- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу,өнімдерді,жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады.Есептесу 2 нысанында жүргізіледі:
1.Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен.
2.Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін ҚРның банк мекемелері:
1.ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын.
2.Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды
3.Бюджеттік мекемелерге,олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,қоғамдық ұйымдарға,өндірістік,коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды
4.Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды
5.Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын,жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап,әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды.Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудуң негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының,есеп айырысулардың және несие операцияларының бух-к есебінің міндеттері:
1.Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және қлома-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2.Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
3.Бөлінген лимиттерге,қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау
4.Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.
5.Кассадағы,есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6.Есеп айырысу-төлем тәртібінің сақталуына,материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына,сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
1000- ақша қаражаты
1010-кассадағы ақша қаражаты
1020- жолдағы ақша қаражаты
1030- ағымдық банктік шоттардағы ақша қаражаты
1040-карт шоттардағы ақша қаражаты
1050- жинақ шоттарындағы ақша қаражаты
1060- өзге ақша қаражаты
Экон-қ сипаттама: активтік, негізгі, ақшалай
3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шар-қ субьектілері өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
Шот ашуға арналған өтініш
Қойылатын қол мен мөртаңба белгісінің үлігісі бар карточка
Субьектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
Жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субьектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегіне осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
2. Әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда чек кітапшасы рәсімделеді.
3. Басқа субьектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
4. Субьект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болған жағдайда төлем тапсырмасы жазылады.
5. Шаруашылық істері жөніндегі алқанын (комиссия) бұйрығы сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан құжаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:
А) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына (дербес бланстың бар болуы және т.б) әкеп соқтырған субьект қызметі сипатының өзгерісі кезінде
Ә) субьектіні құрған органның шешімі бойынша
Б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ суббектіңн атауы өзгерген жағдайд шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы құжаттардың қалдығын растауға міндетті.
Есеп айырысу операцияларының есебі
ҚР-а қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем-тапсырмасы, чек, аккредитив, төлем-талап тапсырмасы, вексель, инкассалық өкім.
Төлем-тапсырмасымен есеп айырысу дегеніміз ақша берушінің тапсырмада көрсетілген соманы бейнефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және ТМҚ өтеу үшін есеп айырысу кезінде осы төлем тапсырмаларын пайдаланады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот фактуралаоры және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарымен бірге тапсырылады.
Төлем тапсырмасы төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ұсынылады. Ол 2 данада жасалаы., біреуі банкте қалдырылады, екіншісіне қол қойылып, штамп басылып иесіне қайтарылады.
Бейнефециар – аудару жасалған кезде ақша қаражатты алушы .
Төлем тапсырмалары:
1. Мерзімді
2. Мерзімінен бұрын (алдын-ала төлем)
3. Кейінге қалдырылыған болып келеді.
Чектермен есеп айырысу . Чек берудің төлемдерді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады.
Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белігілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.
Чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш беріледі.
Лимиттелген чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы қаражатты депонеттеуге болады.
Төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу. Мұндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап-тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағанан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарылады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомаларды бух-к жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі.
Аккредитив. – келісім бойынша контрагенттің (өзара уағдаласушы) пайдасына жасалған клиенттің тапсырмасы бойынша банкіде берілген шартты ақшалай міндет.
Есеп айырысудың мұндай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты ашу үшін төлем жасауға арналған аккредитивқоюды тапсырады. Белгілі бір жеткізушілерге:
1. Жабық (депонеттелген) немесе жабылмаған (кепілденген)
2. Шақырылып алынатын және шақырылып алынабай аккредитивтер ашылуы мүмкін
Аккредитив алу үшін төлеуші өзінің банкіне шарттары көрсетілген өтініш береді. Оны орындаған кезде жөнелтілген тауарлар немесе орындалған қызметтер үшін жеткізушінің есептік құжаттары төленуі мүмкін. Аккреидтив мерзімін сатып алушы 25 күн шамасында белгілейді. Қажет болған кейбір жағдайларда жеткізудің шарты бойынша жеткізушінің банкіндегі аккридитивтің әрекет мерзімі алушының банкінің рұқсатымен 45 күнге дейін ұзартылып белгіленуі мүмкін. Мерзімді әдетте, жеткізушімен төлеуші белгілейді. Аккредитив мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасауға рұқсат етілмейді.
Вексель- бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі. Вексельдің 2 түрі бар:
Жай вексель- оны борышқор жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе пайыз төлеу жөніндегі міндетте бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолары көрсетіледі.
Аудармалы вексель-бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген мерзімде ұстанушыға немесе үшінші тұлғаға төлеу жөнінде кредитордың борышкерге берген бұйрығы.
Инкассалық тапсырмалармен есеп айырысу.
Бұл нысан кәсіпорынның шотындағы қаражатты оның келісімінсіз есептен шығарған кезде қолданылады:
Бюджетке төлемдер бойынша қарызды айыппұлдарды өнідіріп алған кезде және өндіріп алушының өкімі бойынша қаражатты есептен шығарудың даусыз тәртібі белгіленген өзге жағдайларда
Атқарушы және соған теңдестірілген құжаттар бойынша
Қаражаттарды шоттан даусыз тәртіппен есептен шығару өндіріп алушылап төлем талап-тапсырмасының банкісінде ұсынған өкімнің негізінде жүргізіледі.
№
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
дт |
кт |
тип
|
1 |
Есеп айырысу шотынан алынған ақша кассаға кірістелді |
1010 |
1030 |
1 |
2 |
Сатып алушылардан есеп айырысу шотына қарыз сомасы келіп түсті |
1030 |
1210 |
1 |
3 |
Ағымдағы банктік шотқа айыппұл келіп түсті:
|
1030 |
6280
|
|
4 |
Ағымдағы жал бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жал төлемдері аударылды: |
3360
|
1030
|
4 |
5 |
Акциялар бойынша дивиденттер есеп айырысу шотына келіп тусті: |
1030
|
6120 |
|
6 |
Акционерлерден сатып алынган меншікті акиия үшін қаржы аударыдды: |
5210 |
1030
|
4 |
7 |
Дайын өнімді жеткізгені үшін есеп айырысу шотына алдын ала алынған аванстық төлем келіп түсті: |
1030
|
3510 |
3 |
8 |
Есеп айырысу шотына кассадан инкассаторға берілген ақша келіп түсті: |
1030
|
1020 |
1 |
|
4 тақырып Касса операцияларының есебі. . Қолма-қол ақшаларды қабылдау,сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субьектісінде касса болады.Касса-бұл қолма-қол ақщалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға,беруге және уақытша сақтауға арналған,арнайы жабдықталған ,оқшауланған үй-жай. ҚР-ң Ұлттық Банкі басқармасының 1993 жыдғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады.Ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шықаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібен таныстыруға, міндетті және толық жауапкершілік жайлы шарт жасайды. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкімімен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасаған бухгалтер кассалық операцияларды орындайды. Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі және бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассага қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып тиісті түрде рәсімделген құжаттар ( төлем ведомосы, қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында №3 КО нысанында тіркеледі. Операциялар жасалғаннна кейін, ордерлерге кассип қол қойылады, ал бұған қоса берілген құжаттар мөртаңба қоюмен немесе күні көрсетілген «төленді» жазумен өтеледі. Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байлаған нөмірленген және мөрленген болуы тиіс. Ондағы парақтардың саны басшымен бас юухгалтердің қолдарымен расталған болуы тиіс. Жұмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, касса да келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы жазулар көшіру қағазы арқылы 2 данада жызылады.
|
|
||||
|---|---|---|---|---|---|---|
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
||
1 |
Есеп айырысу шотынан алынған ақша кассаға кірістелді |
1010 |
1030 |
1 |
||
2 |
Кассадан қызметкерлерге іссампар шығыны берілді |
1250 |
1010 |
1 |
||
3 |
Қызмткер жұмсалмаған ақшасын кассаға қайтарды |
1010 |
1250 |
1 |
||
4 |
Кәсіпорын қызметкерлеріне кассадан жалақы берілді |
3350 |
1010 |
4 |
||
5 |
Қолма-қол ақшаға тауарлар сатып алынды |
1330 |
1010 |
1 |
||
6 |
Қолма-қол ақшалар құрылтайшылардан келіп түсті |
1010 |
5110 |
4 |
||
7 |
Кассаға сатып алушыдан ақша келіп түсті |
1010 |
1210 |
1 |
||
8 |
Алуға арналған қысқы мерзімді сыйақылар қаржысы кассаға қабылданды: |
1010
|
1270 |
1 |
||
9 |
Жанар-жағар май үшін сатып алушылардан алынғвн қысқа мерзімді аванс кассаға алынды: |
1010 |
3510 |
1 |
||
Ақшалай баламалардың есебі, банктік овердрафт, овернайд
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарықтарының үлкен қиыншылықтарына байланысты күнен күнге маңызды болып келеді. Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субьект жаңа енгізулермен одан әрі дамуы үшін қаражаттың барлық жағдайда болуды талап етеді. Ақшалай қаражат пен оның баламаларын дұрыс ашып көрсеу және сыныптау капиталының өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай баламалар ақшалай қаражатқа ұқса бірақ басқаша сыныпталады. Оларға: қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Қазыналық вексельдер- үкіметтің айналымға шыққан кезінен бастағанда кемінде бір жылдан соң өтелетін мерзімі бар пайыссыз міндеттемеле. Олар жеңілдікпен сатылады және мерзімінде өтеледі. Өтеу құны шығарылатын құны арасындағы айырмашылық сатып алушының пайыздық табысы болып саналады.
Коммерциялық қағаздар- қысқа мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпарациялар шығарады.
Депозиттік сертификаттар немесе банктік депозиттер тез талап етуге болмайтын депозиттер. Олар өтелмейді және алу жолымен санкцияға ұшырайды.
Ақшалай қардат ағыны- ақшалай қаражат пен олардың баламалары ағымыны келуі мен кетуі.
Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын овердрафтқа сүйенеді. ҚЕХС айқындауына сәйкес банк офердрафты – төлем атқаруға пайда болған дебеттік сальдодан асатын (оң) және қысқа мерзімдік міндеттеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы кредиттік қалдық (теріс).
Овердравт егер банк төлеген клиент шотындағы қалдықтан асқан жағдайда орын алады.
Банктік овернайд – субьектіні 1 күнге, бір түнге қысқа мерзімдік кредиттеу.
