- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай және газ өндеретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдіс қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты – натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.
Мысалы, көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есетеу мен калькулциялаудың жай әдісі, процесстік немесе қарапайым деп аталады. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда – шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілділігін (іргелішілдігін) дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скаважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмулсациялауға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмасалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар – газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе – тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай – ақ шығындар есебін бөлістік немесе процестік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.
