Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы есеп лекция 22.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
828.42 Кб
Скачать

«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі

Қазіргі кезде бәсекелестік күрестің сипаты, әсіресе, халықаралық нарықта, жаңа бағдардың негізінде көріне бастады. Осы бәсекелестіктің негізгі факторы – технологияның даму деңгейіне байланысты. Сонымен бірге, тауарлардың қозғалысында, капиталдар мен қызмет көрсетулерде, сондай-ақ ақпараттар алмасуда кездесетін бөгеттер біртіндеп жойылуда. Бәсекелестік бүгінгі таңда әлемдік сипатқа ие болып отыр. Осы орайда шаруашылық серіктестіктері бірінші кезекте өзінің өнімінің бағасына басты назар аудару керек.

Осындай біршама күрделі деп санауға болатын нарықтық процесте жөнелген тауар өндірушілер үшін дұрыс бағыт табу оңайға түспейді, сонымен бірге өнімді өндіру мен сату көлемінің өзгерісі бір жағынан олардың жалпы көлемінде тұрақты шығынның да өсу үлесі, екінші жағынан әсерін тигізеді, яғни осының бәрі жиналып, өнімнің өзіндік құнының әр қилы болуына ықпал етеді, демек, бұның әсері табыста да байқалады. Осы тенденцияның біртіндеп күшеэіне байланысты жанама шығындарды тарату нәтижесінде бұрмаланбайтын және кез келген өндіріс көлемі кезінде шығарылған өнім бірлігінде өзгермейтін, бұйымды және оларды сатумен байланысты шығындары туралы ақпаратқа тауар өндірушілердің қажеттілігі артып отыр.

«Директ-костинг» жүйесі – бұл орыс тілінен аударғанда «Пропорционалды өзіндік құн» дегенді білдіреді.

«Директ-костинг» жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығындардың өзгермейтін шамасын қарастырады, сондықтан басқарушылық есептің негізгі назары тұрақты шығындарға бөлінеді.

Соңғы жылдары индустриалды дамыған елдердің өнеркәсібінде директ-костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүйесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы, өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін шығындар болып келеді.

«Директ-костинг» жүйесінің айрықшалап көрсететін бірнеше ерекшеліктері бар:

  1. Өндірістік шығындарды өзгермеліге және тұрақтыға бөледі.

  2. Шектеулі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайды.

  3. Есеп беруді жасау көп сатылы болады.

Есеп процесі екі кезеңде болады:

Өзіндік құнның 1-ші есеп айырысуы:

- сатудан түскен табыс -ХХХ;

- өзгермелі шығын -ХХХ;

- маржиналданған табыс -ХХХ.

Нәтижедегі 2-ші есеп айырысу:

· тұрақты шығын –Х;

· өндірістің рентабельдігі, яғни пайдалылығы –Х.

«Дерект-костинг» жүйесінің артықшылығы – баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, доспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

Бұл жүйе өндірісті өткізуге бағдарланған. Өткізу мөлшері неғұрлым мол болса, субъект соғұрлым табыс табады. Дайын өнімдер мен аяталған өндірістер тек өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша бағаланады. Мұндай жүйе кәсіпорынды соңғы мақсатқа – таза табыс алуға қол жеткізу үшін сату мүмкіндіктерін ұлғайту жолдарын қарастыруға итермелейді.

30-шы жылдардың басында көптеген отандық кәсіпорындар өндірілетін бұйымдарға кететін шығындарды тек жұмсалатын материалдар, еңбек ақы төлеу және басқа тікелей шығыстар бойынша есепке алынады. Ал үстеме шығыстар сол бұйымдарды өткізуден түскен табыстардың азаюына есептен шығарылады.

Шығындарды өндіріске толық жатқызу жүйесі мен директ-костинг жүйесі арасындағы негізгі айырмашылық мынада: бұл жүйеде өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығыстар бойынша анықталады. Мұндай есептеу жүйесі тұрақты шығындардың осы есептік кезеңде дайын өнім қорымен ара қатынаста болмауына, аяқталмаған өндіріс көлемінде белгіленбеуіне әкеліп соқтырады.

Директ-костинг жүйесін пайдалану белгілі қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы және тұрақты шығысқа дәлме-дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйтіп, шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі есеп жүргізудің бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түсетін жалпы кірісті жылдам анықтап, яғни оны оңай шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны

7010

1320

1

2

Сатып алушылар кейін қайтарылған дайын өнімнің өзіндік құнын сторналау

1320

7010

1

3

Сатылған тауарлардың өзіндік құны

7010

1330

1

4

Сатып алушылар кейін қайтарылған тауарлардың өзіндік құнын сторналау

1330

7010

1

5

Көмекші өндірістің сатылған өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құны

7010

8310

1

6

Сатылған жартылай фабрикаттардың өзіндік құны

7010

1332

8210

1

7

Есепті кезең соңында сатылған өнімінің өзіндік құны бойынша шығыстар қаржылық қорытындыға жатқызылады.

5610

7010

4

Негізгі және негізгі емес қызметтердің шығыстары мен табыстарының есебі. Кезең шығындарының есебі.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол БЕС №5 стандартына сәйкес есептеледі. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен кейін кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, % - дан және дивиденттерден алынуы мүмкін,

Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан немесе көрсеткен қызметтерден алынады. Олардың сатып алу құны, тараптар арасында жасалған келісімшартта анықталады. Көрсеткен қызметтен және орындалғае жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қарағанда тауарды сатқаннан алынған табыстар ретінде танылады.

1. есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдік пен анықталады.

2. Мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстарды мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстарды үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланады.

Субьект барынша дәлдік деңгейде табыстан анықтай алады, ол мәмілеге қатысушылар мен төлем жағдайы мен тәсіліне күтілетін концепциясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәмілелер бойынша мәмілеге қатысушылар мен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.

Негізгі қызметтен түскен табыстың есебі 6010 синтетикалық және пассивті шотта жүргізеледі. Бұл шотты өнімді жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы ұйымдар пайдаланылады. Есепті кезең бойы 6010 шоттың кредитінде дайын өнімді жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды

7010

1320

1

2

Сатылған дайын өнім үшін сатып алуышыға шот фактура ұсынылды. ҚҚС сомасы мен бірге

1210

6010

3130

3

3

Сатып алушылар ұсынған шот бойынша есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударды

1030

1210

1

4

Жабдықтаушылардан алынған шикізат пен материалдар кірістелді (шот фактура) негізінде. ҚҚС сомасы мен бірге

1310

1420

3310

4

5

ҚҚС сомалары зачетқа жатқызылды

3130

1420

4

6

Жабдықтаушылардың қарыз сомасы төленді

3310

1030

1030

4

7

Бюджетке ҚҚС сомасы аударылды

3130

1030

4

8

Түгендеу негізінде алынған тауарлар кірістелді

1330

6280

3

9

Түгендеу барысында кем шыққан тауар шығын есебіне жатқызылды

7470

1330

1