
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •2 Тақырып. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері.
- •3 Тақырып .Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6 Тақырып . Инввестиция есебі (қаржылық салымдар). Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
- •7 Тақырып. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі.
- •8 Тақырып Несиелер мен займдар есебі.
- •9 Тақырып. Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі.
- •10 Тақырып. Негізгі құралдар қозғалысының есебі(келіп түсуі, есептен шығарылуы ).
- •11 Тақырып. Нқ-ң амортизациясы мен тозуын есепке алу.
- •12 Тақырып. Нқ-ы жөндеудің және жаңғыртудын есебі.
- •13 Тақырып. Нқ-ң ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі
- •14 Тақырып. Материалдық емес активтердің жіктелуі, бағалануы мен түрлері.
- •15 Тақырып. Меа –ның келіп түсуі мен есептен шығалылуы.
- •19 Тақырып. Материалдың өндірістегі жұмсалуын бақылау жасау әдістері.
- •20 Тақырып. Материалдық құндылықтарды сатып алу есебі, жектізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу.
- •21 Тақырып.Материалдардың қозғалысын есепке алу туралы құжаттама.
- •22 Тақырып. Материалдық құндылықтарды түгендеу.
- •24 Тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
- •25 Тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
- •26 Тақырып. Кесімді еңбекақы мынадай жалақы жүйесіне бөлінеді:
- •27 Тақырып. Жалақыдан ұстап қалу және шегеру есебі.
- •28 Тақырып. Еңбекақы төлеу тәртібі.
- •30 Тақырып. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары.
- •31 Тақырып. Өндіріс түрлері мен өндірістік шығындар есебі.
- •32 Тақырып. Негізгі өндіріс шығындарының есебі.
- •33 Тақырып. Көмекші өндіріс шығындарының есебі.
- •34 Тақырып. Жүкқұжат шығындардың есебі
- •35 Тақырып. Калькуляциялау ұғымы және оның маңызы.
- •36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •37 Тақырып. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау.
- •38 Тақырып. Дайын өнім қозғалысын жөнелту мен сатуды құжаттау.
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •40 Тақырып. Дайын өнімді сату шығындарының есебі.
- •41 Тақырып. Ддайын өнімді түгендеу және оның нәтижесін есепте көрсету.
- •42 Тақырып. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі.
- •43 Тақырып. Меншікті капитал есебі.
- •44 Тақырып. Төленбеген капитал есебі. .
- •45 Тақырып. Резервтік капитал есебі
- •46 Тақырып. Нарықтық экономика қатынастарындағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары, құжатты рәсімделуі..
- •47 Тақырып. Экспорт және импорт операцияларының есебі.
- •48 Тақырып. Толлингтік операциялар есебі.
- •49 Тақырып. Есеп саясатының ұғымы және құрылуы.
- •50 Тақырып. Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау.
- •51 Тақырып. Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы.
- •52 Тақырып. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
- •53 Тақырып. Бухгалтерлік балансты құру бойынша дайындық жұмыстарды жүргізу (түгендеу).
- •54 Тақырып. Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есепті міндеттері.
- •55 Тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.
- •56 Тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.
- •57 Тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •58 Тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.
- •59 Тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.
- •60 Тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.
- •61 Тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.
- •62 Тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •63 Тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •64 Тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.
- •65 Тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.
- •66 Тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.
36 Тақырып. Өндіріс шығындары мен өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері (нормативтік, тапсырыстық, процестік, қарапайым).
Шығындар есебінің нормативтік әдісі.
Нормативтік әдіс – өндіріс шығындарының деңгейіне күнделікті бақылау жасауға мүмкіндік беретін, ұйымның ресурстарының тиімсіз шығындарын ескеріп, шаралар қолданылатын есептің үдемелі әдісі болып табылады.
Нормативтік әдіс мыналарды қарастырады:
Қазіргі үдемелі норма мен нормативтер жүйесін және оның негізінде нормативтік өзіндік құн калькуляциясын құру;
Есепті кезең ішіндегі нақты шығындарды норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлу есебі;
Нормативтік өзіндік құнды түзету үшін әрекеттегі норманың өзгеріс есебін есепті кезең ішінде жүргізу және осы өзгерістердің өзіндік құнға әсерін, сонымен бірге өзгеріс себептерін анықтау;
Шығын түрлері және олардың пайда болу орындары бойынша нормадан ауытқу себептерін анықтау және талдау;
Өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын есепті кезеңнің басындағы нормативтік өзіндік құнды, нормадан ауытқуды (қайта есептеу шығындары қосылған, экономия алынған) және есепті кезең ішіндегі норманың өзгерістерін қосу жолымен есептеу.
Нормативтік әдіс – бұл есептің және өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік ұүнын калькуляциялау әдісі ғана емес, сонымен бірге өзіндік құнды құрудағы басқару жүйесінің негізгі бөлігі. Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен және ірі сериялы өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталарын жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардың негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары жасалады. Оларды жасау кезінде қолданыста жүрген өндірістік технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі.
Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процестерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін реттеу арқылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылау - өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, матеиардарды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша (егер энергия және басқа да шығындар тікелей жолмен өнімге жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдың, электр энергиясының тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор.
Нормативтік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процестің, сондай-ақ материалдық, еңбек және басқа да шығындардың прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялау технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөнінднгі ұйымдық – техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындардың нормасынан материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өндіріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмылдырады.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді