және төлемдерді кешіктірмей орындап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады. Сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жөнінде натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады. Өндірілген дайын өнімге қарап ұйым қызметінің қорытындысын бақылауға болады. Шығарылған өнімдер өткізу бағасымен бағаланып соған орай түсім көлемі және өндірілген өнімді сатқаннан кейін алынатын пайда мөлшерін болжауға мүмкіндік туады.
Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын шоттар тобының дебетінде және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын шотының кредитінде көрсетіледі.
1320 шотының сальдосында ұйымның қоймада қалған дайын өінімнің қалдығы, нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.
Дебеттік айналым бойынша негізгі өндірістің шығарылған өнімі, өзіндік құны бойынша және сыртқа жіберілген жартылай фабрикаттар мен сатып алушының қайтарған өнімдері көрсетіледі.
Кредиттік айналым бойынша есепті айда жөнелтілген өнім нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ № 5 карточкасы ашылады.
Қоймадағы дайын өнім келіп түскен сайын және босатқан сайын құжаттарға сай карточкада құндылықтың мөлшерін, кірісі мен шығысын және қалдық көлемін жазып отырады.
Бухгалтер күн сайын қойма есебін қабылдап отыруға тиісті. «Қабылдау беру жүкқұжаты», «тауарды тасымалдау жүкқұжаты», «жөнелту-босату жөніндегі бұйрықтар». Қойма есебінің дұрыс жүргізілгені туралы бухгалтер қойма есебінің карточкасына қол қоюға тиіс.
Қойма есебінің карточкасының негізінде материалды жауапты тұлға ай сайын есеп беру ведомосын толтырып онда дайын өнім қалдығын номенклатура бойынша өлшем бірліктерін, санын көрсете отырып бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерия қойма есебі мен бухгалтерлік есепті сома бойынша салыстырады.
40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
Ұйымдарда дайын өнімнің есебін жүргізуге, оларды уақытында жіберіп және сатуға басты назар аударылады, себебі, оның барлығын ұйымның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Дайын өнміінң бухгалтерлік есебін жүргізудегі мақсаты – дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың жағдайын және олардың қоймада сақталуын тұрақты түрде бақылау:
- жіберілген өнімнің (жұмыс,қызмет) құжаттарын уақытында және дұрыс жасаы, сатып алушылармен есептесуді ұйымдастыру.
- әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап отыру үшін, сатылған өнімнің көлемімен түріне сай, келісім шарт талаптарының орындалуын бақылау.
- сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында және дұрыс есептеу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін ұйым: тұрақты, қалыпты жағдайда жұмыс атқарып, шаруашылық операцияларының құжаттарын уақтында жасап, өнімді сату мен олардың қоймада дұрыс сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Жүк жеткізуші мен сатып алушының арасында жүк жеткізу шарттары анықталып, соған орай өнімді жеткізуге байланысты шығындардың құрамы және тараптардың міндеттері айқындалады. Ол шығындар өнімді сату шығындарының құрамына қосылады. Олардың санатында: дайын өнімдер қоймасында заттарды ыдыстарға салып, орау шығындары ( орам қағаздары, ағаш үгінділері, шпагат) тасымалдау шығындары (тиеу, жеткізу, түсіру); жеткізуші және басқа да делдал кәсіпорынына төленетін комиссиялық алымдар шығыны, сатылатын жерде өнімдерді сақтайтын ғимараттарды ұстауға және ауыл шаруашылық кәсіпорындағы өнімді сатушылардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындар, жарнама шығындары және басқа да шығындар.
Егер дайын өнімдер қоймаға өткізілгеннен кейін ыдыстарға салынатын болса, онла ол шығындар сату шығындарына қосылады. Егер заттар қоймаға өткізілмей тұрып ыдыстарға салынатын болса, онда ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына қосылады. Әдетте шығынның басты бөлігін келісім шартта көрсетілген тасымалдау шығындарына алады.
Жүкті жеткізудің төмендегідей кезеңінен таралған:
Франко-қойма жеткізуші ұйым жүкті жөнелтуге кеткен шығынның барлығын төлем талабына қосады.
Франко-станция – жүк жеткізуші счетқа жүк төлейтін стансаға дейінгі тасымалдау құнын және вагондарға тиеу және түсіру құнын қосады.
Франко-вагон жеткізуші стансасы жүк жеткізуші счетқа тиеу щығындарын және теміржол тарифтерінің сомасын жеткізілетін стансаға қосады.
Франко-қойма сатып алушы жүк жеткізуші аталған шығындардан басқа, сатып алушының стансасындағы оның қоймасындағы тиеу, түсіру жұмыстарын, оның қоймасына дейін жеткізу шығындарын өзі төлейді. Шоттардың үлгілік жоспары бойынша, ондай шығындар 7110 шоттар топтамасында көрсетіледі.
Есепті калькуляция жасалған кезде шығарылған өнімнің толық өзіндік құны анықталады, сондықтан сату шығындары өнімдердің түрлері бойынша есепке алынып, тікелей бөлінеді. Егер аталған шығынды бір дана өнімге тікелей есептеп шығару мүмкіндігі болмаса, оларды салмағына, көлеміне немесе жіберілген өнімнің өндірістік өзіндік құны пропорционалды түрде бөлінеді.
